Ортағасырлық Сарайшық - қазақ елінің астанасы

20.10.22

«Ортағасырлық Сарайшық - қазақ елінің астанасы

 

 

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында  өлкетану тарихын насихаттауда «Ортағасырлық Сарайшық - қазақ елінің астанасы» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қатысты. Шара барысында оқырмандарға Сарайшық қалашығының шығу тарихы туралы мағлұмат берілді.

Хан ордалы Сарайшықтың ұлт тарихында алар орны ерекше. Заманында Алтын Орда хандарының құтты қонысы, Қазақ хандығының белді шаһары болған қаланы  сақтаудың, ұрпаққа аманаттаудың біздің қоғам үшін маңызы да, мәні де зор. Қазіргі кезеңде  төл тарихымызды, өлке тарихын насихаттау мақсатында ұрпаққа ұлағат болар ата қонысымызда елдік пен ерліктің көптеген мұрасы болған Сарайшық қаласының тарихын келешек ұрпаққа Отанды сүюге баулып, тәрбиелеуде өз туған жерінің, өлкесінің тарихын зерттеп білуге, оны құрметтеуге үйрету.

Кітап көрмесіне Ахмет А.Қ «Өлке тарихынан» Өлкетану пәні бойынша студенттерге арналған оқу құралы, «Өлке тарихының өзекті мәселелері: ізденістер, зерттеулер, тұжырымдар», Наурызәлі Т. «Сарайшық саздары», «Атырау – туған өлкем», Тасмағамбетов И. «Сарайшық», Әжіғалиев Н. «Беу, дүние», Ғизатов Ж.  «Сарайшық - астана қала», Айғалиұлы Е. «Сарайшық ханшасы және Иван Грозный»: Қос желілі тарихи роман, Әлімгереев Ө. «Сарайшық», «Атырау аңыздары», Марғұлан Ә. «Шығармалары» Т-8, «Сарайшық – бабалар мұрасы», «Сарайчик - наследие предков», Республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Сарайшық» журналы оқырмандарға таныстырылды.

          Мақсаты: Оқырмандарға еліміздің өткені жайлы сыр шертетін баға жетпес ұлттық мұрамыз Сарайшық қаласының тарихын таныстыру, өлке тарихы туралы жазылған еңбектерді насихаттау.

https://m.facebook.com/atyraulib.kz?eav=Afa0CDbH9u9F5cba-6qIiUcwzpbnHgbSlVecUQ0T9_DZISk3fhhZBxbXurG7IgQj4sI&refid=52&__tn__=C-R&paipv=0