«Әлеуметтік қызмет – мерейлі міндет»

27.10.22

«Әлеуметтік қызмет – мерейлі міндет»

 

            

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 30 қазан-Әлеуметтік қорғау қызметкерлері күніне орай «Әлеуметтік қызмет - мерейлі міндет» тақырыбында мерзімді басылымдарға шолу жасалды.

Əлеуметтік сала – еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан оқиғалардың дені осы əлеуметтік мəселе төңірегінде туындап жатады. Əсіресе, «əлеуметтік» ұғымымен қорғау, көмек, қызмет, оңалту, ортаға əсер ету, қамсыздандыру, паналау орны, диагноз, қолдау, педагогика, қызметкер секілді қатарлас қолданылатын тіркестер құлағымызға сіңіп кетті. Десе де, бұлардың бəрінің астарында қоғам өмірінде болып жатқан мəселелерге атүсті қарамай, мемлекетіміздің əрбір көмекке зəру жандарына қол ұшын созу жатыр. Кітапханашы осындай көзге көріне бермес, қиындығы көп жұмысты еңсеріп жүрген жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметі қашанда сұранысқа ие екендігін атап өтті.

Мақсаты: Мемлекет қамқорлығын қажет ететін зейнеткерлер мен әлеуеті төмен, көпбалалы отбасы және мүгедек жандарға жанашырлық танытып, дер кезінде  көмек көрсетуге әзір маман иелерінің жұмысы туралы ақпарат беру.

https://www.facebook.com/atyraulib.kz?__cft__[0]=AZWCzgDERl4bi0kFPt6NoBA38tbnlR8sESxoqSswm1pQc4_0EVr1NIjhSRG-4g1TlHXj2R0OYAIesoZ3jhJKrHH52kp5n8eZZOrXKDQJwQsxOcQYo8ZBAI-WS66biaKafnRzguffcJJV6EffgKOFQBgyav8Bw4IO-d5B5p4OYkeHc4COt0T0sxDY9u5n6Uf_PuYeaqGvHgbLsjHCzpYOScli&__tn__=-UC%2CP-y-R