«Мейірімі мөлдіреген сыншыл ақын»

3.10.22

«Мейірімі мөлдіреген сыншыл ақын»

  

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында ақын Меңдекеш Сатыбалдиевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Мейірімі мөлдіреген сыншыл ақын» атты кітап көрмесі бойынша ақпараттық сағат өтті. Меңдекеш Сатыбалдиев  өмірден  жас кетсе де,  әдебиетте халқына рухани азық боларлық мол мұра қалдырған ақын.

Кітап көрмесіне  Меңдекеш Сатыбалдиевтың  әр жылдары «Жазушы» баспасынан шыққан «Ақмоншақ» (1966), «Шулайды толқын» (1968), «Күн шуағы» (1970) атты өлеңдер жинағы, «Жартастағы жазулар»  (1970), «Мөлдір аспан» деген очерктер жинағы, «Қоңыр қозы» (1971) повесі, «Қызғыш құс» таңдамалы шығармалары, «Мен ақ жаңбырмын» кітаптары қойылды. «Жыр маржандары» Қазақ поэзиясының антологиясына (2014) әдебиетке 1960 жылдары келген ақындардың өлеңдерімен бірге Меңдекештің де бірнеше поэзиялары енген. Сонымен қатар кітап көрмесіне М.Сатыбалдиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған жерлес ақындарымыз Нұралы Әжіғалиевтың «Таңдамалы», Өтеген Оралбайұлының «Жылдар мен жолдар», «Өлеңбаян», Берік Қорқытовтың «Атырау арыстары» кітаптарымен қатар  мерзімді басылым беттерінен жарық көрген мақалалары  қойылды.

Кітап көрмесінің мақсаты: ақын М.Сатыбалдиевтың жыр жинақтары мен шығармашылығына арналған әдебиеттерді оқырмандар назарына ұсынып, насихаттау.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=428769162722038&id=100067668725855&eav=AfYHzTs5WdYTl7pvdkFO1FjoXcjA0l6nFt5zvpqvoOJZI9UE44ME3sEk43mQ75i_Ntw&paipv=0#