«Жарқырап жыр төрінен жүруші ең...»

05.10.2022

«Жарқырап жыр төрінен жүруші ең...» 

 

 

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында ақын Есенғали Раушановтың туғанына 65 жыл толуына орай «Жарқырап жыр төрінен жүруші ең...»  атты поэзия сағаты ұйымдастырылды.

Поэзия кешіне Атырау жоғары медициналық колледж  кітапханасының  қызметкері Дюсалиева Жаңылсын Төлеуқызы мен студенттері қатынасты.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы ақынның  өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат берді.

Есенғали Әбдіжаппарұлы 1957 жылы 5 ші қазанда Қарақалпақстанда Хожелы қаласында дүниеге келген. қазақ ақыны, жазушы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты. Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.

Алғашқы жыр жинағы «Бастау» деген атпен 1980 жылында жарық көрді. Кейін ұлт бостандығы, туған дала тарихы туралы жазылған «Келінтөбе» (1984), «Шолпан жұлдыз туғанша» (1988), «Ғайша бибі» (1991, «Aлаш» сыйл.), «Қара бауыр қасқалдақ» (1995) атты жыр кітаптары жарық көрген. «Ғайша бибі» драмалық дастаны халықтық поэзия қайнарынан нәр алған, жаңалық өрісімен, кемел көркемдігімен ерекшеленген құнды шығарма. Прозалық туындыларынан «Нұрдан жаралған» романы, құстар табиғатын сөз еткен этнографиялық новеллалары бар.

Поэзия сағатына қатысушылар: Қайырболатов Нұрдәулет «Күзгі ойлар», Қуандық Саят  «Күзгі сағыныш», Тәттібай Гүлден «Жаз не деп еді», Нагимова Назгүл «Жүреді әжем құрғырлап», Ұзақбаев Мақсат «Несін қазбаладың»  шығармаларын мәнерлеп оқып, ақынның жан дүниесін тербеген өлең әлеміне саяхат жасады. Ақын туралы кітапханашылар Ә.Кекілбаевтың жазбасын, Б.Ізмұхамбетовтің Арнау өлеңін, С.Нұржанның жыр жолдарын, А.Кеңшіліктің сыни-зерттеу еңбектерін оқып, кеш қонақтарының назарына ұсынды.

Поэзия кешінен ерекше әсер алған оқырмандар ақын рухына арналған өлеңдерін оқып берді.

Кеш қонақтары ақын  Е.Раушановтың «Қара бауыр қасқалдақ» (1995), «Бозаңға біткен боз жусан» (2006), «Амал деген айыңыз..» (2017) атты жыр кітаптарымен танысып, шығармашылығы туралы ой бөлісіп, пікір алмасты.

Мақсаты: Ақын Есенғали Раушановтың жалғыздық лирикасын, қоңыр күздей қоңыр әуенін жыр сүйер оқырмандарға насихаттау.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=430543935877894&id=100067668725855&eav=AfY8f-s1x8Q4FhioEyL_Hk4LexQPuscbnjF2te7PQGcUdri6KwnkTlfpIOHL96ccawE&paipv=0#