«Ай мен Айша»

28.09.2022

«Ай мен Айша»

      

 

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы Ш.Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай «Ай мен Айша» кітабынан оқырмандар конференциясы өткізілді.

Жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі жасақталып, оқырмандар назарына ұсынылды.

Конференцияға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Университеті Көптілді білім беру факультетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Аяпова Гүлзира Боранбайқызы студенттерімен және кітапхана оқырмандары қатынасты.

Қатысушылар жазушының «Ай мен Айша» кітабын бірнеше тақырыпшаға бөліп баяндама жасап, пікір алмасты.

1. «Жазушы. Журналист. Редактор» тақырыбымен - Болатова Балауса

2. «Азаматты Ана өсіреді» тақырыбымен Мұратова Камилла

3. «Ай мен Айша» туындысы туралы - Ермек Аружан

4. «Романдағы жазушы тұлғасы» туралы – Өмірзақова Назерке және Темірғалиева Назерке ой бөлісті.

Жазушының өмірбаяндық негізде жазылған «Ай мен Айша» романы көркемдік сапасы жоғары, күрделі шындықты көтерген, өзіндік үлкен ойлар түйіндеген шығарма деуге лайық. Кесек оқиғаларды образды түрде бейнелей отырып, олардың әлеуметтік мәнін ашады. Осы тұста қатысушылар шығарма желісіне өзек болған оқиғалар мен кейіпкерлер бейнесін талдап көрсете білді.

Мақсаты: Қазақ әдебиетінің қабырғалы қаламгері Шерхан Мұртазаның шығармаларын оқырмандарға кеңінен насихаттау.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02XwaTBfa1b7wCa6Ks1R1YjWE1yGXUyMA8uGxxeSQM9dejSVMYttaSsuzEz2zJggUxl&id=100067668725855