«Ғасырдың ғаламат ақыны»

28.09.22

«Ғасырдың ғаламат ақыны»

   

Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық Академиялық драма театрында Атырау облысы әкімдігі мен Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына арналған «Ғасырдың ғаламат ақыны» тақырыбында әдеби-сазды кешіне осы тақырып аясында Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы кітап көрмесін қатысушылар назарына ұсынды. Кітап көрмесіне жазушы

М. Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған анықтамалықтар, арнаулар, сондай-ақ, кітапхананың кітап қорындағы жазушының әр жылдарда жарық көрген «Сенім патшалығы», «Ғасырларды безбендеу», «Жаңа қазақтар», «Дара талғам қасіреті», «Ғашықтық ғаламаты» және т.б көптеген кітаптары қойылды. Сонымен қатар Мұхтар Шаханов халық арасына кең тараған «Жұбайлар жыры», «Гүл дәурен», «Туған күн кешінде» және т.б. бірнеше әндердің авторы. Сондай-ақ, ақын өлеңдері желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын айқындап берген жалынды поэзия болды. «Түркі тілдес халықтар арасында ең үздік әлем ақыны» атанған рухты ақынның шығармалары өскелең ұрпақты Отандық, Ұлттық, Рухани-патриоттық және шынайы шындық деңгейінде тәрбиелеуге сүбелі үлес қосары сөзсіз.

Шара мақсаты: Қазақтың бүгінгі замандағы айтулы ақыны еліміз үшін көп еңбек сіңірген, ұлттық мәселелерді дер кезінде шешуге ұйытқы болған, қазақ тарихында және әлемдік әдебиетте өз орны бар Мұхтар Шахановтың шығармаларын оқырман қауымға насихаттау болып табылады.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0xqzTdNbPdr4no1FHZ1jySySAtEiWnwUoFayZHXiStAUNfpmeXg5jwmtchNp5uo27l&id=100067668725855