Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі. Бұл Қазақ халқының ең сүйікті және ауқымды мерекелерінің бірі. Аталмыш мереке халқымыздың мәдениеті мен ізгі дәстүрлерінің ұлылығын айшықтайды. Бұл табиғат қана емес, адамзаттың өзі де сергіп, жаңаратын тамаша уақыт.
Мереке қарсаңында руханият ордасында «Қош келдің, Наурыз – көктем» атты ақпаратты сазды сағат өтті.
Шара барысында қазақ ұлтына тән салт-дәстүрлердің ішінде көнеден келе жатқан жоралғылардың бірі – бесікке салу дәстүрінен оқырманымыз Басығариева Тойған апай көрініс көрсетсе, қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі – қолөнерінен кітапхана оқырманы Хабирова Аққал мәлімет беріп, жас оқырмандарға әшекей, өңіржиек, алқа, сырға жасаудан шеберлік сағатын өткізді.
Сонымен қатар кітапханашы Бике Карипқызы Наурыз мерекесіне арналған дәстүрлі кітап көрмесін таныстырса, ҚР Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінің сарбаздары күй тартты. Қ.Қайсенов атындағы №33 орта мектеп оқушылары мен Ә.Кекілбаев атындағы №41 орта мектеп-гимназиясының оқушылары өлең жолдарын оқып, «Бейбітшілік», «Ерке сылқым» күйлерін күмбірлете тартып, «Наурыз» әнін шырқады. Оқушылар қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату» және «Білек күші» ойындарын ойнады.
Шарада шашу шашылып, оқырмандарға қазақтың ұлттық тағамдары да ұсынылды.
https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/2075487766166101/