«Жыр-менің айнымас серігім»

02.11.22

«Жыр-менің айнымас серігім»

 

Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «ҚР кітапханаға оқырмандарды тарту және оқуды насихаттау жөніндегі 2021-2023 жж. кешенді жоспары» аясында поэзиялық шығармаларды оқуға шақыру мақсатында «Жыр-менің айнымас серігім» атты кітаптар шеруі өтті. Шара барысында кітапхана оқырмандары қазақ ақындарының кітаптарымен танысып, өздері ұнатқан ақын өлеңдерінен жыр жолдарын мәнерлеп оқып берді. Сонымен қатар қазақтың белгілі ақындарының кітаптарынан видео слайд жасақталды.

Кітаптар шеруіне: М.Мұқағали «Аманат»: Жыр жинағы 2002, Ф. Оңғарсынова «Шілде» 2019, Т.Жароков «Таңдамалы» 1-том 2008, И.Иса «Сағым дүние» 2017, Б.Исаев «Бәсеке дәурен» 2011, С.Иманасов «Екі томдық шығармалар жинағы» 2014, Ә.Сариев «Таңдамалы шығармалар жинағы» 2020, Т. Рахман «Мың бір масат» 2021, Қ.Мырзалы «Көкейкесті» 2003, С.Жиенбаев «Алтын қалам» 2003 және «Жас толқын» сериясымен шыққан поэзия жанрындағы көптеген кітаптар оқырмандар назарына ұсынылды.

Мақсаты: Поэзия жанрындағы қалам тербеп жүрген белгілі және кейінгі толқын қазақ ақындарының өлеңдерін насихаттау арқылы оқырмандарды кітапханаға тарту.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=452003590398595&id=100067668725855&eav=AfZSMrcJ2-9nLXDZGcAC3SJWLA8vDHik43FYRmsc_i_ShVsvnhHhyO4jPqj2d3hzKvk&paipv=0