«ШЫРАҒДАН» қазақ ақын-жазушыларының шығармашылығын насихаттауға бағытталған тележоба
Мақсаты:
Қазақ ақын-жазушылар шығармашылығын қалың жұртшылыққа насихаттау арқылы тұрғын халықтың рухани дамуының кемелденуіне үлес қосу
Міндеттері:
Қазақ жұрты ақын-жазушыға кенде емес. Небір бұлбұлдар мен дүлдүлдер осы киелі қазақ топырағынан түлеп ұшты. Кейінгі толқын сол ұлттық рухани үрдісті жалғастыруда.
- Оқырмандарды, әсіресе жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, олардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға, талғамына, таңдауына сай әдебиеттерді іріктеуіне көмек көрсету;
- Кітапхана қорындағы қазақ ақын-жазушылар шығармаларын таныстыру, кітапхана қызметін жарнамалау;
Серіктес:
Облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасы
Жоба аясында кітапхана тарапынан қазақ қаламгерлерінің шығармалары, олар туралы сын материалдардан тұратын кітап көрмелері жасақталады; әр қаламгердің таңдаулы шығармасына талдау жасалады; библиографиялық шолулар өткізіледі; Облыстық телеарна тарапынан «Шырағдан» бағдарламааралық жарнама хабар ретінде көрсетіледі.