Проекты

«Атырау оқитын қала» жастардың танымдық әрекетін жандандыру, кітап оқуға деген құлшынысын арттыруға жағдай жасауға негізделген жоба;

«Бәріміз бірге оқимыз» жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рақымжан Отарбаевтың шығармашылығын насихаттауға бағытталған жоба;

«Жұлдызды шығармалар»жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қажығали Мұханбетқалиұлының 75 жасқа толуына орай шығармаларын оқырмандар арасында насихаттауға бағытталған жылдық оқу акциясы;

«Отбасымен бірге оқимыз»-отбасының бір мүшесі арқылы басқа да мүшелерін кітапханаға тарту мақсатын көздейтін жоба;

«Таңдау»-жастардың белгілі бір кәсіпке қызығушылығы мен бейімділігін тудыруға, мамандық таңдауына бағыт беруге негізделген жоба;

«Салауатты болашақ»-кітап қорындағы денсаулық, медицина саласының әдебиеттерін насихаттау арқылы жастар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұсынуына бағыттауға негізделген жоба;

«Фариза жұлдыздары» кітапхана оқырмандары арасындағы поэзияны сүйіп оқитын, ақындық талабы бар жастардың басын қосатын, тәрбиелейтін рухани орта құру мақсатындағы жас ақындардың әдеби клубы.