«Энергетика – экономиканың алтын өзегі»

12.12.22

«Энергетика – экономиканың алтын өзегі»

 

 Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 18 желтоқсан – Энергетиктер күніне орай «Энергетика – экономиканың алтын өзегі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандар назарына энергия қорлары, электр энергетика өндірісі мен энергетика ғылымы тарихи даму тұрғысынан, табиғат тану ілімі негізінде қоршаған ортаны сақтау мақсатында, техникалық құралдардың құрылысын түсіндіру туралы баяндалған А.Қ.Құсайыновтың «Энергетикалық мамандыққа кіріспе» («Білім», 1994), Д.Ергиннің «Энергия көздерін іздестіру жолында ресурстар шайқасы, жаңа технология және энергетика болашағы» («Раритет», 2016), З.Қариевтің «Физика әлеміне саяхат немесе электр тарихына қысқаша шолу» («Мектеп», 1987), Е.Бекбенбетовтің «Изотоптар» («Қазақстан», 1978), М.И. Блудовтың «Физика жайлы әңгімелер» («Мектеп», 1979), Ж.Ақылбаевтың «Механика» («Фолиант», 2011) және т.б. әдебиеттер ұсынылды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=477859677812986&id=100067668725855&eav=Afa1S8TYUuwIoyVwpW9ELSz1ehJu0lcc7BTGPlqMM9FPbwoOqtCsltotYAF5u6bmkyg&paipv=0