«Орман әуенінен қуат алған»

13.10.2022 ж.

«Орман әуенінен қуат алған»

             

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 16 қазан – Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «Орман әуенінен қуат алған» атты тақырыпта кітаптар шеруі ұйымдастырылды. Ормандар Жер құрлығының 30%-ға жуығын алып жатыр. Олар біздің планетамыздың барлық жерінде орналасқан және адамды көптеген табиғи ресурстармен қамтамасыз етеді. Өсімдік пен жануарлардың көптеген түрлері мекен ететін табиғи орта. Оқырмандар назарына жердің жаратылуынан бастап түрлі табиғат құбылыстарына, ең ірі табиғи апаттарға дейін қызықты, танымды мәліметтер берілген М.Әкімжановтың «Табиғат» балалар энциклопедиясы («Астана», 2012), «Топырақтану және геология негіздері» («Астана», 2014), орыс тілінде жарық көрген К.П Митрюшкин мен Е.С Павловскийдың «Лес и поле» («Москва», 1979), А.Балтабаевтың «Шөл және шөлейт жерде орман өсіру» («Алматы», 1980) және т.б. әдебиеттерді  ұсынамыз.

https://m.facebook.com/profile.php?id=100011441407475&eav=Afa002941AcBGuFQLdVN6s5Flmz9hRTCSs2KtpRx-uQ-9IoAaugKcGzF4CFfzaMVzVA&paipv=0#