«Жеңістің даңқы мәңгілік!» мерекелік кеш
06.05.2026

«Жеңістің даңқы мәңгілік!» мерекелік кеш

Атырау облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы бөлімнің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңіс күніне арналған «Жеңістің даңқы мәңгілік!» атты мерекелік кеш өтті. Кеште арнаулы бөлім оқырмандары Жақсыгелді Сейіловтың “Ана туралы баллада”, Мұқан Төлебаевтың “Кестелі орамал”, Матвей Блантердің әні “Катюша”, Вениамин Баснердің әні “На безымянной высоте” атты әндері шырқалып, Мұқағали Мақатаевтың “Сәби ана”, Мұхтар Шахановтың “Ғайша”, Қасым Аманжоловтың “Сен фашиссің, мен қазақпын!” атты шығармалары мәнерлеп оқыды.

Жастар әдемі әндерімен қарттар үйін шаттыққа бөлеп, Ұлы Жеңіс күніне орай қарттарға әсерлі кеш сыйлады.

Жеңіс күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге сұрапыл соғыс кезеңіндегі ерлік пен бірлік, майдан мен тылдың біртұтастығын суреттейтін кітаптар қойылып, қарияларға таныстырылды.

Scroll to Top