Жоба «Тіл» мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту мен үйренуге ақпараттық көмек

Мақсаты: «Тілдердің  үш тұғырлылығы» мәдени жобасының жүзеге асырылуын жеделдетуге, қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл-қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға көмектесу.

Міндеттері: «Тілдердің  үш тұғырлылығы» мәдени жоба шеңберінде мемлекеттік және басқа тілдерді оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістері енгізілген басылымдарды насихаттау. Тілдерді тиімді меңгерудің инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу құралдарын  ұсыну.

Ұсынылатын ақпараттық қорлар: тілтану ғылымы саласының әдебиеттері, анықтамалықтар, сөздіктер, тілашарлар, электронды мәліметтер базасы, Интернеттегі қорлар, ҚР ҰЭК қоры,  тіл саласының заңдары мен заңнамалары.

Серіктестер: Атырау облыстық тілдерді дамыту жөнінде басқармасы, «Тіл дамыту» орталығы, Облыстық Мұғалімдер білімін жетілдіру және қайта даярлау Институты, Жоғары және арнаулы оқу орындары

Жоба аясында: Қазақстан халықтары тіл мерекесіне орай көпшілік шаралар: дөңгелек үстелдер, жыр кештері, акциялар өткізу, кітапханаға сөздіктер, анықтамалықтар тарту ету, мемлекеттік тілді насихаттау мен мәртебесін көтеру, облыста тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері арасында патриоттық рухты қалыптастыру мен күшейту мақсатында жыл сайын облыста өткізілетін дәстүрлі «Мен қазақша білемін» атты байқау, мекемелерде, өндіріс орындарындағы өзге ұлт өкілдері арасында өткізілетін түрлі сайыстар шарттарын құрастыруға қатысу, материалдар тауып беру, кітап көрмелерін жасақтап, библиографиялық шолу өткізу, кітапхана мамандарының әділқазылар алқасына мүше болуы т.б. жұмыстар,  кітапхана мамандарының шет тілін меңгеруге деген талпынысын қолдау мақсатында ағылшын тілін үйрену курстарында тегін оқыту жоспарланған.

Кітапхана кітап қорындағы тілтану ғылымы саласының әдебиеттері, анықтамалықтар, сөздіктер,тілашарлар, іс жүргізу саласындағы кітаптардың көрмесі жиі ұйымдастырылып, мекемелердің сұранысы бойынша көшпелі көрме ретінде жасақталады.