Қазақ руханиятындағы ұлы тұлға
27.05.2022 ж.
Қазақ руханиятындағы ұлы тұлға
Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театрында композитор, жазушы, публицист, музыкатанушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Халықаралық «Жамбыл» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Илья Жақановтың шығармашылық кеші өтті. Шара аясында Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы «Қазақ руханиятындағы ұлы тұлға» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрмесінде кеш қонақтарының назарына жазушының қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Жүрек пернесі», «Аққу әні», «Ықылас», «Селбай әулеті», «Сырлы жүрек пернесі», «Бір кезде Ақан едім аспандағы», қазақ мәдениетінің қайраткерлері туралы деректі жинақтары «Бірінші концерт», «Екі жирен», «Махаббат вальсі», «Аққулар қонған айдын көл», «Карабура», сонымен қатар «Возвращенная песня», «Прощай, вальс» повестері, «Первый концерт» новелла жинағы ұсынылды. Илья Жақанов 200-ге жуық әннің, оның ішінде «Әселім әнім», «Еділ мен Жайық» және т.б музыкалық шығармалардың авторы.
Мақсаты: Қазақ мәдениетінің дамуында сан қырлы шығармашылығы ерекше орын алатын жазушы, композитор, өнертанушы Илья Жақановтың өмірі мен шығармашылығына оқырман қызығушылығын ояту.