Облыстағы 155 кітапхананың жұмысын үйлестіріп, бағыт-бағдар беріп отыратын бөлім. Облыс кітапханаларының сандық және жазбаша есептері осында қабылданады, талдау жасалады. ҚР Ұлттық және ҚР Ұлттық Академиялық және басқа облыстық кітапханалардан түскен қызметтік хаттар, түрлі семинарларға шақыртулар, сайыстарға қатысу жөніндегі хабарламалар осы бөлім арқылы аудандық, ауылдық кітапханаларға жеткізіледі. Кәсіби білім жетілдіру курстары, жас кітапханашыларға арналған кітапханалық сабақтарды бөлім әдіскерлері жүргізеді.

Бөлім жұмысының негізгі бағыттары:

  • облыс кітапханалары жұмыстарын үйлестіру, бағыт беру, мониторингін жүргізу;
  • кітапхана ісі жөніндегі озық тәжірибелерді зерттеу, іс жүзіне енгізу;
  • кітапхана қызметкерлерінің кәсіби-біліктіліктілігін жетілдіру мақсатындағы жұмыстардың жүйесін ұйымдастыру; конференциялар, зерделі кеңестер, тренингтер өткізу;
  • кітапханалық қызметті жарнамалау, кітапхана жұмыс процестерін автоматтандыруды ұйымдастыру.
  • кітапхана қызметін жоспарлау, талдау, болжау;
  • облыста кітапхана ісін дамыту;
  • кітапхана қызметі түрлері туралы әдістемелік құжаттар даярлау

Бөлім меңгерушісі:      Сисеналиева Майра Насиқызы

Тел.: 209-291

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.             

image002