«Қорғаныс өнеркәсібі: кеше, бүгін және ертең»

06.10.2022ж.

«Қорғаныс өнеркәсібі: кеше, бүгін және ертең»

 

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында 6 қазан- Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай «Қорғаныс өнеркәсібі: кеше, бүгін және ертең» тақырыбында кітаптар шеруі ұйымдастырылды. 2016 жылы 6 қазанда Қазақстан Үкіметінің құрылымында қорғаныс және аэроғарыштық өндіріс министрлігі пайда болды. Бүгінде еліміздің қорғаныстық-өнеркәсіптік кешеніне 8 мыңнан аса жұмыс орнын қамтамасыз етіп отырған 40-тан астам кәсіпорын кіреді. Еліміздің қорғаныс өнеркәсібін дамытудағы басым бағыт – 3D секілді жаңа технологияларды, ақпараттық технологиялар мен композиттік материалдарды пайдалана отырып, жоғары технологиялық әскери техника мен қару түрлерін шығару және енгізу. Оқырмандар назарына қорғаныс жасақтарын әзірлеу және пайдалану жөніндегі негізгі ережелер баяндалған А.Т.Алтуниннің «Азаматтық қорғаныс жасақтары стихиялық апаттарға қарсы күресте (Қазақстан, 1980), «Азаматтық қорғаныстың әскери емес жасақтарымен өткізілетін арнаулы дайындық пен тактикалық жаттығулар методикасы» (Қазақстан, 1984) және т.б әдебиеттер ұсынылды.

https://m.facebook.com/profile.php?id=100011441407475&eav=Afa002941AcBGuFQLdVN6s5Flmz9hRTCSs2KtpRx-uQ-9IoAaugKcGzF4CFfzaMVzVA&paipv=0#