«Құқықтық сауаттылық - заман талабы»

19.09.2022

«Құқықтық сауаттылық - заман талабы»

 

      Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында құқықтық әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман назарына құқықтық сауаттылық туралы сұрақ-жауап сағаты жүргізілді.

Кітап көрмесінде ҚР заңнамасындағы соңғы өзгерістер туралы баспасөз бетіне жарияланған материалдармен бірге құқық пен мемлекеттің жалпы мәселелеріне, сондай-ақ қазақстандық құқықтың негізгі салаларына арналған материалдар атап айтсақ (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбек, неке-отбасы, қылмыстық құқық) туралы кітаптар таныстырылды.

Әрбір адамның және бүкіл қоғамның басты міндеттерінің бірі - заңдарды сақтау, заңдардың талаптарын түсіну, оларды міндетті түрде орындау болғандықтан өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын анықтау үшін жастар арасында викториналық сұрақ-жауап өткізілді.

Викторинаға Х.Досмұхамедов атындағы МБА заң факультетінің 2-курс студенттері мен Ұлттық гимназия мектебінің 11-сынып оқушылары белсене қатысты, күнделікті өмірде жиі кездесетін ең қызықты құқықтық мәселелер талқыланды.

Студенттер мен оқушылар сауаттылық танытып, көптеген сұрақтарға толық жауап берді. Кейбiр қатысушылар өздерiн қызықтырған сұрақтарға жауап тауып, өздерiнiң заңды құқықтары мен мүдделерiн қалай қорғауды, сонымен бiрге заңға немқұрайлы қарамауды, заң бұзушылықтарға қарсы шығуды бiлдi.

Мақсаты: Заң әдебиетін, құқықты насихаттау. Құқықтық сауаттылықты, құқықтық сананы және құқықтық мәдениетті арттыру. Өскелең ұрпақтың құқықтары мен міндеттерінің бірлігін түсінуін қалыптастыру.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02Czhtqf4pB3pxWHdgCuA9YxKVNMXdqXLxpfGjBzvV4q9PPWhbkcfVPUBgGbG2CBHgl&id=1699390660302451