«Ұлттың Ұлы Ұстазы»

19.10.22

«Ұлттың Ұлы Ұстазы»

 

 

Бүгін Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлттың Ұлы Ұстазы» атты батыс өңірлік кітапханашылар арасында аймақтық шығармашылық байқау өткізілді. Сайыста батыс аймағының 4 өңірінен келген 7 кітапханашы бақ сынады.

Байқаудың 1-бағыты бойынша - қатысушылар  А. Байтұрсынов шығармаларын насихаттауға арналған маңызды іс-шаралар сипатталған, дыбыстандырылған бейнесюжет (ұзақтығы 3-5 минут) дайындады. Ал байқаудың 2-бағыты бойынша - қатысушылар  А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдістемелік-библиографиялық құрал дайындады. Әдістемелік құралдар мазмұны мен жаңашылдығына қарай бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Батыс Қазақстан облысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының әдіскері Саменова Гүлмайра Беркінқызы, жүлделі бірінші орынды Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының кітапхананы дамыту бөлімінің әдіскері Серікқалиева Мөлдір Нурбекқызы, екінші орынды С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеттер бөлімінің дерекқор әкімшісі Жасанова Әйгерім Қарасайқызы, 3 орынды Маңғыстау облысы, Тұщыбек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ермекова Гүлфарида Аманбекқызы иемденсе, Құрманғазы аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Мұхамбетова Меңдісұлу Меңдіханқызы, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық орталық кітапханасының  әдістеме бөлімінің әдіскері Кадралиева Қарлыға Күзембайқызы, Ақтөбе облысы, Мұғалжар аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Абиева Гүлназ Қазбекқызы алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Байқаудың мақсаты: Ұлт рухының көшбасшысы, көрнекті ғалым, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың саналы ғұмырында ұлттың көкірек көзін ашып, сауаттандыру, ілім мен ғылымға ұмтылдыру бағытында көрсеткен ғылыми мұрасын жаңашыл қоғамға ұсына отырып, шығармашылығын жаңа белеске көтеру; Ахмет Байтұрсыновтың қайраткер ретіндегі алып бейнесін оқырман жастарға жан-жақты етене таныстыру; Кітапханаларды жаңғыртуға ықпал ететін инновациялық идеяларды табуға және жүзеге асыруға мүмкіндік беру.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=441768248088796&id=100067668725855&eav=AfbPZpUn4NQ7EfzUPaguizoUwSvAgMf24V9i_ZdGJ-XpuCNdFPpUhHtphGO_-CR6ePY&paipv=0#