«Қазақ киносының анасы»

06.03.2019 ж.

Ғ. Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Қазақстанның Халық артисі, өнер майталманы,  сахна және кино өнерінің даңқты шебері Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ киносының анасы» атты кітап көрмесі  бойынша  ақпараттық сағаты ұйымдастырылды.  Асқан  шеберлігі мен таланты арқылы көпшіліктің ықыласын ерекше аударған , 150-ден астам кейіпкерді жарыққа шығарған Ә. Өмірзақованың өнері туралы әдебиеттерді оқырман қауымға  насихаттау мақсатында жасақталған кітап көрмесіне «Қазақ мәдениеті» энциклопедиялық анықтамалығы, «Әмина Өмірзақова» Фотоальбомы, С. Әбдікәрімовтың «Әмина Өмірзақова» Ғұмырнамалық деректі хикаяты, Ә. Сығайдың «Сахна әлемі» т.б. әдебиеттер қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды.

Мақсаты: Әмина Өмірзақованың өнері туралы әдебиеттерді оқырман қауымға  насихаттай отырып, өнер туралы әдебиеттерді танымалдандыру.