Автоматтандыру бөлімі қызметінің ең маңызды бағыттары:

  1. Ақпараттық қызмет көрсету мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу;
  2. Интернет және электронды поштаға кіруді ұйымдастыру.
  3. Облыс кітапханаларының қолданыстағы жинақты электронды каталогін құру және дамыту.
  4. Облыс кітапханашыларын жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруге үйрету.
  5. WEB-RABIS бағдарламасын іске қосуды техникалық қамтамасыз ету.
  6. Жыл бойы өтетін мәдени шараларға, мерейтой иелеріне слайд даярлау.
  7. Өз мультимедиялық өнімдерін жасау; кітапхана сайтын толықтыру ().
  8. Құжаттарды электронды жеткізу.
  9. Кітапхана қорындағы өлкетану бойынша басылымдарды электронды каталогтағы «Жинақтақ каталог» мәліметтер базасына енгізу, толық мәтінін жасау және толықтыру; мәліметтер базасының сақталуын қамтамасыз ету;
  10. 2009-2012 жылдарға арналған ҚР Адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары бойынша Атырау облыстық мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалаларын «Адам құқықтары (заң)» және «Права человека (закон)» мәліметтер базасына енгізу және толық мәтінін жасау
  11. Серверлер, локалды жүйе және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету.
  12. Компьютерлік техникаларды пайдалану ережелерін ұстану;
  13. Кітапхана пайдаланушыларына ақпарат технологиялар негізінде қызмет көрсетуін жетілдіру: кітапхананың интернет орталығы жұмыс жасайды, тұтынушыларға Интернет желісінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
  14. Компьютерлерді жетілдіру: Физикалық және моральдық тозығы жеткен компьютер жабдықтарын алмастыру; Қолданыстағыларын жөндеу; Қазіргі заманғы программалар жасақтамаларын орнату;

Бөлім міндеттері:

Бөлім меңгерушісі:    Масаева Айнұр Саматқызы

Ainur1