Бөлім қызметкерлері оқырмандарға ақпараттық және анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетеді. Оқырман әр кезде әдебиеттерді тақрыптық іріктеуде көмек және оған қажетті тақырып бойынша кітап қорында қандай әдебиет бар екендігі туралы нақты жауап ала алады. Сонымен қатар бөлім, әр түрлі мерекелер мен айтулы даталарға арналған библиографиялық көрсеткіштер, ақпараттық парақшалар, дайджестер, жадынамалар,тұақты  жыл сайын  «Қазақстанда, облысымызда аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі»  құрастырылады. «Жаңа кітаптар», «Жаңа түскен авторефераттар», «Электронды басылымдар» бюлетенін ай сайын шығарады. Бөлім 2 тілдегі мақалалардың жүйелі картотекасын, өлкетану картотекасын (электронды түрде), интернет ресурстарын пайдалана отырып, түрлі және тақырыптары бойынша әртүрлі библиографиялық анықтама орындайды. Облыс кітапханаларына, қала ОКЖ-на, филиалдарына ақпараттық және анықтамалық библиографиялық қызметті ұйымдастыруда жүйелі түрде әдістемелік көмек көрсетеді. Тұрақты ұйымдастырылатын ашық кітап көрмелері, кітап қорының ең үздік даналарымен, жаңа мерзімді басылымдармен танысуға көмектеседі. Бұл көрмелер облыстық теледидар арқылы жұртшылыққа таныстырылады. Бөлімдегі ресурстарды пайдалана отырып, мамандардың кәсіби білімін көтеруге, тереңдетуге көмектеседі.

Қызмет түрлері:

·         «Параграф» құқықтық анықтамалық жүйе;

·         Web-РАБИС бағдарламасы: іздеу технологиясы;

·         «Атырау» атты мерзімдік басылымдар дерекқорларының толық мәтіні;

·         Интернет желісі бойынша қызмет көрсету;

·         Курс, диплом жұмыстары, диссертацияларға тақырыптық іріктеулер және библиографиялық тізімдер;

·         Сұраныс бойынша тақырыптық тізімдер құрастыру;

·         «Авторефераттар» картотекасы (әр ғылым салалары бойынша диссертациялардың авторефераттары 2 тілде) (электронды каталог);

·         Өлкетану саласы бойынша ақпараттық-библиографиялық қызмет;

·         Ақпарат, мамандар күні;

·         Жаңа түскен әдебиеттердің ашық қарауын ұйымдастыру;

·         Пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін көтеру (тренингтер);

Бөлім меңгерушісі: Мұқашева Алтын Сағымбайқызы

Тел.: 209-296

e-mail:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.    

image003