Құқықтық ақпарат орталығы

Ғ.Сланов атындағы ОҒӘК  Құқықтық ақпарат орталығы

Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 Қаулысын негізге ала отырып, кітапханада  «Құқықтық ақпарат орталығы» 2010 жылдың мамыр айында ашылғалы отыр.

Орталықты ұйымдастырудағы мақсат -  Қазақстан заңнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізу; мемлекеттік қызметшілердің және жалпы халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру; түсіндіру жұмыстарында жаңа ақпараттық технологияларды, оның ішінде әлемдік «ИНТЕРНЕТ» жүйесін қолдану және құқықтық оқыту жұмыстарын жүргізу.

Құқықтық ақпарат орталығы – кітапханананың ақпарат-библиографиялық бөлімінің құрылымдық бөлімшесі, яғни кітапхана пайдаланушыларына кешенді қызмет көрсетуде, халыққа құқықтық ақпарат ресурстарын пайдалануда білікті іске асыруда көмек көрсету.

Құқықтық ақпарат орталығы кітапхананың басқа құрылымдық бөлімшелерімен, жоғарғы, орта оқу орындарының заң факультеттерімен, «Параграф» анықтама жүйесімен, «Заң-Закон» МД, мекемелер және ұйымдармен тығыз серіктестікте әрекет етеді.

Орталықтың қызметі Ғ.Сланов атныдағы ОҒӘК Жарлығымен, қазіргі Ережемен «Кітапхананы пайдалану ережесі», «Құқықтық ақпарат орталығының пайдалану ережесі», кітапхананың ішкі тәртіп ережелерімен сәйкес жүзеге асырылады.

Орталықтың ресурстары

  1. Республикалық «Заң-Закон» құқықтық мәліметтер базасы, тоқсан сайын жаңартылады;
  2. «Параграф» анықтамалық жүйесі, ай сайын жаңартылады;
  3. Құқықтық тақырыптағы анықтамалық  басылымдар;
  4. Құқықтық мерзімді басылымдар;
  5. «Құқықтық авторефераттар» ЭК;
  6. Интернет желісіндегі құқықтық ресурстар;

Орталықтың көрсететін қызметі

  1. Пайдаланушыларды құқықтық ақпаратқа электрондық түрінде еркін кіруге қамтамасыз ету.
  2. Құқықтық кеңес беру.
  3. Құқықтық актілердің электрондық көшірмелерінің сұранысын орындауға мүмкіндік жасау.
  4. Нормативто-құқықтық актілерді іздеуге көмектесу.
  5. Пайдаланушыларды МБ-мен жұмыс жасауға өз еркімен пайдалануға кеңес беру.
  6. Құқықтық жаңа әдебиеттер және «ҚР-ның заңдарындағы жаңалықтар» бюллетендері
  7. арқылы пайдаланушыларды жаңа түскен құжаттар туралы хабардар ету.
  8. Интернет желісіндегі құқықтық ресурстармен таныстырып, кеңес беру.

Құқықтық ақпарат  орталығының  ережесі

Жалпы ереже.Орталықтың ресурстары.Орталықтың негізгі қызметі.Орталықтың міндеттері.

Ескерту

Орталықтың жұмыс жасау уақыты, кітапхананың жұмыс кестесімен сәйкес келеді.

9.00 –дан 18.00-ге дейін