«Жоғары өкілдіктің халықаралық дәрежесі»

30.06.2022 ж.

«Жоғары өкілдіктің халықаралық дәрежесі»

   

 

Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Дипломатиялық қызмет күніне орай  «Жоғары өкілдіктің халықаралық дәрежесі»атты  сұрақ-жауап көрмесі  ұйымдастырылды. Кітапханашы Айман Ізденқызының жетекшілігімен сұрақ-жауап көрмесіне Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау университетінің көптілді білім беру факультеті қазақ  тілі мен әдебиеті кафедрасы филология: қазақ филологиясы 1 курс студенттері іс-тәжірибеден өту барысында  сұрақ-жауап көрмесін ұйымдастыруға атсалысты. Шара барысында дипломатия туралы теледидардан бейнеслайд көрсетіліп, дипломатия күнінің шығу тарихы туралы қысқаша мәлімет берілді. Студенттер Ш. Махсотова, Ә. Шаймұратова, Н. Кушенова, С. Сәрсенғалиев сауалдарға белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Мақсаты: Оқырмандарды көпжақты дипломатияның функцияларымен, нысандарымен таныстыру. Үлесі бүкіл әлемдік қоғамдастықтың болашағын айқындайтын мемлекеттердің сыртқы саяси қатынастары саласындағы дипломаттар қызметінің жетекші рөлін көрсету.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02A1tHtxjiDhNQ2d37AUbvqpLhEFZxXpPykKKTFPHjkiNZ62DxPnsK3VgFVzeoDYdvl&id=1699390660302451&m_entstream_source=timeline