«Ұлт жанашыры»

07.12.2022

«Ұлт жанашыры»

 

 Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында жазушы, әдебиет зерттеушісі, этнограф, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына орай «Ұлт жанашыры» атты кітап көрмесі жасақталды.

Ақселеу Сланұлы Сейдімбек 1942 жылы желтоқсан айының 12-інші жұлдызында Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Атасу ауылында (қазіргі Байдалы би атындағы ауыл) дүниеге келген.

Ақселеу Сейдімбек – қазақ халқының шежірелік тарихын бергі заманда энциклопедия түрінде бір жүйеге келтіріп, ұлтқа ұйтқы екенін айқындаған асылдың сынығы. Отызға тарта көркем, ғылыми-көпшілік және монографиялық кітаптардың авторы. Гомердің «Илиада», «Одиссея» дастандарын қара сөзбен аударған. И.Можейконың «7 және 37 керемет» (1998) кітабын тәржімалаған. Шығармалары оннан астам шетел тілдеріне аударылған.

Кітап көрмесіне: А.Сейдімбектің «Қазақ университеті» баспасынан 1993 жылы шыққан «Балталы Бағаналы ел аман бол», «Санат» баспасынана 1997 жылы шыққан «Қазақ әлемі», «Атамұра» баспасынан 2002 жылы шыққан «Аққыз» кітабы, «Күлтегін» баспасынан 2002 жылы шыққан «Қазақтың күй өнері», «Қаламгер» баспасынан 2017 жылы шыққан шығармалары оқырмандар назарына ұсынылды.

Кітап көрмесінің мақсаты халқымыздың тарихын түгендеп, дәстүрін дәуірлеткен халқымыздың өр рухының, өнегелі салтының, өрелі қалпының аса көрнекті өкілі бола білген, ұлт руханиятының жанашыры Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығын оқырман қауымға таныстыру.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=476899211242366&id=100067668725855&eav=AfZCuephAocQD8qWyhTK5tNQjk-7Y7BMqVvgbKtwgCzYmLqDXzKAdJeWbl7GK-EqlfA&paipv=0