«Қазақ поэзиясының қара нары» поэзия сағаты
05.05.2026

«Қазақ поэзиясының қара нары» поэзия сағаты

5 мамыр кітапханада қазақ ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бірінші дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері Шөмішбай Сариев Нағашыбайұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Қазақ поэзиясының қара нары» атты поэзия сағаты өтті.
Іс-шараға Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледж мұғалімі Қайырова Шынаргүл Сальдуовна мен студенттері қатысты.
Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріліп, кітап көрмесі таныстырылды. Сондай-ақ кітапхана әдіскері Әсел Құрманғазықызы ақын өлеңдерін жан-жақты талдап, поэзиялық туындылардың жазылу ерекшеліктерін түсіндірді. Шара соңы ақынның «Атамекен-ай» атты әсем әнімен аяқталды.

Scroll to Top