«Кітап.Ел.Рух.»

03.05.2022 ж.

«Кітап.Ел.Рух.» 

           

Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап.Ел.Рух» тақырыбымен әдеби айлық аясында Атырау облысы бойынша, ҚАЖ департаменті УГ-157/11 мекемесімен бірлескен іс-шара өткізді. Мекеменің инспектор-психологі Ахметова Асель Канашевна мен Рахишева Орынай Жумабаевна шараның өз деңгейінде өтуіне кітапхана қызметкерлеріне көмек көрсетті. Кітапханашы Нсанбекова Бике Карипқызы Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні жайында, кітап оқу дәстүрі туралы айта келіп, «Бір өлке-бір жазушы» акциясы бойынша ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі М.Сатыбалдиевтің шығармаларымен таныстырды.

            «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша қоғам қайраткері, ұлт ұстазы А.Байтұрсынов туралы ақпаратты кітапханашы Байешева Ғалия Сәлімжанқызы таныстырды.

            Шараға қатысушылар М.Сатыбалдиевтің «Атырау әуені», «Шағала» А.Бақтыгерееваның «Қуандым»,  М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» жинағынан «Поэзия» өлеңдерін нақышына келтіріп оқып берді. Сонымен қатар мақал-мәтел айтудан ойын өткізіліп, әдеби айлық барысында өткен іс-шаралардан түсірілген бейне таспалардан үзінді көрсетілді.

            Шара соңында Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының басшысы С.Измұханбетованың ұйғарымымен қазақ тілінде әдебиеттер мен журналдар, орыс тілінде Л.Н.Толстойдың, И.С.Тургеневтің, М.Ю.Лермонтовтың коп томдық шығармалары сыйға берілді.

            Шараның мақсаты: Кітапханада өтіп жатырған әдеби айлық кезіндегі шаралармен таныстыра отырып, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0MLnD9eL9ZWCXoJYUkkoHLSeeCYY6Xuoc3SECyaFNvWytqLLgd2sVrENxM4AMX8ykl&id=1699390660302451