«Құмда жанған шырақ» атты кітабының тұсаукесері өтті
04.05.2026

«Құмда жанған шырақ» атты кітабының тұсаукесері өтті

Ғ. Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Ақпарат саласының үздігі, документалист, өлке тарихын зерттеуші, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы, бүгінде облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиев Төлеуішұлының діни ағартушы, әулие Сұлтануәйіс Ыбырайымұлының өмірі мен қайраткерлік қызметіне арналған «Құмда жанған шырақ» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға өлкемізге белгілі ақын-жазушылар, тарихшылар, қоғам қайраткерлері, журналистер және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Кітаптың тұсауын кесу рәсімі Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтешов Мұрат Сақтайұлы мен Тарих ғылымдарының кандидаты қауымдастырылған профессор Қуаныш Серік Орынғалиұлына ұсынылды.

Оқырман назарына ұсынылып отырған «Құмда жанған шырақ» атты кітапта Атырау облысы аумағына есімі кең танымал діни ағартушы, Махамбет Өтемісұлының бауыры Ыбырайымның ұлы Сұлтануәйіс әулиенің өмірі мен қайраткерлік қызметі туралы толыққанды жинақталған туынды. Бұдан басқа еңбекте Тайсойған ауылдық округінің тарихы жөніндегі архивтік мәліметтер де барынша терең зерделенген. Көптен бері талас туғызып жүрген Құлмәлі баба мен Махамбет Өтемісұлының туған жеріне қатысты түрлі мағұматтар ғалымдардың зерттеулеріне сілтеме жасай отырып, егжей-тегжейлі баяндалған.

Іс-шарада сөз алған Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтешов Мұрат Сақтайұлы, Қазақстанның Құрметті жазушысы, публицист, өлкетанушы, «Құрмет» орденінің иегері, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Жаңабайұлы Төлеген, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Серік Орынғалиұлы, профессор, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Нағымов Шахман, ардагер мұнайшы, қазақ журналистикасының қайраткері, Қазақстан Республикасының жазушылар одағының мүшесі Бектенов Мұрат Бектенұлы, Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Есенғалиев Жарас Мағазұлы жаңа кітап туралы ойларын ортаға салды.

Scroll to Top