«Алаштың ардақты азаматы»

17.10.22

«Алаштың ардақты азаматы»

  

 Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында жазушы, аудармашы Жайық Бектұровтың туғанына 110 жыл толуына орай «Алаштың ардақты азаматы» атты кітап көрмесі жасақталып, ақпараттық сағат өтті.

Жайық Бектұров Ақмола облысы, Қызылағаш ауылында 1912 жылы дүниеге келген. Қазақ көсемсөзінің көш бастаушыларының бірегейі. Ж.Бектұров өмірден өтсе де, оның қалдырған мұралары көзі ашық, көкірегі ояу оқырмандардың жадында мәңгі сақталады.

Кітап көрмесіне Жайық Бектұровтың «Ғылым» баспасынан 1995 жылы шыққан «Ақиқаты осы еді» естеліктер топтамасында  Әбілхайыр ханның немересі Баймұханбеттен бастап, Кенесары-Наурызбай дәуіріндегі елін, жерін қызғыштай қорғаған батырлар мен ғұламалардың бірлікке, ерлікке толы тарихи деректері нақты дәлелмен кеңінен суреттеледі. 

«Жазушы» баспасынан 1977 жылы жарық көрген «Жол жоралғысы» жинағында қаламгердің Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Г.Потанин, Н.Атабеков жайлы тарихи көркем очерктері енгізілген.

«Қазақстан» баспасынан 1997 жылы жарық көрген қаламгердің «Таңба» атты шығармасында Сталиндік зұлматтың көп азабын кешкен, әділет заманның барлық ауыртпалығын, түрлі адамдардың тағдырын барынша шыншылдықпен көркем тілмен көрсете білген.

«Қазақстан» баспасы 2002 жылы басылып шыққан «Енеден ерте айырылған төл секілді» жинағында автордың әр жылдардағы жазылған публицистикасы енді.

«Білім» баспасынан 2012 жылы жарыққа шыққан «Біртуар» кітабының 24 бетінде Ж.Бектұровтың «Тағдыр тоғысы» атты естелігінде  Академик Евней Бөкетов туралы оның дарынды толассыз ізденістері, тұңғиық терең толғаныстары жайлы сөз қозғап, аса биік құрметпен еске алады.

Сондай-ақ мерзімді басылымдар беттерінен «Ана тілі» газеті №36 санында жарық көрген «Баяғы Қасым бір Қасым» мақаласы 2011 ж. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналының №3 санында «Құтты мекен-Қарағандым» мақаласы 2016 ж. жарық көрген.

Мақсаты: Жазушы Жайық Бектұровтың шығармаларын оқырман назарына ұсынып, насихаттау.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=440082778257343&id=100067668725855&eav=Afb0MtV-BfrslPIi28CssqyRKtZo1b_O4puU_ffWnHYnQIgJ6e_wEUXHCidN4hxUCIA&paipv=0#