КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

 

 

Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы

 

                                                      

                                                                   Ақпараттық-библиографиялық

                                                                   қамтамасыз ету бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасында, облысымызда 2024 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      

 

 

 

 

 

Атырау – 2023

 

 

 

Құрастырушыдан

 

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі  «Қазақстан Республикасында, облысымызда 2024 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегін» құрастырды.

         Күнтізбеге жалпыхалықтық мәдени маңызы бар оқиғалар мен республиканың, облыстың мәдени дамуына ерекше үлес қосқан жекелеген ұйымдардың, ғылым мен өнердің көрнекті қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың мерейтойлары енгізілді.     

          Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының  мемлекеттік, кәсіптік және өзге де атаулы күндері берілген.

         Күнтізбе жылдың әрбір айы бойынша хронологиялық ретпен жүйеленген. «Айы мен күні белгісіз даталар» жеке топтастырылған.

         Жұлдызшамен (*) белгіленген күндерге қысқаша анықтама жазылып, тақырыпқа қатысты әдебиеттер тізімі қоса берілген.

Жұлдызшамен белгіленгендер - облысымыздың атаулы даталары.     

         Күнтізбе кітапханалар мен мәдени мекемелерге, жалпы көпшілік оқырмандарға арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасында, облысымызда аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбесі

 

Қаңтар

 

1 қаңтар* - Есқалиев Әзидолла, күйші, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылында дүниеге келген, туғанына 90 жыл (1934-2017)

1 қаңтар – Қаламбаев Жаппас, композитор, қобызшы, еңбек сіңірген өнер қайраткері, Шымкент облысының Созақ ауданына қарасты Талап ауылында дүниеге келген, туғанына 115 жыл (1909-1970)                                                                      

1 қаңтар – Қастеев Әбілхан, қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегінде дүниеге келген, туғанына 120 жыл (1904-1973)

1 қаңтар -  Құрманғалиев Ғарифолла, әнші, ҚР мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, әнші (тенор), Қазак КСР халық әртісі,  Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында дүниеге келген, туғанына 115 жыл (1909-1993)

1 қаңтар - Майқанова Сабира, халық артисі, Перов уезі, Сырдария облысы, Түркістан өлкесінде дүниеге келген, туғанына 110 жыл (1914-1994)

1 қаңтар - Мәмбетов Ізтай, қазақ жазушысы, Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Табантал ауылында дүниеге келген, туғанына 95 жыл (1929-1974)

1 қаңтар – Нұртазин Мұхамед, жазушы, аудармашы, Ақмола облысы, Қорғалжың ауданында дүниеге келген, туғанына 105 жыл (1909-1982)

1 қаңтар* - Үлкенбайұлы Нариман, күйші, Исатай ауданының Манаш ауылында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1939-2012)

2 қаңтар – Сағатов Мансұр, композитор, Қазақстанның халық артисі, Батыс Қазақстан Облысы, Жәнібек ауданында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1939-2002)

10 қаңтар -  «Қазақ әдебиеті» газетінің шыға бастағанына – 90 жыл (1934)

16 қаңтар – Мұрын жырау Сеңгірбайұлы, жырау, Маңғыстау өлкесі, Бозащы түбегінде, Қоңырорпа деген жерде дүниеге келген, туғанына 165 жыл (1859-1954)

30 қаңтар – Ерубаев Саттар, жазушы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданында дүниеге келген, туғанына 110 жыл (1914-1937)

 

Ақпан

 

4 ақпан – Тәжібаев Әбділда, ақын, драматург, Қазақстанның халық жазушысы, Қызылорда қаласында дүниеге келген, туғанына 115 жыл (1909-1998)

4 ақпан –   Жұбанов Болат Ахметұлы, химик, қазақ ғылым академиясының академигі, Ақтөбе облысы, Теміртау ауданында дүниеге келген, туғанына 95 жыл (1929)

10 ақпан – Абдуллин Хамза, жазушы, аудармашы, Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданында дүниеге келген,  туғанына 105 жыл (1919-2001)

12 ақпан – Ғаббасов Советхан, жазушы, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Сұңқар ауылында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1939)

15 ақпан – Айманов Шәкен, актер, режиссер, Қазақстанның және КСРО Халық артисі, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген, туғанына 110 жыл (1914-1970)

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл (1989)

18 ақпан – Дербісалин Әнуар Жақсығалиұлы, әдебиет зерттеуші, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, туғанына 95 жыл (1929-1986)

23 ақпан – Рахимов Хажымұрат, жазушы, Целиноград (қазіргі Астана қаласы) дүниеге келген, туғанына 100 жыл (1924-2001)

28 ақпан – «Невада-Семей» ядролық сынақты тоқтату жөніндегі қоғамдық қозғалыстың құрылғанына 35 жыл (1989)

 

Наурыз

 

8 наурыз - Аймауытов Жүсіпбек, жазушы, драматург, аудармашы, зерттеуші, публицист, режиссер, қоғам және мәдениет қайраткері, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызыл ту ауылында дүниеге келген, туғанына 135 жыл (1889-1931)

8 наурыз Өмірзақова Әмина, театр және кино артисі, Қазақ ССР-нің халық артисі, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы туғанына 105 жыл (1919-2006)

9 наурыз* - Неталиев Мақсұт, ақын, жазушы, шежіресі-зерттеуші, Атырау облысы, Исатай ауданы, Бегайдар ауылында дүниеге келген, туғанына 90 жыл (1934)

10 наурыз – Тілегенов Бекежан, жазушы, Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка селосында дүниеге келген, туғанына 90 жыл (1934-1998)

14 наурыз* - Мұсағалиева Сара, қоғам қайраткері, еңбек ардагері, Атырау облысы, Құрманғазы ауданында дүниеге келген, туғанына 95 жыл (1929)

16 наурыз – Найманбаев Қалдарбек, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Асықата ауылында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1939-2004)

18 наурыз* – Сыдиықов Қабиболла, әдебиетші-ғалым, Атырау облысы, Жылыой ауданында (қазіргі Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Қарақұм өңірі) дүниеге келген, туғанына 90 жыл (1934-2001)

20 наурыз – Үмбетбаев Әнуарбек, Қазақстанның Халық артисі, Алматы қаласында дүниеге келген, туғанына 110 жыл (1914-1973)

20 наурыз – Затаевич Александр Викторович, композитор, этнограф, қазақ әндерін жинаушы, Орлов губерниясында дүниеге келген, туғанына 155 жыл (1869-1936)

23 наурыз – Әйтеке би Байбекұлы, қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері, Өзбекстан Республикасы Нұрата ауданында дүниеге келген, туғанына 380 жыл (1644-1700)

29 наурыз – Шухов Илья Иванович, жазушы, аудармашы, Алматы қаласында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1939)

 

Сәуір

 

1 сәуір – Салғарин Қойшығара, жазушы, Қостанай облысы, Көкалат ауылында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1939)

1 сәуір – Темірбекова Алма, музыкатанушы, өнертану ғылымдарының кандидаты, туғанына 95 жыл (1929)

11 сәуір – Сисекенова (Ділханова-Сисекенова) Әдемі, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қарақалпақстанның халық артисі, Махамбет ауданы, Сарайшық ауылында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1939)

12 сәуір – Сәтбаев Қаныш Имантайұлы, қазақ ғалымы, академик, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген, туғанына 125 жыл (1899-1964) 

13 сәуір * - Жауырұлы Теңдік, белгілі журналист-қаламгер, Атырау қаласында дүниеге келген, туғанына 90 жыл (1934-2015)

15 сәуір – Қыдырбекұлы Балғабек, жазушы, журналист, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Таран ауылында дүниеге келген, туғанына 95 жыл (1929-1995)

20 сәуір – Молдағұлова Әлия, қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының батыры, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында дүниеге келген, туғанына 100 жыл (1924-1943)

                                                        

Мамыр

 

4 мамыр Әубәкіров Оспанхан, ақын, сатирик, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үшбұлақ ауылында дүниеге келген, туғанына 90 жыл (1934-1986)

4 мамыр – Жұмабаев Ғаббас, ақын, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген, туғанына 100 жыл (1924-1980)

11 мамыр – Марғұлан Әлкей, ғалым, ұлттық археология мектебінің негізін салушы, профессор, туғанына 120 жыл (1904-1985)

14 мамыр – Жансүгіров Ілияс, жазушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, Алматы облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген, туғанына 130 жыл (1894-1938)

15 мамыр – Жиенбаев Сағи, ақын, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Оймауыт ауылында дүниеге келген, туғанына 90 жыл (1934-1994)

24 мамыр – Нұрмағамбетов Сағадат, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, Ақмола облысы, Ақкөл ауданында дүниеге келген,  туғанына 100 жыл (1924-2013)

25 мамыр* - Өтебаев Сафи, Қазақстан мұнай өнеркәсібін ұйымдастырушылардың бірі, даңқты мұнайшы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылында дүниеге келген, туғанына 115 жыл (1909-2007)

26 мамыр* - Әлімгереев Өтепберген, публицист-жазушы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Жиделі елді мекенінде дүниеге келген, туғанына 75 жыл (1949)

 

Маусым

 

1 маусым* - Қарабалина Бақыт, күйші, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген артисі, Атырау облысы, Теңіз ауданы, Қошалақ ауылында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1939-1990)

2 маусым – Жангелдин Әліби Тоқжанұлы, Қазақстанда Совет үкіметі үшін күрескен большевик-революционер, көрнекті мемлекет қайраткері, Торғай даласы, Қайдауыл ауылында дүниеге келген, туғанына 140 жыл (1884-1953)

15 маусым – Ахметов Әбдікәрім, ақын, аудармашы, Қызылорда облысы, Қармақшы кентінде дүниеге келген, туғанына 100 жыл (1924-1983)

15 маусым* - Хайдарұлы Саламат, журналист, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау ауылында дүниеге келген, туғанына 105 жыл (1919-2015)

19 маусым – Әзірбаев Кенен, ақын, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның Халық ақыны, Алматы облысы, Жамбыл ауданы,  Мәтібұлақ ауылында (қазіргі Кенен Әзірбаев атындағы ауыл) дүниеге келген, туғанына 140 жыл (1884-1976)

30 маусым – Есенқарақызы Ханбибі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын, Сарыағаш ауданында дүниеге келген, туғанына 75 жыл (1949)

 

Шілде

 

10 шілде Шәкеев Нұрғазы, жазушы, аудармашы, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауданына қарасты Кіндікті ауылында дүниеге келген, туғанына 95 жыл (1929 - 2008)

12 шілде Раевский Николай, Қазақстандық орыс жазушысы, Санкт-Петербургте дүниеге келген,  туғанына 130 жыл (1894-1988)

22 шілде – Кесоглу Лаки Константинович, әнші, Қазақстанның халық артисі, Грузияда дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1939)

29 шілде – Бычков Анатолий, композитор, Қазақстанның Халық артисі, Павлодар облысында дүниеге келген, туғанына 95 жыл (1929-1997)                                                  

 

Тамыз

 

2 тамыз Ерәлиева Мадина, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген, туғанына 70 жыл (1954-2000)

6 тамыз –  Әбдібаев Хасен, әдебиет зерттеушісі, филолог, туғанына 90 жыл (1924)

23 тамыз – Бақтыгереева Ақұштап, ақын, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, Батыс Қазақстан  облысы, Ақжайық ауданында дүниеге келген, туғанына 80 жыл (1944)

29 тамыз* – Көшек Ерсайын, Қазақстанның құрметті журналисі, Атырау облысы, Индер ауданы, Гребенщик (Ынтымақ) селосында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1939)

29 тамыз – Семей полигонында бірінші атом бомбасын сынау өткізілді, сынақ жарылысына 75 жыл (1949)

 

Қыркүйек

 

3 қыркүйек Елеукенов Шериаздан Рүстемұлы, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Аршалы ауылында дүниеге келген, туғанына 95 жыл (1929)

5 қыркүйек* - Смағұлов Қайырғали, Кеңес Одағының Батыры, Атырау қаласында дүниеге келген, туғанына 105 жыл (1919-1996)

16 қыркүйек* - Санбаев Сәтімжан, жазушы, драматург, публицист, аудармашы және киноактер, қаламгер, Атырау облысы, Мақат ауданында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1939-2013)

23 қыркүйек* - Әжіғалиев Нұралы, ақын, Атырау облысы, Исатай ауданы, Бабан ауылында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1939-2005)

24 қыркүйек – Адамбаев Балтабай, ақын, жазушы, ғалым, Шымкент облысы Байқадам ауылында дүниеге келген, туғанына 115 жыл (1919 – 1990)

 

Қазан

 

3 қазан Қалдыбаев Әлдихан, журналист, жазушы, драматург, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының Шу ауданында дүниеге келген, 85 жыл (1939-2015)

20 қазан Асфендияров Санжар, мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым-тарихшы, Ташкент қаласында дүниеге келген, туғанына 135 жыл (1889-1938)

 

Қараша

 

1 қараша* Топчевский Роальд Борисович, сазгер, музыкатанушы, Атырау қаласында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1939)

7 қараша* – Қайыпов Кенжеғали, жыршы-термеші, Атырау облысының Индер ауданында дүниеге келген, туғанына 90 жыл (1934)

11 қараша* - Аманшин Берқайыр, ақын, жазушы, драматур, аудармашы, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Бетпақкөл ауылында дүниеге келген, туғанына 100 жыл (1924-1985)

14 қараша* – Қарабалин Сағызбай, ҚР-ның еңбек сіңірген артисі, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз стансасында дүниеге келген, туғанына 70 жыл (1954)

26 қараша* -  Монастырская Любовь, журналист, туғанына 80 жыл (1944)

30 қараша* - Қуанышбайұлы Қилыбай, Қазақстанның құрметті журналисі, Атырау облысы, Исатай ауданы, Забурын ауылында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1939)

 

 

 

Желтоқсан

 

2 желтоқсан – Құттыбаев Қаратай, жазушы, ғалым, филология ғылымдарының  кандидаты, Алматы қаласы Қызылқұм ауданында дүниеге келген, туғанына 95 жыл

5 желтоқсан* Төлеков Қуат, КССР-нің Халық артисі, актер, Атырау облысы, Қайыршақты ауылында дүниеге келген, туғанына 110 жыл (1914-1998)

6 желтоқсан – Кекілбаев Әбіш, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Маңғыстау облысы, Оңды ауылында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1939-2015)

15 желтоқсан – Ысмайылова Гулфайрус Мансұрқызы, кескіндемеші, театр және кино суретшісі, Қазақстанның халық суретшісі, Алматы қаласында дүниеге келген, туғанына 95 жыл (1929-2013)

16 желтоқсан – Төлегенова Бибігүл Ахметқызы, әнші, Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі, Семей қаласында дүниеге келген, туғанына 95 жыл (1929)

17 желтоқсан – «Егемен Қазақстан» газеті, («Социалистік Қазақстан»), бірінші нөмірі «Ұшқын» деген атпен жарыққа шыға бастағанына 105 жыл (1919)

23 желтоқсан* – Көшекбаев Смағұл, жауынгер-сазгер, Атырау облысы, Теңіз ауданында дүниеге келген, туғанына 120 жыл (1904-1945)

25 желтоқсан* - Оңғарсынова Фариза, қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданы, Манаш ауылында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1939-2014)

 

 

 

 

 

                                                

 

 

 

АЙЫ, КҮНІ БЕЛГІСІЗ ДАТАЛАР

 

Махмұд Қашқари, ғалым, туғанына 995 жыл (1029-1101)

Мұхаммед Хайдар Дулати, белгілі тарихшы, әдебиетші, туғанына 525 жыл (1499-1551)

Келдібекұлы Қазыбек би, қазақтың атақты биі, туғанына 365 жыл (1659-1765)

*Қараұлы Есет би, жырау ақын, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылында дүниеге келген, туғанына 245 жыл (1779-1869)

Шанайұлы Шынияз, суырыпсалма ақын, Нарын құмы, Сарытөбеде дүниеге келген, туғанына 205 жыл (1819)

Қалмамбетұлы Өскенбай, Халық сазгері, домбырашы, әнші, Маңғыстау түбегі, Жетібай кентінде дүниеге келген, туғанына 155 жыл (1869-1925)

*Тілегенов Досы, ақын, Атырау уезі, Атырау облысында дүниеге келген, туғанына 140 жыл (1884-1924)

*Сүгірұлы Насихат, суырыпсалма ақын, қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданында дүниеге келген, туғанына 135 жыл (1889-1937)

Бегендіков Сүгір (Сүгір Жырау), жырау-ақын, Маңғыстаудың Өгіз-өреулі жерінде дүниеге келген, туғанына 130 жыл (1894-1974)

Қайрошев Ығылман, домбырашы, туғанына 110 жыл (1914-1989)

*Қойшыбаев Ғалым, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, күйші-сазгер, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Көздіқара ауданында дүниеге келген, туғанына 105 жыл (1919-1979)

Ахметов  Темірбек, домбырашы, күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, туғанына 105 жыл (1919-1952)

Еркінов Шүкір, Кеңес Одағының Батыры, ҰОС-ның ардагері, «Даңқ» орденінің иегері, туғанына 100 жыл (1924-1949)

Қарасаев Орынғали, ҰОС-ның ардагері, Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылында дүниеге келген, туғанына 100 жыл (1924)

Қарашүңгілде Қазақстандағы тұңғыш мұнай бұрқағы атқылағанына – 125 жыл (1899)

Гурьевте (қазіргі Атырау) педагогикалық техникум ашылғанына 95 жыл (1929)

Алғашқы Ескене мұнайының алынғанына 90 жыл (1934)

«Дендер» Индер аудандық газетіне 90 жыл, алғаш (Социалистік мал шаруашылығы) деген атпен шықты (1934)

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының құрылғанына 85 жыл (1939)

Сағыз мұнай кені игеріле бастағанына 85 жыл (1939)

Қызылқоға ауданының құрылғанына 80 жыл (1944)

Мартыши кені (Исатай ауданы) ашылғанына 65 жыл (1959)

Балықшы ауданының құрылғанына 60 жыл (1964)

Индер ауданының құрылғанына 60 жыл (1964)

 «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай қорығына – 25 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                

АТАЛЫП ӨТІЛЕТІН КҮНДЕРГЕ ҚЫСҚАША АНЫҚТАМА ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТЕР

 

Есқалиев Әзидолла

1 қаңтар туғанына 90 жыл (1934-2017)

 

Әзидолла Есқалиев - домбырашы. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры. Ол 1934 жылы Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Құрманғазы ауылында туды.

          Әзидолланың әкесі Есқали мен ағасы Әліпті халық «Өнердің шежіресі» деп атаған. Есқали әке бүкіл Батыс Қазақстан аймағына аты өрлеп шыққан Құрманғазының шәкірті, ізбасары Дина Кенжеқызы Нұрпейісованы әдейі шақыртып, бір апта үйіне қонақ қылып, оның орындауында талай сар қаймақ, өршінді күйлер – Құрманғазының «Төремұратын», «Қызыл қайыңын», Дәулеткерейдің «Топан», Наушанның «Байжұмасын», өзінің «Әсем қоңырын», «Бұл-бұл» күйлерін тыңдайды. Ара-арасында Әзидолланы сынап, ақыл кеңестерін берді. Әзидолланың алғашқы өнерге үйреткен ұстазы Дина болатын. Ол 1953 жылдың шілде айында Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетіне құжаттарын тапсырды. Емтиханды профессор, академик Ахмет Жұбановтың өзі қабылдады Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1960 жылы Қазақконцерттің солист-домбырашысы болып жұмыс істейді. Оның дарынды домбырашылығы Құрманғазы атындағы оркестрде айқара ашылды. Үздік өнері, орындаушылық дархан шеберлігі қалың қауымның көңілінен шықты. Әзидолла Есқалиев деген есім қазақтың байтақ даласына танымал домбырашыға айналды. Бұл жылдарда ол өзінің қарқынды, сәнді өнерімен тек қана байтақ Қазақстан жұртшылығын сусындатып, тамсандырып қана қоймай,   ГерманияФранцияЧехословакияАҚШАлжирҚытайМоңғолия тағы да басқа көптеген шет мемлекеттердің сахна төрінде қазақтың күй өнерінің құдыретін жая түсті. Қазақ дейтін өнерлі ұлт, Қазақстан атты ел бар екендігін әлемге паш етті. Ә.Есқалиев орындаушылық шеберлігі жоғары, танымал концерттік орындаушы. Ә.Есқалиевтің орындауындағы музыкалық шығармалар радио мен теледидардан тұрақты беріліп тұрады. 17 күйтабағы шығарылған, олар Қазақстанның алтын қорына енген. Ә.Есқалиев талантты педагог, қазақтың ұлттық музыкалық дәстүрін жетік біледі. Оның ғылыми педагогикалық қызметі домбыралық орындау шеберлігі мәселелерін, домбырада күй орындаудың жүйеленген қағидаларын қамтиды. Ә.Есқалиев көптеген өнер ұжымдары мен солистер орындайтын күйлердің авторы. Әзекең 1962 жылдан бері Құрманғазы атындағы консерваторияда ұстаз, 1998 жылдан бастап профессор. Ол көптеген шәкірттер тәрбиеледі, өнер жолына жолдама берді. Қ.Ахмедияр, А.Жайымов, А.Үлкенбаева, Қ.Қожабаев, У.Ғұбайдуллин сынды шәкірттері әлемге белгілі өнер тарландары.

             Әзидолла Есқалиевтың музыка өнеріндегі өнегелі, жемісті еңбегі 1990 жылы ҚР еңбек сіңірген әртісі, ал 1993 жылы ҚР халық әртісі атағымен аталып, «Озық еңбегі үшін», «Аса үздік еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Аса үздік еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдармен марапатталды, Атырау және Исатай аудандарының құрметті азаматы атанды.

 

Ол туралы:

 

1)                Атырау өлкесінің күйлері: антология: екі томдық. Т.2 / [Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығы; жоба жетекшісі: Б.Ж. Тұрмағамбетова; жауапты шығарушы, нотаға теруші: Қ.М. Кипиев; құраст.: Ә.Н. Жантілекова, А.С. Әділова ; пікір жазған: А.Т. Жайымов].– Атырау: Ағатай, 2020.– 447, [1] бет : 24 фотосуретті жапсырма бет

 

2)                Ахмедияров Қ. Кітап туралы сөз // Құрманғазы. Күйлер.– Алматы, 2005.– 3-5 б.

 

3)                Әзиз Әзидолла // Бабаш Б. Құндағы құтты Құрманғазы.– Атырау, 2019.– 66-74 б.

 

4)                Әзидолла Есқалиев: мерейтойлық жинақ.– Алматы: Полиграфкомбинат, 2014.– 174 [2] бет.: фотосуреттер + 1 CD-ROM

 

5)                Бабаш Б. Алтынжар мен Атыраудың арасы - екі елдің кие қонған даласы: "Алтын домбыра" күй сайысына қатысушылар мен өнер иелері Құрманғазы бабаның басына тәу етіп қайтты // Алаш айнасы.– 2012.- 31 мамыр (№ 93).- 5 бет

 

                                                    * * *

 

1)                Әзидолла - Әз аға! //  Atyray – 2018.- 11 желтоқсан (№ 99).- 11 б.

 

2)                Әлімгерев Өтепберген. Дәурен - ай! // Мерейлі мекен.– 2018.- қазан (№ 19).- 10-12 б.

 

3)                Әлімгереев Ө. Күй - дәурен: Муза // Атырау.– 2014.- 6 мамыр (№ 50-51).- 10-12 бет

 

4)                Әлімгереев, Ө. Күйдің құдіреті күйшінің көзіне жас келтірді // Алтын орда. – 2012.- 24 мамыр (№ 21).- 31 б.

 

5)                Бабаш Бақытгүл. "Әз - аға, қазағымның күй абызы...": Тағзым // Егемен Қазақстан.– 2018.- (№ 201).- 12 б.

 

6)                Дәрелұлы Таңатар. Домбыраның мойнына алтын ілген // Atyray.– 2019.- 18 қаңтар (№ 4).- 12 б.

 

7)                Динадан дәріс алған / жинақ. С.Панабердиев // Naryn tany.– 2019.- 10 қаңтар (№ 2).- 9 б.

 

8)                Ерланқызы Гүлдана. "Әз-аға, қазағымның күй абызы..." // Atyray.– 2018.- 23 қазан (№ 86).- 10 б.

 

9)                Жанұзақова Б. Ұлы дала рухын асқақтатқан: [Әзидолла Есқалиев атындағы "Алтын домбыра"] республикалық күй сайысы жас таланттарды танытты  // Атырау.– 2014.- 17 мамыр (№54).- 3 бет

 

10)            Күй әлемінің дарабозы Әзидолла Есқалиев өмірден озды // Атырау.– 2017.- 15 тамыз (№ 63).- 16 б.

 

11)            Қабдел Қ. Айбастағы жайлау тойы малшылардың басын қосып, күйшінің мәртебесін көтерді: Жақсы дәстүрдің жаңғырығы // Атырау.– 2004.- 3 маусым (№63).- 6 бет

 

12)            Қауашева Гүлжан. Боздақтан қалған бір белгі // Dender.– 2019.- 28 наурыз (№ 13).- 13 б.

 

13)            Қош бол, әз-аға! // Сахара.– 2017.- 18 тамыз (№ 31-32).- 8 б.

 

14)            Мұфтахов Нұреден. Әзидолла // Өнер майталмандары.– Ақтөбе, 2004.– 15-19 б.: фотосуреттер.– (Мұнайлы өлке жақұттары).

 

15)            Нәжімов А. Күй - құдіретке - ерекше құрмет // Серпер.– 2014.- 22 мамыр (№19).- 1 б.

 

16)            Ниетқалиева Г. Өнерге қанат бітірген...: Жаныңда жүр жақсы адам // Атырау.– 2015.- 30 маусым (№ 72).- 8 б.

 

17)            Ниетқалиева Гүлзада. Ақ Жайық күй болып толқыған күн // Atyray.– 2019.- 1 қазан (№ 77).- 13 б.

 

18)            Ниетқалиева Гүлзада. Дәулескер домбырашы // Atyray.– 2018.- 23 қазан (№86).- 10 б.

 

19)            Өмірбаев Жолдасқали. Олар Кремльде күй тартты // Dender.– 2019.- 18 сәуір (№ 16).- 9 б.

 

20)            Сансызбайұлы С. Ел жадындағы Есқалиев // Дендер.– 2016.- 11 ақпан (№ 6).- 8 б.

 

21)            Төлегенов Жұмабай. Әлемге әйгілі әзағаң // Атырау.– 2000.- 14 қараша (№134).- 3 б.

 

22)            Ысмағұлова Н. Әз ағаның күй әлемі // Атырау.– 2017.- 13 қазан (№ 80).- 3 бет

 

 

 

 

 

 

Үлкенбаев Нариман

1 қаңтар туғанына 85 жыл (1939-2012)

 

Нариман Үлкенбайұлы (Үлкенбаев) 1939 жылы 1 қаңтарда Гурьев облысы Исатай ауданының Манаш ауылында туған. 1958 жылы Гурьев облыстық медицина училищесін одан кейін 1972 жылы Алматы зооветеринарлық институтында зоотехник мамандығын  бітірген, 1959-1961 жылдары - Гурьев облысының Бақсай ауданындағы Чапаев кеңшарының комсомол комитеті хатшысы.1962 жылдың наурыз-маусым айларында - фельдшер.1968 жылдан - Гурьев облысы Бақсай ауданының Чапаев ауылындағы Аққыстау халық театрының режиссері.1975-1985 жылдары - Махамбет аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі (Гурьев облысы).1981 жылдан - Махамбет атындағы Гурьев облыстық қазақ драма театрының актері.1986 жылдың сәуір айынан - әдіскер.1986 жылдың қазан айынан - Гурьев қалалық кәсіподақ комитетінің хатшысы.

1988 жылдан - Гурьев қаласындағы нан комбинатының кәсіподақ комитетінің төрағасы.1998 жылдан - Халықтық зейнетақы қорының Атырау облыстық филиалының директоры.2000 жылдан - Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры.

          2001 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2002 жылы «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.

          2012 жылы 6 желтоқсан күні елімізге белгілі күйші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нариман Үлкенбайұлы дүниеден озды. Н. Үлкенбайұлы өнер және мәдениет саласында 50 жылдан астам уақыт еңбек атқарды. Негізгі мамандығы медицина саласымен байланысты болғанымен, күй деп соққан жүрегі өмір жолын өнер арнасына бұрғызды. Оның күйшілік өнерге келуіне күй анасы Дина шешейдің шығармашылығы ерекше ықпал еткен болатын.

 

Ол туралы:

 

1)                Айжарықов С. Нариман // Құштар көңіл.– Ақтөбе, 2004. – 11-12 б.

 

2)                Алдабергенқызы Таңсұлу. Күй - көңілдің кілті // Құштар көңіл.– Ақтөбе, 2004.– 62-65 б.

 

3)                Домбыра - жан сезімім // Құштар көңіл.– Ақтөбе, 2004.– 47-50 б.

 

4)                Жұмағұлов Т. Жайсаң азамат // Ибішев Ғ. Күй - Ғұмыр.– Алматы, 2017.– 57-58 б.

 

5)                Жүсіп Қадыр. Сағынышты жыр: өлеңдер жинағы.– Алматы: [б.ж.], 2020.– 168, [1] бет

 

6)                Күмбір (Нариман Улкенбаевқа) // Жылқышиев Қ. Шер - жүрек.– Атырау, 2015.– 199 б.

 

7)                Қожахметова Мағира. Аспандатып әлемге қазақ күйін... // Ахмедияров Қ. Күй-ғұмыр.... – Алматы, 2011.– 227-234 б.

 

8)                Қойшығұл Жылқышиев. Тума талант // Ибішев Ғ. Күй - Ғұмыр.– Алматы, 2017.– 112-114 б.

 

* * *

 

1)                Әбілдаева Шалқар "Шынайы сезімді шаңырақ шыңдайды" // Ахмедияров Қ. Күй - ғұмыр... – Алматы, 2011.– 39-44 б.

 

2)                Бабаш Б. Нарынның Нариманы: Өнеге өрнектері // Егемен Қазақстан.– 2019.- 18 маусым (№ 114).- 10 б.

 

3)                Дүйсенғалиқызы Г. Тұғыры биік нар тұлғаға орнатылған тақта: Тағзым  //  Мұнайлы Астана. – 2016.- 23 наурыз (№13).- 6 б.

 

4)                Жүсіп Қ. Өнердің өркенін жайған...: Тағзым // Атырау.– 2014.- 4 қазан (№113).- 8-9 бет

 

5)                Ниетқалиева,  Г. Көңілден кетпейтін бейне : Тағзым   //  Атырау.– 2016.- 19 наурыз (№ 22).- 2 б.

 

6)                Өнердің Нар-иманы: тағзым / жинақ. С.Панабердиев  //  Naryn tany.– 2019.- 10 қаңтар (№ 2).- 9 б.

 

Неталиев Мақсұт

9 наурыз туғанына 90 жыл 1934

 

Мақсұт Неталиев 1934 жылы 9 наурызда Атырау облысының Исатай ауданына қарасты Бегайдар аулында дүниеге келді. 1952 жылы бұрынғы Гурьев мемлекеттік мұғалімдер институтын бітіргеннен кейін, еңбек жолын аудандық мектептерде ұстаздықтан бастады. 1968 жылы Алматыда Жоғары партия мектебін бітірген соң, Маңғыстау аудандық «Жаңа өмір» газетіне редактор болып тағайындалды. 1972–1979 жж. «Жетісу» газетінде меншікті тілші, бөлім меңгерушісі, 1979–1989 жж. «Жазушы» баспасында аға редактор, кейін ақтаңдақтарға байланысты құрылған ынталы топтың жетекшісі болып еңбек етті. 1990–1992 жж. марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектерін қазақ тілінде шығаратын Бас редакцияда жетекші редактор қызметін атқарды. Бұл күнде зейнеткер. Алғашқы кітабы «Жырлайды гүлдер» деген атпен 1966 жылы шықты. Содан бері ұзын-ырғасы жиырмаға тарта жыр жинақтары, аудармалары, көркемсөз кітаптары жарық көрді. Өлеңдері бұрынғы Кеңес Одағы халықтарының тіліне аударылып, жекелеген және арнаулы жинақтарға енді. Очерктері «Үлкен жолдың үстінде» (1978, «Қайнар») деген атпен жарық көрді. «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды. Исатай және Махамбет аудандарының Құрметті азаматы. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.

Шығармалары: Жырлайды гүлдер. Өлеңдер. А.,»Жазушы», 1966; Шопан бала. Балаларға арналған өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; Сағыныш саздары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Қайдасың, гүлім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Менің замандастарым. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Көктемім едің. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1980; Ұлыма сыр. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981; Қырдағы қызғалдақтар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982; Гүл шоғы. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1984; Солмайды гүлдер. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1986; Нұрлы шақ. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1988; Ақ шуақ. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1991; Ақ ерке Жайық. Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар. А., «Қазақпарат», 2002; Қазына. Шежіре. А., «Арыс», 2002; Кіші Жүз. Шежіре. А., «Арыс», 2007; Атасы мен немересі. Балаларға арналған өлеңдер. А., «Бауыр», 2008.

 

 

Шығармалары:

 

1)                Неталиев М. Ақ ерке - Жайық: таңдамалы өлеңдер мен поэмалар.– Алматы: Қазақпарат, 2002.– 352 бет

 

2)                Неталиев М. Ақ шуақ: Өлеңдер мен поэмалар.– Алматы: Жазушы, 1991.– 272 б.

 

3)                Неталиев М. Алты ата Әлім // Қазақстан әйелдерi.– 2005.- ақпан (№ 2).- 12-14 бет.

 

4)                Неталиев М. Гүл шоғы: Өлеңдер мен поэмалар.– Алматы: Жазушы, 1984.– 256 б.

 

5)                Неталиев М. Ел арқаға көшуде: Поэзия // Қазақ әдебиетi.– 2007.- 19 қазан

 

6)                Неталиев М. Есейдік... Жас ұлғайды...: Өлең - сөздің патшасы // Ана тілі.– 2013.- 22-28 тамыз (№33).- 10 б.

 

7)                Неталиев М. Жаманқаланың жайсаңдары: Өмір өткелдері // Дендер.– 2014 - 27 ақпан (№ 8) - 11 б.

 

8)                Неталиев М. Жасыл орман - жанға сая // Жалын.– 2007.- қараша (№ 10).- 60-63 б.

 

9)                Неталиев М. Келіп тұрған алдыңа Айбергенов! // Жалын.– 2007.- наурыз (№ 3).- 18-24 б.

 

10)            Неталиев М. Көктемім едің: Өлеңдер мен поэма.– Алматы: Жазушы, 1980. – 96 б.

 

11)            Неталиев М. Кіші жүздің шежіресі : Он екі ата Байұлы. // Қазақстан әйелдері.– 2001.- № 4

 

12)            Неталиев М. Кіші жүз шежіресі: Тарихи-этнографиялық зерттеу.– Алматы: Арыс, 2007.– 292 б.

 

13)            Неталиев М. Қалижаннан қалған сөз: Жадымызда қалған жайсаңдар // Жалын.– 2007.- № 2.– 50 б.

 

14)            Неталиев М. Қырдағы қызғалдақтар: Өлеңдер мен поэмалар.– Алматы: Жазушы, 1982.– 108 б.

 

15)            Неталиев М. Өмір деген өткенші...: өлеңдер // Ана тiлi.– 2010.- 10-16 маусым (№23).-9 б.

 

16)            Неталиев М. Солмайды гүлдер: Өлеңдер мен поэма.– Алматы: Жалын, 1985.– 80 б.

 

17)            Неталиев М. Ұлыма сыр: Өлеңдер.– Алматы: Жалын, 1981.– 88 б.

 

18)            Неталиев М. Үлкен жолдың үстінде.– Алматы: Қайнар, 1975.– 154 (2) бет.

 

19)            Неталиев М. Шығармалар жинағы: өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Арыс, 2013.– 408 б.

 

Ол туралы:

 

1)                Алагузова Г. Өмірді өлеңменен өрнектеген: Мерейгерге мадақ сөз  // Нарын таңы.– 2009.- 5 наурыз (№10).- 14 бет

 

2)                Әнес Ғ. Өр мінезді, өршіл ақын  //  Атырау.– 2015.- 10 ақпан (№ 15).- 10 б.

 

3)                Дәулетияр Ж. Жұртының жүрегінде Мақсұт ақын // Нарын таңы.– 2016.- 25 ақпан (№ 8).- 10 б.

 

4)                Имашұлы Ш. Табиғат суретшісі  //  Нарын таңы.– 2016.- 18 ақпан (№ 7).- 10 б.

 

5)                Мақсаты биік Мақсұт ақын: тағзым / жинақ. С.Панабердиев // Naryn tany.– 2019.- 10 қаңтар (№ 2).- 9 б.

 

6)                Салихов А. Гүлдерді жырлаған ақын // Алтын қайық.– 2014.- 29 желтоқсан (№24).- 7 бет

 

7)                Салихов Аяпберген. Жырлайды жүрек, жырлайды... // Атырау.– 2015.- 10 ақпан

            (№ 15).- 10 б.

 

8)                Салихов Аяпберген. Көзден кетсе де, көңілден кеткен жоқ // Naryn tany.– 2019.- 18 сәуір (№ 16).- 7 б.

 

Сыдиықов Қабиболла

18 наурыз туғанына 90 жыл (1934-2001)

 

Қабиболла Сыдиықұлы 1934 жылы Атырау облысының Жылой ауданында (қазіргі Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының Қарақұм өңірінде) дүниеге келген. 1955 жылы Атырау оқытушылар институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін, 1960 жылы Қазақ университетінің филиология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. 1950-55 жылдары Атырау облысы Жылой ауданының халық ағарту саласында, 1960-69 жылдары Атырау педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы, 1969-82 жылдары Қазақстан Республикасы ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет пен өнер институының әдебиет тарихы бөлімінде кіші, аға ғылыми қызметкер болып істейді. 1982-84 жылдарда Форт-Шевченко қаласындағы Т.Шевченко мемориалдық музей-комплексінің директоры болған. 1984 жылдан М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері болып өмірінің соңына дейін істеді.

Қ.Сыдиықов жергілікті және республикалық баспасөз беттерінде 1949 жылдан бері өлең, очерк, мақала, ғылыми зерттеулер жариялап келді. 1959-1985 жылдарда Атырау, Маңғыстау, Орал, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан (Тарбағатай, Зайсан өңірін), Түрікмен, Қарақалпақ аймағын аралап, халқымыздың әдеби, мәдени мұраларын жинады.

           М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының әдеби, һәм музыкалық мұралар жинау жөніндегі 1986 жылғы Өзбекстан, Тәжікстан, 1987 жылғы Маңғыстау, 1989 жылғы Түрікменстан, Өзбекстан, Атырау экспедицияларына ғылыми жетекшілік етті. Ақын-жыраулар мұрасын, халық әндерін, ауыз әдебиеті нұсқаларын, шежірелер мен тарихи деректерді жинауға зер салды.

         Қ.Сыдиықов ақын-жыраулар мен әнші-күйшілер, әдеби, мәдени, тарихи, архитектуралық мұралар, қол өнері, халықтар достығы, Маңғыстау, Атырау тарихы хақында кітаптар, әдеби, ғылыми зерттеулер, публицистикалық мақалалар мен өлеңдер, очерк, суреттемелер, әдеби мұралар жариялады. Олардың бастылары «Жас дәурен» (1962), «Теңіз лебі» (1968), «Ақберен» (1972), «Маңғыстау» (1973), «Ақын-жыраулар» (1974), «Октябрь арайында» (1979), «Дала жыршылары» (1989), «Көркемдік өрнектер» (1992) атты жинақтар.

       Қабекеңнің қатысуымен «Біржан сал мен ақын Сараның айтысы» (1960), «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «От ортасынан оралмағандар» (1972), «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» (1976), «Абай шығармаларының екі томдығы» (1977), «ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» (1983), «Қазақ фольклоры мен әдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі» (1983), «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985), «ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары» (1988), «Қазақ поэзиясының антологиясы» (1992), «ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті», «Батырлар жыры» 5,6 томдар, «Алқаласа әлеумет» (1991), Таңдамалы шығармаларының 3 томдығы, т.б. сияқты құнды кітаптары жарық көрді.

 

Шығармалары:

 

1) Сыдиықұлы Қ. Атамекен: мақалалар, толғаныстар.– Алматы, 2001. – 336 б.

2) Сыдиықұлы Қ. Әншілік, сазгерлік өнер, сахна сәні // Каспий қайраңы: Киелі өнер: танымдық басылым = Искусство певцов-композиторов, мастера сцены // Каспийский шельф: Поклонение таланту.– Алматы, 2001.– 89-115 б.

3) Сыдиықұлы Қ. Бес ғасыр жырлайды [құраст: ф.ғ.д. Ғ.Әнес, Г. Омарова; ред. Т. Алпысбаев].– Алматы, 2014.– 389, [3] бет.– (Әдебиеттанудың озық үлгілері).

4) Сыдиықұлы Қ. Еңбектері: көптомдық. Т.7: Қанат қақты / [құраст.: Ғ.Әнес, Г.Омарова; ред.: Н.Батыр, Р.Ырыс; суретшісі: Н. Нұрмұханбетов].– Алматы, 2021.– 324, [4] б.

5) Сыдиықұлы Қ. Еңбектері: қөптомдық. Т.2: Ақын-жыраулар / [құраст.: Ғ.Әнес, Г.Омарова; ред.: Н.Батыр, Р.Ырыс; суретшісі: Н. Нұрмұханбетов].– Алматы, 2021.– 331, [5] бет: фотосуреттер

6) Сыдиықұлы Қ. Еңбектері: көптомдық. Т.5: Қырымның қырық батыры / [құраст.: Ғ.Әнес, Г.Омарова ; ред.: Н.Батыр, Р.Ырыс ; суретшісі: Н.Нұрмұханбетов].– Алматы, 2021.– 362, [5] б.

7) Сыдиықұлы Қ. Есімнама // Каспий қайраңы: Киелі өнер: танымдылық басылым = Персоналий // Каспийский шельф: Поклонение таланту.– Алматы, 2001.– 135-229 б.

8) Сыдиықұлы Қ. Кәусар бұлақ: Зерттеу.– Алматы, 2002.– 232 б.– (Атырау Ақын-жазушыларының кітапханасы. Қазына 35-кітап) .

9) Сыдиықұлы Қ. Сөз өнері // Каспий қайраңы: Киелі өнер: Танымдылық басылым = Исскуство слова // Каспийский шельф:Поклонение таланту [Мәтін] . – Алматы, 2001. – 23-88 б.

10) Сыдиықұлы Қ. Тағлымды тұлғалар: Зерттеулер. Мақалалар мен толғаныстар.– Алматы : Информ-Арна, 2000. – 168 б. ; 20 см.

11) Сыдиықұлы Қ. Таңдамалы: Өмір өрнектері / Қ. Сыдиықұлы.– Алматы: Арыс, 2006.– 384 б.

12) Сыдиықұлы Қ. Таңдамалы: Таңдамалы өлең-дастандары мен толғаныс- эсселері. Т.2: Атамекен / Кітапты құраст. және жауапты шығарушы Ғ.Әнес.– Алматы: Арыс, 2006.– 424 б.

13) Сыдиықұлы Қ. Таңдамалы: Таңдамалы зерттеулері. Т.1: Өмір өрнектері.– Алматы : Арыс, 2006.– 380(4) б.

14) Сыдиықұлы Қ. Үш қиян: Өлеңдер мен дастандар.– Алматы: Өлке, 1997.– 124 б.

 

Ол туралы:

 

1) Дина. Әсем қоңыр / [құраст. К. Сахарбаева; пікір жазғандар: А.Жайымов, Т.Тоғжан].– Алматы: Қазақ кітабы, 2021.– 284, [4] б.

2) Жанаев Тәжібай. Ұлылар ғибраты: мақалалар жинағы.– Алматы: Үш қиян, 2020.– 294, [2] бет: 4 бет жапсырма

3) Мұратанушы мұраты: профессор Қабиболла Сыдиықұлын еске алу кітабы.– Алматы: Арыс, 2019.– 416 б.

4) Озғанбай Өмірзақ. Тағзым: бес томдық. Т.5.– Алматы: Нұрлы әлем, 2021.– 356, [4] бет: 24 жапсырма б.

5) Омарұлы Бауыржан. Бақ қонған бәйтерек: эсселер, портреттік мақалалар, ой-толғамдар.– Алматы: Алматы-Болашақ, 2020.– 527, [1] б.

6) Шопықұлы Қ. "Қалнияз едім күнінде...": ХVІІІ-ХХ ғғ. өмір сүрген қазақ ақын-жырауларының биік тұлғасы, жауынгер жорық жыршысы Қалнияз Шопықұлының жыр жинағы.– Алматы, 2016.– 155, [5] б.

                                                             

* * *

1) Жаңабайұлы Төлеген. Ақкиіктоғайдан ұшқан ақиық // Кең Жылыой.– 2023.- 24 қаңтар (№ 4).- 4-5 б.

2) Мұратқызы С. Ғылымның қара нары – Қабиболла // Атырау.– 2014.- 20 қыркүйек (№ 107).- 12-13 бет.

3) Оралбайұлы Ө. Ұяң ұлағат: Руханият // Атырау.– 2014.- 18 наурыз (№ 30).- 8-9 б.

4) Сабырова К. Қазақтың Қабиболласы // Кең Жылой.– 2014.- 26 маусым (№ 24).- 4 б.

5) Сарытөбеде туылған сөз зергері немесе ақын Шынияз Шанайұлы хақында //  Нарын таңы.– 2020.- 23 шілде (№ 30).- 8-9 б.

6) Сұлтанғалиұлы Қ. Жақұт жинаған жиһанкез: Ғибрат // Атырау.– 2020.- 7 ақпан (№ 10).- 14 б.

 

Жауыров Теңдік

13 сәуір туғанына 90 жыл

 

Жауыров Теңдік Жауырұлы (Атырау қаласы Томарлы ауылында 13.04.1934 жылы туған) - танымал журналист-қаламгер, академиялық доцент. Гурьев педагогикалық училищесін және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін үздік дипломмен (1957 ж.) бітірген. Еңбек жолын  облыстық «Социалистік құрылыс» (қазіргі «Атырау») газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. 1961-1962 жылдары Қызылқоға аудандық  «Социалистік еңбек» (қазіргі «Қызылқоға»), 1963-1971 жылдары Махамбет аудандық «Малды өңір» (қазіргі «Жайық шұғыласы»), 1976-1978 жылдары облыстық «Коммунистік еңбек» («Атырау») газетінің редакторы, 1978-1995 жылдары «Атырау» газетінің Бас редакторы қызметтерінде істеген. Т.Жауырұлы Махамбет аудандық және облыстық газеттерге басшылық жасаған тұста аталған басылымдар бұқаралық жұмысты жолға қойғаны үшін республикада алғашқылардың бірі болып М.И.Ульянов атындағы Бүкілодақтық сыйлыққа ие болған.
      Әр жылдары Атырау облыстық партия комитетінде баспасөз жөніндегі нұсқаушы баспасөз жөніндегі нұсқаушы (1971-1976 жж.) және бөлім меңгерушісі (1978-1987 жж.) Журналистер одағы облыстық ұйымы басқармасының төрағасы, халықаралық саяси-апталық «Түркістан» газетінің Батыс аймақтағы меншікті тілшісі (1996-1997), «Ар-честь» (Сахара) және «Вечрний Атырау-Атырау ақшамы» гзеттері Бас редакторының бірінші орынбасары (1997-2001 жж.), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік  университеті журналистика бөлімінде оқытушы (2001-2002) қызметтерінде болған.

           «Аудан ақиқаты және жұмысшы село тілшілері» (1977), «Каспий құдаң емес» (1996), «Мұнай тарихы», «Таумыш» (1999), «Атырау әзілқойлары» (2002), «Жер кіндігі» (2003), Атырау ақын-жазушыларының 100 томдығында, «Желідегі ағын» (2006) атты ғылыми-зерттеу, деректі публицистикалық кітаптары жарық көрген.

Теңдік Жауырұлы тұңғыш Атырау энциклопедиясы авторларының бірі.

«Құрмет Белгісі» орденімен, «Еңбекте үздік шыққаны үшін», «Ерлік еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамтомасымен және басқа да көптеген Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1994).

 

Ол туралы:

 

1)                Ақбалов Жақсылық. Есімде қалған елес мұң: тағзым // Ken jiloy.– 2018.- 27 желтоқсан (№ 52).- 11 б.

 

2)                Ахметова Кенже. Әлі күнге мақтан етемін... // Atyray.– 2018.- 16 қазан (№ 84).- 10 б.

 

3)                Балмағамбетов Исатай. Тәлімгер Теңдік  тағылымы: Атырау газетіне - 100 жыл //  Атырау.– 2023.- 31 наурыз (№ 26).- 9 б.

 

4)                Берішбай Төлеген. Теңдік тәлімі // Atyray. – 2019.- 16 сәуір (№ 29).- 8 б.

 

5)                Біздің бас редакторлар // Dender.– 2019.- 27 маусым (№ 26-27).- 4-5 б.

 

6)                Газеттің бұрынғы бас редакторлары // Atyray.– 2018.- 30 наурыз (№ 26).- 6-7 б.

 

7)                Наурызәлі Т. Санаға сәуле құяр туынды // Atyray.– 2021.- 17 тамыз (№ 65).- 7 б.

 

8)                Сейтімова Лиза. Есте жүрген естеліктер // Атырау.– 2022.- 1 шілде (№ 51).- 12 б.

 

9)                Сейтімова Л. Қайран, біздің бас редактор! //  Atyray.– 2018.- 30 нарыз (№ 26).- 10 б.

 

10)            Теңдік Жауыров. Қобыз сазы қосылғанда // Саз саңлақтары.– Ақтөбе, 2004.– 51-54 б.

 

Өтебаев Сафи

25 мамыр туғанына - 115 жыл (1909-2007)

 

         Сафи Өтебайұлы Өтебаев (25 мамыр 1909 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау - 12 сәуір 2007 жылыАлматы) – даңқты мұнайшы, КСРО Құрметті мұнайшысы, Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері. Атырау облысының және Ақтау қаласының, Жаңаөзеннің Құрметті азаматы. ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан орденімен» марапатталған (1999 жылы). 1909-дың 25 мамырда Атырау облысы (бұрынғы Гурев облысы) Қарабау ауылында дүниеге келген. 1928 – 1930 жылдары Орынборда жұмысшы факультетінде, 1931 – 1935 жылдары Баку қаласында мұнай институтында оқыған.

         Еңбек жолы: 1936 – 1945 жылдары «Ембі мұнай» өндірісінде және оған қарасты мекемелерде жауапты қызметтер атқарды;

1938 – 1959 жылдары Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған; 1945 - 1951 жылдары Жылыой ауданының партия комитетінің 1-хатшысы; 1951 – 1957 жылдары «Қазақстанмұнай» бірлестігінің басшысы;

1957 - 1965 жылдары әуелі Гурьев, кейін Батыс Қазақстан облыстық халық шаруашылық кеңесінің төрағасы; 1965 – 1971 жылдары «Қазақстанмұнай», кейін «Маңғыстаумұнай» бірлестігінің басшысы;

1971 – 1980 жылдары Қазақ КСР-і Жоспарлау комитетінің ғылыми-техникалық информация институты бастығының орынбасары болды.

Ғылыми еңбектері: Маңғыстау байлығын игеру мәселелеріне арналған 30-дан астам ғылым мақалалары салалық-техникалық журналдарда, брошюраларда және және басқа да басылымдарда жарияланған.

Өмір жолын Қазақстан мұнай өнеркәсібінің қаз тұру, даму кезеңдерін суреттейтін «Өмір мұраты» (1988) атты кітабы жарық көрді.
 

Шығармалары:

                                                       

1) Абдрахманов Сауытбек. Елдік ерлігі: бес томдық: мақалалар, сұхбаттар, репортаждар. Т.2; [ред. Ш. Оразбаева; дизайнері: Ж. Досхожаев].– Нұр-Сұлтан, 2021.– 612, [4] бет: 8 бет жапсырма

2) Дәулетов Болат. Тамшы мұнай - тұмарым; [кітапты шығаруға жауапты: Қ. Жылқышиев]. – Атырау, 2019.– 238, [2] б.

3) Қалдыоразұлы Қ. Замана сарбаздары: деректі эсселер мен повестер жинағы.– Атырау, 2010.– 232 б.

4) Мұнайата Сафи Өтебаев: естеліктер: әдеби-көркем басылым / құраст. С.Өтебаева; ред. Н.Сафин.– Алматы, 2015.– 467, [5] бет+48 жапсырма бет

5) Н.Ә.Марабаев атындағы "Мұнайшы" Қоғамдық қорына 10 жыл = Общественному фонду "Мунайшы" имени Н.А.Марабаева 10 лет: альбом - кітап  – Алматы, [2014].– 147, [5] бет

6) Өтебаев Сафи // Ел ардақтылары.– Алматы, 2005.– 120 б.

7) Өтепбергенов Сабыр. Заманының заңғары: Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, ғұлама ғалым, әйгілі геолог Жолдасқали Ахметұлы Досмұхамбетовтың өршіл де өжет өмірі жайлы сыр-сұхбат немесе журналистік зерттеулер.– Алматы, 2002.– 208 бет: 16 сурет

 

Ол туралы:

 

1)                Абдрахманов С. Мұнайата // Мұнайата Сафи Өтебаев.– Алматы, 2015.– 219-226 б.

2)                Асылханов С. Қазақтың маңдайына біткен біртуар ұл // Мұнайата Сафи Өтебаев. – Алматы, 2015. – 189 б.

 

3)                Бешім Н. Ақылман аға // Мұнайата Сафи Өтебаев. – Алматы, 2015. – 338-339 б.

 

4)                Досымбаева А, Тұяқов Ә. Сәулелі ғұмыры бізге үлгі // Мұнайата Сафи Өтебаев. – Алматы, 2015. – 355-356 б.

 

5)                Дүтбаев С. Халқының мақтанышы // Мұнайата Сафи Өтебаев. – Алматы, 2015. – 324-325 б.

 

6)                Кекілбайұлы Ә. Патриарх // Мұнайата Сафи Өтебаев. – Алматы, 2015. – 266-268 б.

 

7)                "Қазақстанның мұнай энциклопедиясына" қосарым бар // Мұнайата Сафи Өтебаев.– Алматы, 2015.– 167-171 б.

 

8)                Қырымқұлов С. Қазақ мұнайының көшбасшысы // Мұнайата Сафи Өтебаев. – Алматы, 2015. – 216-218 б.

 

9)                Озғанбаев Ө. Мұнайшылар абызы - Сафи Өтебаев туралы бір үзік сыр // Мұнайата Сафи Өтебаев. – Алматы, 2015. – 306-308 б.

 

10)            Рахымбердиев С. Еңбегі ұшан теңіз // Мұнайата Сафи Өтебаев. – Алматы, 2015. – 243-244 б.

 

11)            Саматұлы Н. Бейбіт еңбектің батыры // Мұнайата Сафи Өтебаев. – Алматы, 2015. – 254-258 б.

 

12)            Төлегенов Қ. Сафи аға - қайырымдылық үлгісі // Мұнай ата Сафи Өтебаев. – Алматы, 2015. – 195-203 б.

 

13)            Шомаев Қ. Қарабаудан шыққан қайраткер // Мұнайата Сафи Өтебаев. – Алматы, 2015. – 394-395 б.

 

14)            Ізмұхамбетов Б. Еңбегі өлшеусіз // Мұнайата Сафи Өтебаев.– Алматы, 2015.– 311-312 б.

* * *

 

1)                Арыстанәлиев Е. Қазақ мұнайының абызы // Атырау.– 2014.- 8 сәуір (№38).- 6 бет

 

2)                Базарбаев Азамат. Атырауда ескерткіші бар Сафидың!.. // Atyray.– 2019.- 3 қыркүйек (№ 69).- 14 б.

 

3)                Қасан А. Мұнай абызы Сафи Өтебаев: Суреттер сөйлейді // Мұнайлы астана.– 2014.- 15 қаңтар (№3).- 4 б.

 

4)                Қонысбаев Ш. Ауыл азаматымен көрікті: Аудан ардақтылары // Қызылқоға.– 2015.- 10 қыркүйек (№ 36).- 9 бет

 

5)                Мәжитов М. Мұнайата шыңы: Тағзым // Егемен Қазақстан.– 2016.- 9 қаңтар (№4).- 9 б.

 

6)                Мурзагалиева Г. Қазақ мұнайының абызы  //  Maqat tynysy.– 2019.- 16 мамыр (№ 20).- 9 б.

           

7)                Мырзағалиев Қ. Мұнайдан бақытын тапқан алғашқы қазақ // Мұнайата Сафи Өтебаев.– Алматы, 2015.– 187-188 б.

 

8)                Нығметов Болат. Қазақ мұнайының абызы // Қазақ тарихы ғылыми-әдістемелік жұрнал.– 2020.- қыркүйек ( № 9).- 14-15 б.

 

9)                Саматұлы Н. Қазақ мұнайының атасы 95 жаста  // Ана тiлi.– 2004.- 20 мамыр (№ 21).- 7 б.

                

10)            Шынтемірқызы Гүлайым. Сайын даланың сырын ұққан Сафи // Егемен Қазақстан.– 2018.- 5 қырқүйек (№167).- 9 б.

 

11)            Шырдабаев Р. Қазақстанның мұнай-газ саласының негізін салушы // Мұнайата Сафи Өтебаев.– Алматы, 2015.– 315-317 б.

 

Әлімгереев Өтепберген

26 мамыр туғанына - 75 жыл

 

Әлімгереев Өтепберген 1949 жылы 26 мамырда Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. 1972 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген соң, еңбек жолын Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында мектеп мұғалімі боп бастайды. 1973 жылдың 15 мамырында «Атырау» (Атырау облыстық) газетіне жұмысқа шақырылған. Алматы Жоғары партия мектебін тамамдаған. 1990 жылдан бері Атырау телерадио компаниясында Бас редактор боп жұмыс істейді.

Әдеби туындылары 1966 жылдан бері түрлі газетжурналдарда жарияланған. Алты әдебипублицистикалық кітаптың, «Күй – күмбез», «Асау Тұрлан» атты кітаптардың авторы. Махамбет, Асан Қайғы, Жиренше шешен, Мұрат, Бала Ораз, Мақаш әкім туралы зерттеулер жазған.

Қазақстан Журналистер одағы мен Орталық табиғат қорғау қоғамы сыйлығының үш дүркін (1980, 1982, 1994), Атырау облысы әкімі белгілеген Махамбет атындағы республикалық сыйлықтың (1996) лауреаты. «Егемен Қазақстан» газеті (1987) мен «Ара» журналы (1980, 1981) конкурстарының жүлдегері.

                                                                   

Шығармалары:

 

1) Әлімгереев Өтепберген. Алаш аңсаған азаттық.– Алматы, 2011. – 254 (2) б.

2) Әлімгереев Өтепберген. Атырау ақтаңгерлері.– Атырау, 2014.– 351, [1] б.

3) Әлімгереев Өтепберген. Атырау қаламгерлері.– Атырау, 2014.– 310, [1] б.

4) Әлімгереев Ө. Бөкей хан.– Атырау: Атырау-Ақпарат, 2015.– 253, [1] б.

5) Әлімгереев Ө. Ғажайып ғұмыр.– Алматы, 2001.– 7-64 б.

6) Әлімгереев Ө. Дала дауысы: Өлкетанушы жазбалары.– Алматы, 2003.– 72 бет

7) Әлімгереев Ө. Еділ жайлаған қазақтар: деректі зерттеу.– Алматы, 2012.– 246 б.– (Шетелдегі қазақтар қауымдастық кітапханасы)

8) Әлімгереев Ө. Жадымыздағы жаңғырықтар: әпсаналар мен эсселер.– Атырау: Ағатай, 2013.– 228 (2) б.

9) Әлімгереев Ө. Күй-күмбез: Құрманғазы мектебінен тәлім алған күйші, домбырашылар туралы эсселелр мен очерктер.– Алматы, 1997.– 144 б.

10) Әлімгереев Ө. Құрманғазы: Ұлы сазгердің шығармашылық және орындаушылық дәстүрін жалғастырушылар туралы.– Алматы, 2013. – 305, [7] б.

11) Әлімгереев Ө. Қожағали Болыс және оның ұрпақтары.– Алматы, 2006.– 148 б.+32 б.түрлі түсті жапсырма

12) Әлімгереев Ө. Құныскерей.– Ақтөбе, 2003.– 240 б.– (Атырау Ақын-жазушыларының кітапханасы. Қазына 85-кітап).

13) Әлімгереев Ө. Өнерлі өлкенің бір ұлы: Арқалы домбырашы // Өнер майталмандары.– Ақтөбе, 2004.– 152 б.

14) Әлімгереев Ө. Өтті ғой соғыс: Деректі әңгімелер.– Алматы, 1995. – 64 б.

15) Әлімгереев Ө. Сарайшық.– Алматы, 2000. – 72 б.

16) Әлімгереев Ө. Сырым денесі - ғайып бабада... // Сырым Датұлы: Жинақ / Құраст. Қ.Мұханбетқалиұлы.– Алматы, 2004.– 68-71 б.

17) Әлімгереев Ө. Шабыт: шығармашылық портреттер.– Алматы, 2018.– 192 б.;

18) Әлімгереев Ө. Шекара асқан ағайын.– Алматы, 2018.– 192 б.

                                                               * * *

1) Әлімгереев Ө. Азамат бақыты // Атырау.– 2020.- 1 мамыр (№ 36).- 16 б.

2) Әлімгереев Ө. Алақай батыр // Қызылқоға.– 2020.- 16 сәуір (№ 16).- 14-15 б.

3) Әлімгереев Ө. Ерте үзілген ғұмыр: Тағзым // Атырау.– 2019.- 20 тамыз (№ 65).- 10 б.

4) Әлімгереев Ө. Әлем таныған Әбіш Кекілбайұлы атыраулықтардың құшағында //  Атырау.– 2009.- 29 желтоқсан (№ 153).-1-6 б.

5) Әлімгереев Ө. Ишекеңнің өрнегі: рухани жаңғыру // Серпер.– 2021.- 11 ақпан (№ 6).- 12 б.

6) Әлімгереев Ө. Көнсадақты Көктаубай // Қызылқоға.- 2020.- 26 наурыз (№ 12-13).- 12 б.

7) Әлімгереев Ө. Өрліктен басталған өрлеу // Atyrau.– 2022.- 29 сәуір (№ 31-32).- 15 б.

8) Әлімгереев Ө. Сал әннің сазы: ғибрат // Atyray.– 2021.- 7 қыркүйек (№ 71).- 6 б.

9) Әлімгереев Ө. Ұстаз бақыты: мерей // Атырау.– 2021.- 27 тамыз (№ 68-69).- 10 б.

10) Әлімгереев Ө. Шығай сұлтан // Серпер.– 2020.- 28 мамыр (№ 22).- 16 б.

11) Әлімгереев Өтепберген. Ақжейде әріптес // Атырау.– 2022.- 20 қыркүйек (№ 74).- 8 б.

12) Әлімгереев Өтепберген. Аға еді, тұла бойы тұнған үлгі: есімі ел есінде // Атырау.– 2023.- 31 наурыз(№ 26).- 6-7 б.

13) Әлімгереев Өтепберген. Еділдің ұлы Бопылдық: тарих // Қызылқоға.– 2023.- 25 мамыр (№ 22).- 5 б.

14) Әлімгереев Өтепберген. Еңбектен тапқан бақытын: қазыналы  қарт-елдің ұйытқысы //  Серпер.– 2021.- 30 қыркүйек (№39).- 3 б.

15) Әлімгереев Өтепберген. Ер Едіге: рухани жаңғыру // Қызылқоға.– 2021.- 24 маусым (№25).- 3 б.

 

Ол туралы:

 

1) Ақжелең дәурен, жайсаң жыр: ақын, жазушы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Жеңіс Ароновтың шығармалар топтамасы мен естеліктер жинағы / [әдеби өңдеп, құраст.: Б. Жұмат, Ө. Кенжеахметов, А. Жеңісұлы ; "Аяз би" ауыл мәдениетін қолдау қоры]. – Атырау : Реформа, 2021. – 328 бет

2) Асуы биік оркестр: деректі-суретті тарихи шежіре / Атырау облысы әкімдігі ; Атырау облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ; Дина Нұрпейісова атын. акад. қазақ халық аспаптары оркестрі ; [құраст.: Ө. Әлімгереев, А. Шәріпбаева].– Алматы: Қазақ кітабы, 2019.– 269, [3] бет: суретті + 1 электрон. опт. дискі (CD-ROM);

3) Атырау облысы ардагерлерінің 100 есімі: ақпараттық-танымдық, энциклопедиялық жинақ / Атырау облысы әкімдігі, облыстық ардагерлер кеңесі; [ред. алқа: Қ. Ризуанов [т.б.]]. – Атырау : Атырау-Ақпарат, 2019.– 556 бет, [12].– (Рухани жаңғыру) .

4) Бабаш Бақытгүл. Құндағы құтты Құрманғазы; [кітапты шығаруға жауапты: Қ. Жылқышиев].– Атырау: Ағатай, 2019.– 175, [1] б.

5) Ғабдешұлы Құмарғали. Дариға дәурен.– Алматы : Арыс, 2003. – 160 б. ; 20 см.

6) Жауыров Орақ. Сал домбыра, шалқар күй; [алғысөз: Ө. Әлімгереев ; ред. Г. Ақжолова].– Нұр-Сұлтан, 2020.– 253, [3] б.

7) Жауырұлы Теңдік. Қалам қызметі - қастерлі қарекет: өмір жолынан эссе-жазбалар, ой-толғамдар / Т. Жауырұлы.– Атырау: Атырау-Акпарат, 2014.– 308 бет: 12 фотосурет

8) Ибішев Ғатау. Күй-ғұмыр: еске алу кітабы; [құраст., әдеби өңд.: А. Ибішева, Ө. Әлімгереев]. – Алматы, 2016.– 205, [3] б.

9) Күй атасы / Атырау облысы әкімдігінің Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы; Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі; [алғысөз: Р. Харипова ; шығаруға жауапты: Қ. Жылқышиев]. – Атырау : Ағатай, 2018. – 247, [1] б.

10) Қажымғалиұлы Өмірзақ. Өрнектер: үш томдық. Т.1; [мұқаба дизайны мен беттеу: П.С. Романенко].– Көкшетау: Кокше-Полиграфия, 2021.– 299, [1] бет : суреттер

11) Қалдырған ізің мәңгілік: еске алу кітабы / [құраст. әдеби өңд.: Е. Нұрмағамбетов, Ө. Әлімгереев; әдеби ред. Ә. Төлеуішов; алғысөз: Қ. Ғабдолла].– Атырау: Атырау-Ақпарат, 2017.– 202, [1] б.

   

 

Қарабалина Бақыт

1 маусым туғанына – 85 жыл

 

Бақыт Тоқсанбайқызы Қарабалина 1939 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданында дүниеге келген. Домбырашы, Қазақстанның халық артисі, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры.

1965 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін (А.Жұбанов пен Л.Мұхитовтың класы бойынша) бітірді. 1960 жылдан бастап, Құрманғазы атындағы Қазақтың Мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің домбырашы-солисі. Оркестрдің құрамында ол әлемге қазақтың домбыра музыкасының сұлулығын танытты, көптеген елдерде өнерлік іссапарларда болды.

Ол қазақтың халық композиторлары: ҚұрманғазыныңСейтектіңДәулеткерейдіңМәменнің, Қазанғаптың күйлерін орындаушы. Бақыт Қарабалинаның орындауында күйлер ерекше тереңдігімен айрықшаланады. Оның репертуарында қазақ және шетелдік композиторлардың шығармалары бар.

Ол туралы:

 

1) Әлімгереев Ө. Құрманғазы: Ұлы сазгердің шығармашылық және орындаушылық дәстүрін жалғастырушылар туралы; [ред. Ғ.Қабдолқайырұлы].– Алматы: Арыс, 2013.– 305, [7] б.

2) Ысқақ М.Тарих – тағылым.– Алматы: Арыс, 2012. – 315, [5] б.

                                                     * * *

1) Дәрелұлы Т. Еленбей жүрген бір қызың ... // Серпер.– 2009.- 28 мамыр

2) Ершу Маржан. "Екінші Дина" атанған // Atyray.– 2019.- 7 маусым (№ 44).- 9 б.

3) Әлімгереев Ө. Қоңыр-қоңыр қошалақ...: Сыр-перне // Ана тілі.– 2010.- 10-16 маусым (№23).- 8 б.

4) Сапарова Б. Күмбірлеген күй құдыреті: байқау // Мұнайлы Астана.– 2014.- 29 қазан (№44).- 5 б.

5) Шакупова А. Кербез күйдің құдіретін сезінейік: Бойтұмар // Серпер.– 2015.- 10 қыркүйек (№36).- 11 бет.

 

Хайдарұлы Саламат

15 маусым туғанына – 105 жыл

 

Саламат Хайдарұлы  1919 жылы 15 маусымда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржол ауылында туған.

Атырау қаласындағы педтехникумды, Батыс Қазақстан облысындағы А.С. Пушкин атындағы институтты, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған. 

          1943–1949 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Атырау облысындағы уәкілі болған. Құрманғазы аудандық «Социалистік жол» газетінің редакторы (1949–1952), Батыс Қазақстан өлкелік «Батыс Қазақстан» газетінің Атырау облысындағы тілшісі, облыстық газетте әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, облыстық партия комитетінің баспасөз жөніндегі нұсқаушысы, «Қазақстан» баспасында редакция меңгерушісі, республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Маңғыстау облысындағы тілшісі қызметтерін атқарған. 

          Ол 1952 жылы саяси-қуғын сүргінге ұшырағандардың бірі болды. Әкесі бай болған, атасы қажыға барған деген дәлелдермен жұмыс орнынан алынып, партиялық қатаң жазаға тартылады. 

          «Өрлеу жолында», «Теңіз самалы», «Қанды асу», «Ой ұшқындары» (І-кітап, 2008), «Ой ұшқындары» (ІІ-кітап, 2009) секілді кітаптардың авторы.

 

                                                                   Ол туралы:

 

1) Азамат. Кемел Тоқаев: өмірі мен тағдыры.– Алматы, 2003.– 431, [1] бет: 36 бет фотосуреттер

 

 

 

Смағұлов Қайырғали

5 қыркүйек туғанына – 105 жыл (1919-1996)

 

Қайырғали Смағұлов 1919 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қайыршақты (Томарлы) ауылында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған оны анасы Биғайша өзі өсіріп, тәрбиеледі. Жастайынан оқуға, білім алуға талпынған Қайырғали 1933 жылы Орал балалар үйінде тәрбиеленіп, жетіжылдық білім алды. Артынан туған анасы іздеп келгенде ол білімге деген құштарлығынан бас тарта алмай, сонда қалып оқыды. Балалар үйіндегі достары оны Костя деп атаған. Кейбір ресми құжаттарда Константин Иванович есімімен де аталады. 1939 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылады. Әскери борышын өтеп жүрген кезінде екінші дүниежүзілік соғыс басталып майданға аттанады. Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұлов 1939 жылдан 1946 жылдың жазына дейін әскер қатарында болып, елге аман-есен оралды.

Елге келгеннен кейін де бейбіт өмірге араласып, іске алғырлығын көрсете білді. Атыраудағы білім беру мекемелерінде басшылық қызметтерді атқарды. Он жылдай Гурьев (Атырау) педагогикалық институтында әскери дайындық мамандығынан дәріс берді. 1970-1980 жылдары Гурьевтегі (Атырау) №12 кәсіптік-техникалық училищесінде тәрбиеші болды. Қазір аталмыш училищеде де, өзі өскен Қайыршақты ауылында да Батырға арналған мұражайлар бар. Қайырғали Смағұлов 1996 жылғы 22 қазанда қайтыс болды. Ол өзінің туған жері Томарлы селосындағы зиратқа жерленіп, батырға лайықты мазар-кесенесі салынды. Қазір батырдың атында Атырау қаласында көше, алаң бар, бұрынғы қалалық атқару комитеті үйі алдында бюст орнатылған. Көзі тірісінде 1975 жылы «Атырау қаласының Құрметті азаматы» атағы, ал қайтыс болғаннан кейін «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Батырдың өмірі мен ерлігі Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» шығармасына арқау болған.

 

Ол туралы:

 

1)                Атырау  өңірлерінің  батырлары // Табылдиев Х.  Атырау облысы отты жылдарда.– Атырау, 2014.– 93-108 б.

 

2)                Батыр туған колхоздың байлығы // Қорқытов Б. Атырау-атамекенім.– Атырау, 2009.– 170-172 б.

 

* * *

1) Әміржанұлы А. Отанды сүюдің өшпес өнегесі: Ұлы Жеңіске - 70 жыл // Атырау.– 2014.- 16 қыркүйек (№105).- 12 бет.

 

2)  Базарбаев С. Қайырғали Батыр келгенде: Қаһарман // Дендер.– 2015.- 16 сәуір (№15).- 12 б.         

3) Ғабдолла Қамза. Өшпес ерлік өнегесі // Atyray.– 2019.- 24 мамыр (№ 40).- 8 б.

 

4) Ер есімі - ел есінде // Мерейлі мекен.– 2015.- № 1.- 4-8 б.

 

5) Жүсіп Қадыр. Қайроштың прототипі // Atyray.– 2019.- 20 қыркүйек (№ 74).- 8-9 б.

 

6)                Жұмалиев Б. Майдандық хикаялар: Ұлы жеңіске - 70 жыл // Қызылқоға.– 2014.- 16 қазан (№40).- 5 б.

 

7)                Жыр етіп халықтың ерлігін, жеңісті тойлайды ел бүгін! // Атырау.– 2000.- 8 мамыр (№ 5-4).- 2-3 б.

 

8)                Қасан А. Қазақ солдаты - Қайырғали: Суреттер сөйлейді // Мұнайлы Астана.– 2014.- 29 қазан (№44).- 4 б.

 

9)                Қуанов Б. "Қазақ солдаты" Қайрош-Қайырғали // Сахара.– 2020.- 1 мамыр (№ 18-21).- 6 б.

 

10)            Макарова Ханбибі. Менің сүйікті кейіпкерім // Qyzylqoga.– 2018.- 5 сәуір (№ 14).- 6 б.

 

11)            Молдақұлов Н. Батыр бейнесі халық жүрегінде // Атырау.– 2009.- 9 мамыр

 

12) Нәсіпқалиқызы А. Ерлік ешқашан өшпейді: Ер есімі - ел есінде // Атырау.– 2014.- 13 қараша (№ 130).- 7 б.

           

13) Серікова Альбина. Батыр рухына тағзым // Атырау.– 2009.- 13 қазан (№ 122).- 7 б.

 

14) Сүмесінов М. Батырдың батасы: Ұлы Жеңіске - 70 жыл // Атырау.– 2014.- 8 қараша (№128).- 9 бет

           

15) Тарихта қалған есімдер: Рух // Атырау.– 2015.- 9 сәуір (№ 38).- 9 б.

 

16) Тарихта қалған есімдер: Ұлы Жеңіске - 69 жыл // Атырау.– 2014. - 6 мамыр (№ 50-51).- 8-9 б.

Cанбаев Сәтімжан

16 қыркүйек туғанына – 85 жыл

 

Сәтімжан Санбаев 1939 жылы 16 қыркүйекте қазіргі Атырау облысы, Мақат селосында туған.

Орынбор ауыл шаруашылығы институтын, КСРО Жазушылар одағы жанындағы Жоғары әдебиет курсын бітірген. Атырау облысы Энгельс совхозында бас инженер, Павлодар трактор зауытында инженер-конструктор, Балқаш кен-металлургия комбинатында инженер «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, Азия-Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақ комитетінің жауапты хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Невада-Семей» қозғалысының вице-президенті, Ш.Айманов атындағы ұлттық кинокомпаниясында бас редактор қызметтерін атқарған. Қазір шығармашылық жұмыста.

          Шығармаларын орыс тілінде жазады. Алғашқы повестері «И вечный бой», «Белая аруана» 1968 жылы «Простор» журналында жарық көрді. Шығармалары қазақ тіліне, сондай-ақ КСРО халықтарының көптеген тілдеріне, шетел тілдеріне аударылған. «Флакон одеколона» атты драмасы М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында қойылып жүр.Шығармашылығымен бірге кино саласында да еңбек етіп келеді. «Ұшы-қиырсыз жол», «Той боларда», «Шоқан Уәлиханов», «Батыр баян» көркем фильмдерінде басты рольдерде ойнаған. «Қыз Жібек», «Ыстық көл қызғалдақтары» кинофильмдерін қазақшалаған. «Там, где горы белые», «Дом у соленого озера» кинофильмдерінің авторы. Абайдың қарасөздерін, М.Әуезовтың, С.Бегалиннің, Ә.Сәрсенбаевтың, Қ.Ысқақтың т.б. қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударған. КСРО Жазушылар одағы мен ВЦСПС-тің жұмысшылар тақырыбына арналған шығармалар конкурсының лауреаты (1981). «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
 

Шығармалары:

 

1) Санбаев С. Белая аруана.– Москва: Русская книга, 2003. – 320 с.

 

2) Санбаев С. Времена года нашей жизни: Роман.– Алматы, 1977.– 336 с.

 

3) Санбаев С. Дорога только одна: Роман.– Алматы, 1970.– 165   (3) с.

 

4) Санбаев С.К. Дорога только одна: Повести и роман.– Москва, 1974.– 432 с., с ил.

 

5) Санбаев С. Когда жаждут мифа: Повести и рассказы.– Алматы, 1989.– 348 (4) с.

 

* * *

 

1) Санбаев С. Ақ Аруана. Белая Аруана  : орыс. тіл ау // Мақат тынысы.– 2023.- 7 сәуір (№14).- 5 б.

 

2) Санбаев С. Девять дней одного года: из дневниковых записей // Простор.– 2014.- №9. - С.136-142

 

3) Санбаев С. Корни его глубоко в земле: Ко дню нефтяника // Прикаспийская коммуна.– 2017.- 1 сентября (№ 68).- С. 6

 

4) Санбаев С. Навстречу жизни // Тоқсан толғау: естеліктер, эсселер ; Құраст. Р. Сәрсенбаева, Редакт. Е. Дүйсенбайұлы. – Алматы : Агроиздат, 2003. – 121-122 бет

 

Ол туралы:

 

1) Аңызға айналған актер.– Ақтөбе, 2004.– 160 б.

 

2) Аупбаев Жанболат. Ғақлия // ANA TILI.– 2020.- 16-22 сәуір (№ 13-14).- 10 б.

 

3) Бегалин Мәжит: Кітап -альбом (қазақ,орыс тілінде ).– Алматы, 2008. – 160 бет

 

4) Варшавская Енисеева Л. По следам "Белой аруаны" Сатимжана Санбаева // Мысль.– 2014.- №11.- С.49-65

 

5) Деңгелбаев О. Сәтімжан аға: Сәтімжан Санбаевтың туғанына - 75 жыл  // Мақат тынысы.– 2014.- 18 қыркүйек (№36).- 16 бет.

 

6) Ездят Венгры В "Ак-Мечеть" (Сатимжану Санбаеву) // Карашин Б. Запоздалые стихи: Стихи.– Актобе, 2004.– 34-35 б.

 

7) Құрмашева Алтыншаш. "Аруананы алып шыққан, жүрек отын жарып шыққан..." //  Atyray.– 2019.- 11 қазан (№ 80).- 13 б.

 

8) Қыры қалың қаламгер // Қоқытов Б. Атырау арыстары: 2-кітап. – Атырау, 2008.– 199-202 б.

 

9) Мұқашева Б. Оның әр шығармасы сағыныштан туындады [Мәтін]  : Сәтімжан Санбаев - 75 жаста //  Мақат тынысы.– 2014.- 6 қараша (№43).- 9 бет

 

10) Однажды и на всю жизнь // Литер.– 2018.- 10 февраля (№ 23). - С. 6-7

 

11) Санбаев С. Навстречу жизни // Тоқсан толғау: естеліктер, эсселер.– Алматы, 2003.– 121-122 б.

     

12) Санбаев С. Девять дней одного года: из дневниковых записей // Простор.– 2014.- №9.- С.136-142

 

13) Сейтімова Л. Өмірі өнерімен өрнектелген: Мәдениет - елдің мәйегі // Атырау.– 2014.- 27 қараша (№ 136).- 6-7 б.

 

14) Сейтімова Л. Сегіз қырлы, бір сырлы  // Атырау.– 2014.- 25 қараша (№135).- 7 бет

 

15) Турганова Алма. Сатимжан Санбаев в народной памяти // Прикаспийская коммуна.–2019.- 11 октябрь (№ 79).- С. 6

     

16) Тұманбайұлы К. Тектіден туған текті // Atyray.– 2021.- 2 шілде (№ 52/53).- 15 б.

 

17) Тұманбайұлы Кенжебек. Тектіден туған текті: ұлағат // Атырау.– 2021.- 2 шілде (№52-53).- 15 б.

     

Әжіғалиев Нұралы

23 қыркүйек туғанына – 85 жыл (1939-2005)

 

Әжіғалиев Нұралы (1939–2005) 23 қыркүйекте Атырау облысы, Исатай ауданы, Бабан ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Атырау педагогика институтының филология факультетін бітірген. Атырау облысы, Ембі аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы және облыстық, бірнеше аудандық газеттерде жауапты қызметтер атқарған. Қазір «Нарын» журналының Бас редакторы. «Жаңғырығы жанымның», «Тағдырым осы таңдаған» жыр жинақтарының авторы. Соңғы жинағы үшін 1999 жылы республикалық Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты атанды.

 

Шығармалары:

 

1)  Әжіғалиев Нұралы. Абзал досым Бақтығалиға // Нарынның нартуғаны: ойтолғақ.– Алматы, 2011.– 58-59 б.

 

2) Әжіғалиев Н. Беу, дүние...: Өлеңдер.– Алматы : Өлке, 2001.– 168 б.

 

3)  Әжіғалиев Н. Біртұтам ғұмыр-ай... // Әлімгереев Ө. Атырау қаламгерлері.– Атырау, 2014.– 12-20 б.

 

4) Әжіғалиев Нұралы. Есіңде мәңгі қалғалы келгем: жырлар.– Атырау, 2014.– 418, [1] б.

 

5) Әжіғалиев Нұралы Жырым менің - жанарым елге қарар // Сарайшық.– 2022.- наурыз (№ 3).- 48-56 б.

   

6) Әжіғалиев Нұралы. Күй: Ғатау Ибішевке // Ибішев Ғ. Күй – Ғұмыр.– Алматы, 2017.– 100 б.

    

7) Әжіғалиев Нұралы. Өлеңдер.– Алматы, 2002.– 224 б.

 

8) Әжіғалиев Нұралы. Тағдырым осы таңдаған / Н. Әжіғалиев. – Алматы: Арыс, 1999. – 196 б.

 

9) Әжіғалиев Нұралы Таңдамалы: Жыр кітабы. – Алматы: Жазушы, 2002.– 280 б.

 

10) Әжіғалиев Нұралы Тағдырым осы таңдаған / Н. Әжіғалиев. – Алматы : Арыс, 1999. –  196 б.

     

Ол туралы:

 

1) Аламан.– Алматы: Арыс, 2002.– 234 б.– (Атырау ақын-жазушыларының кітапханасы. Қазына 7- кітап)

 

2) Алтын діңгек - өзім туған босағам // Narin tany.– 2018.- 4 қазан (№ 40).- 5 б.

 

3) Аруев Д. Жұртының жүрегінде жыры қалған..: [Нұралы ақынын алқалы елі ардақтады]  //  Атырау.– 2014.- 28 қазан (№123).- 12-13 бет.

 

4) Атырау // Әжіғалиев Н. Таңдамалы.– Алматы, 2002.– 79-80 б.

 

5) Бағыт Нұрлыбек. Жусан иісі // Naryn tany.– 2019.- 11 қазан (№ 41).- 6 б.

 

6) Базарбаев Бүркіт. Таңбалы тағдыр тағылымы // Naryn tany.– 2019.- 11 қазан (№ 41).- 6 б.

 

7) Бержанов Жайнарбек. Арқалы жырдың ақтаңгері еді // Naryn tany.– 2019.- 4 қазан (№ 40).- 7 б.

   

8) Берікбай Серікбол. Жұртының жүрегінде жыры қалған Нұралы ақын оқулары өтті // Нарын Таңы.– 2017.- 7 желтоқсан (№ 49 ).- 7 б.

 

9) Дәулетияр Ж. Елінің есінде қалған ақын // Нарын таңы.– 2014.- 16 қазан (№ 40).- 3 б.

 

10) Дәулетияр Ж. Нарынға оралғандай Нұралысы немесе ақын туған топырақтағы тағылымды іс // Нарын таңы.– 2014.- 30 қазан (№ 42).- 1, 4-5 б.

11) Дүсіпқызы Қорлығайын. Наркескен ақын Нұралы // Сарайшық.– 2022.- сәуір №4.- 64-70 б.

    

12) Дүсіпова Қорлығайын. "Мені Нұралыға кездестірген газет бұл" // Нарын таңы.– 2018.-15 -22 ақпан (№ 7).- 7 б.

     

13) Еңсегенов Сәрсенбай. Бір шумағымен біраз ақынды таңғалдырған  //  Naryn tany.– 2019.- 11 қазан (№ 41).- 4 б.

     

14) Есекеш А. "Нарынның Наркескені Нұралы ақын" // Нарын таңы.– 2014.- 16 қазан (№40).- 3 бет  

 

15) Есіңде мәңгі қалғалы келгем // Naryn tany.– 2019.- 4 қазан (№ 40).- 1 б.

 

16) Әйтішева Ұлдай. Кісілігі бір төбе // Atyray.– 2018.- 25 желтоқсан (№ 103).- 7 б.

 

17) Жетпіспаева Фариза. Айтары оның өлеңде қалды // Naryn tany.– 2019.- 11 қазан (№ 41).- 6 б.

   

18) Жүсіп Қ. Тарпаң мінезді талант: Тұлға // Сахара.– 2014.- 23 қазан (№ 52).- 6-7 бет.

 

19) Мұратұлы Аслан. Ақын мұрасы өлмейді // Naryn tany.– 2019.- 4 қазан (№ 40).- 4 б.

 

20) Наркескен: Нарынның наркескен ақыны марқұм Нұралы Әжіғалеив туралы баллада // Ізекенұлы Қалидолла. Жансарай.– Атырау, 2013.– 46-49 б.

     

21) Наркескені Нарынның // Naryn tany.– 2019.- 10 қаңтар (№ 2).- 9 б.

 

22) Насиханов Мүтиғолла. Сан қырлы талант иесі // Naryn tany.– 2019.- 4 қазан (№ 40).- 6 б.

 

23) Ниетқалиева Гүлзада. Ақынның жары // Atyray.– 2018.- 18 қыркүйек (№ 75).- 10 б.

 

24) Өтеғалиев М. Сүйір тілді бабалардың тұяғы // Naryn tany.– 2019.- 4 қазан (№ 40).- 6 б.

 

25) Панабердиев Серікбол. Нарыны есіне алды Наркескенін: тағзым // Naryn tany.– 2019.- 11 қазан (№ 41).- 4-5 б.

     

26) Сапарұлы Қ. Біз білетін Нұралы // Нарын таңы.– 2014.- 23 қазан (№41).- 5 б.

 

27) Сейтақ  Ғайса-Ғали. Аққыстау алдаспаны // Naryn tany.– 2019.- 11 қазан (№ 41).- 5 б.

 

Аманшин Берқайыр

11 қараша туғанына 100 жыл (1924-1985)

 

         Берқайыр Аманшин  (1924–1985) - 11 қарашада Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданындағы Бетпақкөл ауылында туған. 1953 жылы ҚазПИдің филология факультетін бітірген. 1942–1953 жж. партия кеңес қызметтерінде, 1953–1954 жж. Қазақ мемлекеттік баспасында, 1954–1959 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет істеген. 

         1959–1965 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстан облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы, 1966–1971 жж. «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, 1971–1973 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің өнер жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары, 1973–1979 жж. «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналының бөлім меңгерушісі, біраз жыл Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі қызметтерін атқарған.

          Тұңғыш өлеңі Атырау облыстық газетінде 1942 жылы жарияланған. Тұңғыш жинағы «Өлеңдер» 1954 жылы жарық көрді. Бұдан кейін «Бұтақтағы бұлбұлдар» (1958), «Жетісу – Жайық» (1961), «Менің өмірбаяным» (1965), «Менің Маңғыстауым» (1972), т.б. прозалық жинақтары, «Махаббат мұңы» (1968), «Көкжар» (1971) повестері, «Махамбеттің тағдыры» (1987) романы басылды. Балаларға арналған «Жылқы фермасында» (1955), «Ботақан» (1964) аталатын өлең жинақтары бар. «Таныстық керек», «Жақия – Исатайдың баласы», «Жылама, Дәмеш» (М.Гeршпен бірігіп жазған) ьесалары республикалық театрлар сахнасында қойылған. Ол Махамбет пен Ығылман ақын шығармаларын жариялауда елеулі қызмет атқарды. «Игорь полкі туралы сөзді», А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой, С.Юлаев, т.б. шығармаларын қазақ тілінде сөйлетті. Шығармалары бірқатар шетел тілдеріне аударылған. Өзі дүние салғаннан кейін «Махамбет тағдыры» атты шығармалар жинағы жарық көрді (1991).

 

Шығармалары:

 

1) Аманшин Б. В степном городке: Повесть.– Алматы: Жалын, 1991. – 96 с.

 

2) Аманшин Б. Достар суреті // Мұнайшы арулар еңбегі-ерлік ескерткіші. – Алматы, 2005. – 230 б.

 

3) Аманшин Б. Жайық желі: Таңдамалы.– Алматы, 1978.– 271 б

 

4) Аманшин Б. Жар мұңы: Повестер мен әнгімелер.– Ақтөбе, 2004.– 240 б.

 

5) Аманшин Б. Жыр семсер: Зерттеулер.Исследования.– Алматы, 2004.– 280 б.

 

6) Аманшин Б. Исатайдың семсері. Сценарий, пьесалар, скетчтер.– Алматы, 1990.– 240 б.

   

7) Аманшин Б. Қос өзен: поэмалар, өлеңдер. – Ақтөбе: А-Полиграфия, 2004. – 240 б.

 

8) Аманшин Б. Құтты мекен: Поэмалар, өлеңдер.– Алматы, 1984.– 296 б.

 

9) Аманшин Б. Маңғыстауым менің: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1972. – 86 б.

 

10) Аманшин Б. Махамбеттің тағдыры: Роман.– Алматы, 2003.– 232 б.

 

11) Аманшин Б. Сақ болыңдар, тірілер! // Мұнайшы арулар еңбегі-ерлік ескерткіші . – Алматы : Жазушы , 2005. – 229 б.

 

12)  Аманшин Б. Туған аулы көрсін деп... // Мұнайшы арулар еңбегі-ерлік ескерткіші . – Алматы : Жазушы , 2005. – 229 б.

 

13) Аманшин Б. Туған аулы көрсін деп... // Мұнайшы арулар еңбегі-ерлік ескерткіші. – Алматы, 2005. – 229 б.

                                                        

Ол туралы:

 

1) Әдебиеттанудағы талғам мен таным таразысы // Ермекова А. Берқайыр Аманшиннің әдеби мұрасы.– Алматы, 2008.– 156-188 б.

 

2) Бердімұратов С. Асыл азаматты аңсау: Есімі - ел есінде // Атырау.– 1996.- 18 мамыр (№56).- 4 б.

 

3) Бір үйдің егізіндей болып едік // Қорқытов Б. Атырау арыстары: 2 - кітап. – Атырау, 2008. – 104-125 б.

 

4) Ермекова А. Махамбет ақынды зерттеген ғалым Берқайыр Аманшин туралы толғаныс //  Қызылқоға.– 2014.- 18 желтоқсан (№49).- 8 бет

 

5) ЕрмековаА. Махамбеттанудағы Аманшин асулары // Атырау.– 2015.- 14 ақпан (№ 17).- 11 б.

 

6) Көк дәптер (Сырбай Мәуленовке) // Аманшин Б. Жетісу-Жайық.– Алматы, 1961.– 63-64 б.

 

7) Қол соғады өскен жер (Ақын Берқайыр Аманшинге) // Жаңабайұлы Т. Сырбаз сырлар: Өлеңдер, дастан, айтыс.– Ақтөбе, 2004.– 95 б

 

8) Юлаев Салауат. Жорық жырлары; Башқұрт тілінен аударғ. Б.Аманшин.– Алматы, 1983.– 44 бет

     

* * *

 

1) Аманшина А. Әкеміздің інісі еді // Кең Жылой.– 2017.- 5 қазан (№ 40).- 6 б.

 

2) Бақытжанқызы М. Алғашқы өлеңі "Атырауда" жарияланған ақын, жазушы, драматург, аудармашы Берқайыр Аманшиннің 90 жылдығы аталып өтті // Атырау.– 2015.- 15 қаңтар (№4).- 4 б.

 

3) Неталиев М. Ол қайырымды жан еді // Жас Алаш.– 1995.- 14 ақпан (№18).- 4 б.

 

4) Өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы // Атырау.– 2017.- 19 мамыр (№ 38).- 6-7 б.

 

5) Сахи К. Берқайыр Аманшин Кермеқастың қызыл үйінде оқыған: Қазақ хандығына - 550 жыл // Дендер.– 2015.- 18 маусым (№24).- 11 б.

    

6) Тілегенов Т. Аманшиннен қалған аманат: Жазушы Берқайыр Аманшиннің туғанына - 90 жыл // Атырау.– 2014.- 9 тамыз (№90).- 9 бет

 

Қарабалин Сағызбай

12 қазан туғанына 70 жыл (1954)

 

       Сағызбай Қарабалин 1654 жылы 12 қазанда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз станциясында дүниеге келген. Әкесі - Қарабалин Махмет, зейнеткер. Анасы - Қарабалина Ағипа, зейнеткер. М.С.Щепкин атындағы Мәскеу театр училищесін (1978), драма және кино актері; Б.Бейшенәлиева атындағы Қырғыз мемлекеттік өнер институтын (2010) бітірген, драма режиссері. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1971 жылдан - ҚР Қазақ мемлекеттік қуыршақ театрының актері. 1973 жылдан - М.С. Щепкин атындағы Мәскеу театр училищесінің студенті. 1978 жылдан - С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының актері. 1998 жылдан - Атырау облыстық Махамбет атындағы Қазақ драма театрының режиссері. 2004 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған театрдың актері. Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі.

 

                                                            Ол туралы:

 

1) Өнегелі өмір: [Ұмытылмас есімдер] // Атырау облысы мұғалімдерінің энциклопедиясы. 3-кітап /  Бас ред. Ш.Н.Нағимов.– Ақтөбе, 2006.– 359-364 б.

* * *

1) Бердіғалиев Б. Сахна саңлағы - Сағызбай: Кездесу // Қызылқоға.– 2016.- 4 тамыз (№ 31).- 6 б.

    

2) Дәулетов Б. Қос терек // Атырау.– 2017.- 1 тамыз (№ 59).- 10-11 б.

 

3) Қалдыоразұлы Қ. Сайыпқыран Сүлеймен (эссе): ұлағат // Атырау.– 2021.- 26 наурыз (№ 22-23).- 6 б.

    

 

Төлеков Қуат

5 желтоқсан туғанына 110 жыл (1914-1998)

 

Қуат Төлеков 1914 жылы қазіргі Атырау облысы Қайыршақты ауылында дүниеге келген. Актер, Атырау облысы драма театрының негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-інің халық артісі (1963), 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.

1938 ж. Гурьев (қазіргі Атырау) облыс драма театрының студиясын бітірген. 1950 – 1951 ж. Ленинградтағы театр, музыка және кино өнері ин-ты жанындағы жоғары реж. курста оқыды. Сахналық өнер жолын туған ауылындағы көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысудан бастады. Ол Атырау облысы драма театрының қалыптасып даму жолында көп еңбек сіңіріп, актер әрі театр директоры (1940 – 19411945 – 1975) ретінде жемісті қызмет етті.

1938 жылдан Төлеков кәсіби театр сахнасында алғаш рет Жантас рөлін (М.Әуезов“Түнгі сарын”) орындады. Төлеков ұлттық драматургиядан Абай (Әуезовтің осы аттас шығармасы бойынша), Амантай мен Әбутәліп (С.Мұқанов“Ботагөз” бен “Мөлдір махаббат”), Ыбырай мен Исатай (М.Ақынжанов, “Ыбырай Алтынсарин” мен “Исатай – Махамбет”), Пластунов пен Қарабай (Ғ.Мүсірепов“Амангелді” мен “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), Махамбет (Ғ.Слановтың осы аттас спектаклі) және Мәлік (Ә.Тәжібаев, “Көңілдестер”), сондай-ақ шетел жазушыларының шығармалары бойынша Фурманов (Д.А. Фурмановтың “Чапаевы” бойынша), Бастаушы (В.В. Вишневский, “Оптимистік трагедия”), Антип Зыков (А.М. Горький, “Зыковтар”), Доктор (Назым Хикмет, “Елеусіз қалған есіл ер”), Президент (Ф.Шиллер, “Зұлымдық пен махаббат”), Октав (Ж.Б. Мольер, “Скапеннің айласы”) пен Петруччионың (У.Шекспир, “Асауға тұсау”), т.б. сахналық мінез-кейіптерін шынайы кескіндеді. Төлеков режиссурамен де айналысып, бірқатар спектакльдерді қойды. Олардың қатарында Б.Қорқытовтың “Асыл жандар”Т.Ахтановтың “Күтпеген кездесу”, Қ.Аманжоловтың “Досымныңүйленуі”, Ш.Хұсайыновтың “Рәбиға”, Мүсіреповтің “Қыз Жібек”, Б.Майлиннің “Шұға” секілді спектакльдері бар.

Төлеков – Атырау қаласының құрметті азаматы. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

 

Ол туралы:

 

1) Әлімгереев Өтепберген. Шабыт: шығармашылық портреттер.– Алматы, 2018.- 192 б.

2) Табылдиев Хисмет. Атырау облысы отты жылдарда (1941-1945 жж.): Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толуына орай тарихы мен жылнама шежіресі; [алғысөз: Б.С. Ізмұхамбетов; пікір жазғандар: А.Аққали, Л. Бердіғожин; ред. С. Батыргалиева].– Атырау, 2014.– 235, [1] б.

3) Театр тарланы // Қорқытов Б. Атырау арыстары: І – кітап.– Атырау, 2008.– 210-214 б.

* * *

1) Ақбалов Жақсылық. Қайыршақтының қарышты қадамы // Atyray.– 2018.- 16 қараша  (№ 93).- 10 б.

2) Бауыржантегі Алмас. Өмір айнасы өз мерекесін атап өтті: мәдениет // Атырау.– 2021.- 30 наурыз (№ 24-25).- 12 б.

3) Жайғалиқызы Р. Жақсының аты өлмейді: Есімі ел есінде // Атырау.– 2011.- 25 қаңтар (№ 9).- 3 б.

4) Мен атамменен мақтанамын: Ұлы Жеңіс - 65 // Атырау.– 2010.- 6 мамыр

5) Тінәлиев Т. Кемел дарын // Коммунистік еңбек.– 1984.- 29 желтоқсан (№ 250).- 4 б.

 

Көшекбаев Смағұл

23 желтоқсан туғанына 120 жыл

 

Смағұл Көшекбаев (23 желтоқсан 1904Атырау облысы Құрманғазы ауданыГанюшкин ауылы – 18 сәуір1945ГерманияТорн қаласы) – жауынгер-композитор, домбырашы, КСРО композиторлар одағының мүшесі (1938). Көшекбаев 12 – 13 жасында күй тартумен әуестеніп, Мұхиттың әндерін айта бастайды. Қазан төңкерісінен кейін ауыл мектебінде мұғалім болады. Қызылордадағы арнаулы мұғалімдер курсында оқыды (1932). 1936 жылы Алматыда өткен көркемөнерпаздар байқауында жүлделі орын алып, Қазақ филармониясына домбырашылық қызметке қалдырылды. Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясының композиторлық курсын бітірді (1940). 1939 жылы Шымкент қорғасын зауытында еңбек еткеді. 1941 жылы Ащысайда халық аспаптар оркестрін ұйымдастырды. 1942 жылы 10-атқыштар бригадасының құрамында майданға аттанды. Германияның Торн қ. түбіндегі ұрыста қаза тапқан.

Шығармалары: “Ботагөз”, “Жаз”, “Май гүлі”, “Біздің ән”, “Дауыл”, “Сағыныш”, “Бригада жыры”, “Біз келеміз”, т.б. ән-романстардың авторы. Нотаға түсірген күйлері: Құрманғазының “Ертең кетем”, “Лаушкен”, “Повестка” күйлерін Е.Г. Брусиловскийге нотаға түсіртті.

 

Ол туралы:

 

1) Атырау атына кір келтірмейміз!: [Атыраулық майдангерлердің Ұлы Отан соғысы жылдарында жазған жырлары] // Майдангер / Бас ред. Н.Әжіғалиев.– Алматы, 2002.– 11-117 б.– (Атырау Ақын-жазушыларының кітапханасы : Қазына 11-кітап).

2) Бабаш Бақытгүл. Құндағы құтты Құрманғазы; [кітапты шығаруға жауапты: Қ. Жылқышиев].– Атырау, 2019.– 175, [1] б.  

3) Жауынгер-композиторлар: Әндер, хорлар, романстар / Р.Елебаев,  М.Жаппасбаев,  С. Көшекбаев [ж.б.]; құраст. Т.Ибрагимова; жалпы ред. Л.Хамиди.– Алматы, 1965.– 121 б.

                                                                * * *

1) Нәжімов А. Алпыс неміске ажал құштырған қазақ // Serper.– 2019.- 4 шілде (№ 27).- 9 б.

 

Фариза Оңғарсынова

25 желтоқсан туғанына 85 жыл

 

Фариза Оңғарсынова (1939 – 2014) 25 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіләдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1966 – 68 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған. 

1968 – 70 жж. республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен. 1970 – 78 жж. республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978 – 2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді. 2000 – 04 жж. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы, тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған. 

1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», Парасат (2001) ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстанның Халық жазушысы. 

2015 жылы ақынның туған жерінде ескерткіш, 2015 жылы Астанада ақынның тұрған үйіне ескерткіш тақтайша орнатылды. 2016 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Сардар» баспасынан 12 томдық шығармалар жинағы жарық көрді 2018 жылы Алматыда тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды, көше берілді. 2018 жылы балаларының қолдауымен естеліктер жинағы жарық көрді. 2018 жылы Ақтөбе қаласында Ф.Оңғарсынова атындағы мектеп, 2019 жылы Астана қаласында Ф.Оңғарсынова атындағы көше, 2019 жылы Ақтау қаласында мектеп ашылды. 2019 жылы ақынның 80 жылдық мерейтойына орай «Шілде» және «Полдневный жар» кітаптары жарық көрді.

 

Шығармалары:

 

1) Оңғарсынова Ф. Дауа: Көркем басылым.– Алматы, 2002.– 287 б.

2) Оңғарсынова Ф. Жүрек күнделігі: Лирика кітабы.– Алматы, 1984.– 248 б.

3) Оңғарсынова Ф. Қыз-ғұмыр: Өлеңдер мен эсселер.– Алматы, 1996.– 392 б.

4) Оңғарсынова Фариза. Маңғыстау монологтары: Өлеңдер.– Алматы, 1986.– 48 б.

5) Оңғарсынова Фариза. Мен саған ғашық емес ем...: Өлеңдер.– Алматы, 2009.– 248 б.

6) Оңғарсынова Ф. Мен сенің жүрегіндемін: Өлеңдер.– Алматы, 1975.– 120 б.

7) Оңғарсынова Фариза. Менің махаббатым.– Алматы, 2016.– 304 б.– (Менің 100 Кітабым).– (Ұлы жазушылар мен ойшылдар кітапханасы).     

8) Оңғарсынова Ф. Мұхаммед пайғамбар.– Астана, 2004.– 168 б.–(Даналық дәрістері)

9) Оңғарсынова Фариза. Сыр-сұхбат.– Алматы, 2013.– 463 (1) б.

10) Оңғарсынова Ф. Толық шығармалар жинағы. Т.1.– Алматы, 2015.– 319, [1] б.

 

                                                 Ол туралы:

 

1) Атырау толқындары: өлеңдер жинағы.– Қарағанды, 2021.– 166, [2] б.

2) Бабаш Б. Сағыныш қалды көзімде: Өлеңдер.– Алматы, 2011.– 136 б.– (Жас толқын).

3) Бақтыгереева Ақұштап. Парасат сөзі.– Алматы, 2018.– 150, [2] б.

4) Дәулетбаева Әлия. Алматыдан алыста: өлеңдер.– Алматы, 2022.– 143, [1] б.– (Жаңа қазақ әдебиеті).

5) Дина. Әсем қоңыр.– Алматы, 2021. – 284, [4] б.

6) Ел іші - өнер кеніші / [Ш. Сариев атын. Атырау обл. көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі; ред. Ғ. Қалибекұлы].- Алматы, 2019.– 258, [2] б.

7) Ершу Маржан. Атырау Маржандары: әдеби-танымдық жинақ.– Нұр-Сұлтан, 2021.– 254, [2] б.

8) Жүсіп Қадыр. Сағынышты жыр: өлеңдер жинағы.– Алматы, 2020.– 168, [1] б.

9) Жылқышиев Қойшығұл. Бостандықтың бесігі - ару қала.– Алматы, 2020.– 350, [2] б.

10) Қырықбай Бекбаев. Біздің Фариза // Оңғарсынова Фариза. Толық шығармалар жинағы. Т.10.– Алматы, 2016.– 230-234 б.

11) Мақатаев Мұқағали. Аманат: Жыр жинағы.– Алматы, 2002.– 304 б.– (Атамұра Кітапханасы).

12) Медетбек Темірхан. Шығармалары: жеті томдық. Т.4: Өлеңдер.– Алматы, 2020.– 319, [1] б.

13) Өтегенов А. Дертке дауа іздеген ақын // Оңғарсынова Фариза. Толық шығармалар жинағы. Т.10.– Алматы, 2016.– 239-241 б.

14) Тәжмағамбетова Мақпал (Мыса). Ақ қанатты періште: өлеңдер мен поэмалар.– Алматы, 2020.– 95, [1] б.

15) Тойбек Жұлдыз. Руханият: мәдениет және өнер туралы әдебиет.– Алматы, 2022.– 429, [3] б.

 

АЙЫ МЕН КҮНІ БЕЛГІСІЗ ДАТАЛАРҒА ҚЫСҚАША

АНЫҚТАМАЛАР

 

Есет би Қараұлы

(1779-1869)

         Есет би Қараұлы 1779 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылында дүниеге келген. Кіші жүз құрамындағы Байұлы тайпасының Беріш руынан шыққан. Исатай мен Махамбет бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан. Көтеріліс басылғаннан кейін Ресей әкімшілігі тарапынан қуғын көріп, біраз жыл Маңғыстау, Хорезм жағында болады. Одан Жайық бойына оралып, тоқсанға келіп дүние салған. Махамбет, Абыл ақындармен достық байланыста болған. Есет биден Мұрат Мөңкеұлы және т.б. көптеген ақындар өнеге алған. 1908 ж. Қазанда басылған М.Бекмұхамбетұлының “Жақсы үгіт” жинағында Есеттің “Тауға біткен қайыңның” деп басталатын қартайған шағында айтқан толғауы жарық көрді. Толғаудағы өзекті мәселе — ерлікке, елдікке үндеу.

       Бұл толғау — игілік пен ізгілік туралы тегеурінді сөздермен әдемі бейнелеген тебіреніс, өмір туралы жастарға айтқан өнегелі сөздер. Есет толғауы 1908 жылдан кейін “Шайыр” (Орынбор, 1910 — 1912), “Мұрат ақынның сөздері” (Таш., 1924), “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (А., 1967), “Ақберен” (А., 1972), “Өсиетнама” (А., 1982), “ХҚХ ғасырдың қазақ поэзиясы” (А., 1985), “Бес ғасыр жырлайды” (Қ-том, А., 1984, 1989) жинақтарында жарық көрген.

 

                                                      Насихат Сүгірұлы

                                                              (1889-1937)

          Насихат Сүгірұлы 1889 жылы қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Мыңтөбе ауылының Нарын құмында дүниеге келген. Өз бетінше сауат ашқан, өлең-толғауларын ауызша шығарған. Жастайынан Шәлгез (Шалкиіз), Махамбет, Мұрат, Қашаған, Сәттіғұл, Сүгір жырларын жаттап өскен. Нұрым ақыннан өнеге алып, 15-16 жасынан айтыскерлігімен елге танылған. Патшаның 1916 жылғы маусым жарлығына сәйкес майдан жұмысына алынып, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде РумынияАвстрия аумағында болған ақынның “Айдады патша жыраққа” (1916) атты дастаны осы тұста жазылған. Азапты сапарды бастан өткерген ақынның дүниеге деген әлеуметтік көзқарасы мен танымы осыдан кейін өзгеше сипат алды. 1929 жылы қудалауға ұшырап, 1930 жылдың бас кезінде Астраханның Азауыл жеріндегі туыстарына барып бой тасалады. 1930 жылы 22 ақпанда ақын жазықсыз жазаланып, алғаш Астрахан, кейін Атырау түрмесіне қамалған. Абақтыда ол “Еділ, Жайық – екі су” атты толғауын шығарды, өлең кеңестік түрме жағдайын сипаттаған алғашқы шығармалардың бірі еді. Тұтқыннан босап, 1932 – 37 жылы Мыңтөбедегі Қызыл ту ұжымшарында еңбек етті, 1937 жылы қайта тұтқындалып, сол жылдың 22 қарашасында ату жазасына кесілді. Насихаттың “Ел құрсауы – ер жігіт”, “Танысу”, “Дүние, шіркін, жел қайық”, “Телегей жатқан теңізден”, “Жүйрікті көпке мақтама”, “Мен қиядан ұшқан қырғимын”, “Ұяда жатып талпынған”, “Тұмарланған тұлпар ат”, “Шалқыған көлге қу қонар”, “Ауылға келгенде”, “Қазіргі заман түрі”, т.б. терме, толғаулары бар. Ол өлеңдерінде ел қамын ойлаған азаматтар ісін өнеге етіп, ақиқат пен жалғандық жайлы жырлайды. Өткенге көз жіберіп, келешекке сеніммен қарауға, қайсарлыққа, жігерлілікке үндейді. Насихаттың өлең, толғаулары “Алқаласа әлеумет” (1991), “Қапаста жазылған хаттар” (1992), “Қазақ поэзиясының антологиясы” (1993) “Жыр – дастан” жинақтарында жарияланған.

 

«Хан Ордалы Сарайшық» мұражай қорығына – 25 жыл

 

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы. Тарихшы ғалымдар оның пайда болуын ХІІІ ғасырда, яғни Шыңғыс хан мен Батудың жасаған шапқыншылығымен байланыстырады. Әзірге белгілі болған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы жазба мәліметтер ХІУ ғасырдың алғашқы жартысынан басталады да, оларда Сарайшық гүлденген қолөнері мен сауда қаласы болғандығы айтылады.

Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ-ғалымы, саяхатшысы Ибн-Батута. Ол өзінің саяхаттарының бірінде, 1334 жылы «Үлкен Сарай» қаласынан шығып, Азияға жасаған сапарында Сарайшық қаласында болған. Бұл жөнінде ол: «Біз Сарайшық қаласынан ат жеккен арбамен он күн жол жүріп, Сарайжук қаласына жеттік. Бұл Ұлысу деп аталатын үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің жағасындағы гүлденген әсем қала екен және дүние жүзіндегі Бағдаттан кейінгі екінші жүзбелі көпір осында екен» деп жазған. Сарай-жук –монғолша кіші Сарай деген мағнаны білдіреді.

Ол кезде Алтын Орда үлкен Сарай, Сарайшықты кіші Сарай деп атаған. Осыған байланысты қаланың атының да Сарайшық аталуы (қала-қалашық, сарай-сарайшық, кішкентай деген мағынада). Сарайшық қаласы Қасым ханның кезінде Қазақ Хандығының тұңғыш астанасы болған. Қала 1580 жылы орыс патшасы Иван Грозныйдың әдейі жіберген казактардың қолынан қиратылған.

Көп жылғы ғалымдардың зерттеулері, қала орнына жүргізілген қазба қорытындылары, әсіресе 1996-2000 жылдары Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының Сарайшық қаласының орнына жүргізген зерттеулеріне сүйене. Көп жылдардан жинақталған жәдігерлерді толықтырып, 1999 жылы 3 қыркүйекте Көне Сарайшық қаласының тарихын, жалпы ХІ-ХУІІ ғасырдағы қазақ халқының тарихына арналған «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай қорығы ашылды. Музей Атырау қаласынан 50км қашықтықта, Махамбет ауданында орналасқан. Кешен үш құрамнан тұрады.

І.Хандар Пантеоны.

Авторы сол кездегі облыс әкімі Иманғали Тасмағамбетов. Биіктігі 17 метр, 8 қабырғалы. Қабырғалар арасына Сарайшықта жерленген жеті ханға арнап құлпытастар қойылған. Бұл құлпытастарға қара мраморға жазылған хандардың аттары мен хандық құрған мезгілдері жазылған.

Бұл хандар:

1. Мөңке-Темір (1266-1282 жж)
2. Тоқтағу (Тоқты) (1291-1312 жж)
3. Жәнібек (1343-1353 жж)
4. Әмір – Оқас (1440-1447 жж)
5. Қасым хан (1511-1518 жж)
6. Ших Мамай (1542-1549 жж)
7. Жүсіп (1549-1554 жж).

ІІ. Мұражай.

Мұражай ішіне Сарайшық қазбасынан шыққан тарихи жәдігерлер қойылған, ХІУ ғасырдағы Сарайшық қаласының макеті жасақталған. Мұражайдың естелік кітабынан осында әр мезгілде болған қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, өнер шеберлерінің шет елдік қонақтар мен көрермендердің ой-пікір, тілектерін оқуға болады.

ІІІ. Қазба орны.

Күншығысқа қарай 1,5 шақырым жерде Жайық өзенінің иінінде орналасқан жалпы көлемі 600х600 метр алаңқайды алып жатқан қазба орнында жаз айларында Ә.Марғұлан атындағы Қазақ археология институтының Батыс филиалының экспедициясы жұмыс істейді.

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі.

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Ұйымдастыру Комитетінің 1939 жылғы 22 шілдедегі №23 қаулысымен мектеп музейі негізінде құрылып, 1940 жылы 5-қарашада ресми түрде ашылды. Музей қорында өлке тарихы, табиғаты, өнері мен мәдениетін көрсететін 50 мыңға жуық тарихи құнды жәдігерлер жинақталған.

Музей төмендегі залдардан құралған.

-Тылсым дәуір
-Ғасырлар үндестігі
-Археология
-Этнография
-Өлке тарихы ХІІ-ХХ ғасырлар
-Кеңес дәуірі тарихы 1917-1991 жылдар
-Қазіргі кезең тарихы 1991-2006 жылдар
-Өлке мәдениеті мен әдебиеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕСІ

 

16-17 желтоқсан -  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕЛЕРІ

 

1-2 қаңтар  - Жаңа жыл

 

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

 

21-23 наурыз - Наурыз мейрамы

 

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

 

7 мамыр - Отан қорғаушы күні

 

9 мамыр - Жеңіс күні

 

6 шілде - Астана күні

 

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

                 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК КҮНДЕРДІҢ ТІЗБЕСІ

 

10 қаңтар – Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы күні

 

15 ақпан – Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылған күні    

 

1 наурыз – Алғыс айту күні                                          

 

Наурыздың екінші сенбісі – Жерге орналастыру, геодезия және картография  күні

 

6 сәуір – Геолог күні

 

12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні

 

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

 

21 сәуір – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні

                                          

1 мамыр – Бірлік күні

 

4 мамыр – Халықаралық өрт сөндірушілер күні

                                

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

 

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні                       

 

мамырдың соңғы жексенбісі – Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні

 

1 маусым – Балаларды қорғау күні

 

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

 

5 маусым – Эколог күні

 

6 маусым – Қаржы полициясы күні

 

21 маусым – Халықаралық әкелер күні

 

23 маусым – Полиция күні      

 

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні

 

маусымның екінші жексенбісі – Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні

 

маусымның үшінші жексенбісі – Медицина қызметкері күні

 

28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні

                                                                 

1 шілде – Домбыра күні

  

2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні

 

9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні

 

13 шілде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні

 

шілденің екінші жексенбісі – Балық шаруашылығы қызметкерлері күні

                                                        

шілденің үшінші жексенбісі – Металлург күні

 

шілденің төртінші жексенбісі – Сауда қызметкерлері күні

                                                             

тамыздың бірінші жексенбісі – Көлік қызметкерлері күні

 

10 тамыз –  Абай күні

                                                                                                                    

тамыздың екінші жексенбісі – Құрылысшылар күні

 

15 тамыз –  Археологтар күні

 

18 тамыз – Шекарашылар күні

 

тамыздың үшінші жексенбісі – Спорт күні

                                                                

тамыздың соңғы жексенбісі – Шахтер күні

 

29 тамыз – Семей полигонының жабылған күні

 

1 қыркүйек – Білім күні

 

қыркүйектің бірінші жексенбісі – Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні

 

қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні

 

28 қыркүйек – Атом саласы қызметкерлері күні

 

30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлері күні

 

қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні

 

қыркүйектің соңғы жексенбісі – Машина жасаушы күні

 

1 қазан – Қарттар күні

 

6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні

 

7 қазан – Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні

 

қазанның бірінші жексенбісі – Мұғалім күні

 

14 қыркүйек – Отбасы күні

 

18 қазан – Тамақ өнеркәсібі қызметкерлерінің күні

 

19 қазан – Құтқарушы күні

 

24 қазан – Кітапханашылар күні

 

25 қазан – Республика күні

 

26 қазан – Жүргізуші күні

  

қазанның үшінші жексенбісі – Орман шаруашылығы қызметкерлері күні

                                                                  

қазанның соңғы жексенбісі – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні

    

29 қазан – Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні

                                                      

5 қараша – Сыртқы барлау күні

    

8 қараша – Статистика күні

 

15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

                                                                                                                                  

қарашаның үшінші жексенбісі – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні

   

6 желтоқсан – Прокуратура күні    

 

10 желтоқсан – Адам құқықтары күні

 

12 желтоқсан – Кеден органдары қызметкерлерінің күні

 

желтоқсанның үшінші жексенбісі – Энергетик күні

 

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні

                                                                                   

 

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

     

7 қаңтар - «Рождество» мейрамы

 

Белгіленген кестеге сәйкес «Құрбан айт» мейрамы

 

                                                                                                      

                                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕСІМДЕР КӨРСЕТКІШІ

 

 

 

Абдуллин Х. 4;

 

Адамбаев Б. 9;

 

Айманов Ш. 4;

 

Аймауытов Ж. 5;

 

Асфендияров С. 9;

 

Ахметов Т. 12;

 

Ахметов Ә. 7;

 

Әбдібаев Х. 8;

 

Әжіғалиев Н. 9; 35;

 

Әзірбаев К. 8;

 

Әлімгереев Ө. 7; 27;

 

Әубәкіров О. 6;

 

Байбекұлы Ә. 5;

 

Бақтыгереева А. 8;

 

Бегендіков С. 11;

 

Бычков А. 8;

 

Ғаббасов С. 4;

 

Дербісәлин Ә. 4;

 

Елеукенов Ш. 9;

 

Ералиева М. 8;

 

Еркінов Ш. 12;

 

Ерубаев С. 4;

 

Есенқарақызы Х. 8;

 

Есқалиев Ә. 3; 13;

 

Жангелдин Ә. 74;

 

Жансүгіров І. 7;

 

Жауырұлы Т. 6; 22;

 

Жиенбаев С. 7;

 

Жұбанов Б. 4;

 

Жұмабаев Ғ. 6;

 

Затаевич А. 5;

 

Келдібекұлы Қ. 11;

 

Кекілбаев Ә. 10;

 

Кесоглу Л. 8;

 

Көшек Е. 8;

 

Көшебаев С. 11; 42;

 

Қайрошев Ы. 12;

 

Қайыпов К. 10;

 

Қаламбаев Ж. 3;

 

Қалдыбаев Ә. 9;

 

Қалмамбетұлы Ө. 11;

 

Қарабалина Б. 7; 30;

 

Қарасаев О. 12;

 

Қараұлы Е. 11;

 

Қастеев Ә. 3;

 

Қашқари М. 11;

 

Қойшыбаев Ғ. 12;

 

Қуанышбайұлы Қ. 10;

 

Құрманғалиев Ғ. 3;

 

Құттыбаев Қ. 10;

 

Қыдырбекұлы Б. 6;

 

Майқанова С. 3;

 

Марғұлан Ә. 7;

 

Мәмбетов І. 3;

 

Молдағұлова Ә. 6;

 

Монастырская Л. 10;

 

Мұсағалиева С. 5;

 

Найманбаев Қ. 5;

 

Неталиев М. 5; 17;

 

Нұртазин М. 3;

 

Оңғарсынова Ф. 11; 43;

 

Өмірзақова Ә. 5;

 

Өтебаев С. 7; 24;

 

Раевский Н. 8;

 

Рахимов Х. 4;

 

Сағатов М. 3;

 

Салғарин Қ. 6;

 

Санбаев С. 9; 33;

 

Сәтбаев Қ. 6;

 

Сеңгірбайұлы М. 4;

 

Сисекенова Ә. 6;

 

Смағұлов Қ. 9; 31;

 

Сүгірұлы Н. 11; 46;

 

Сыдиықов Қ. 5; 19;

 

Тәжібаев Ә. 4;

 

Темірбекова А. 6;

 

Топчевский Р. 9;

 

Төлегенова Б. 10;

 

Төлеков Қ. 10; 41;

 

Тілегенов Б. 5;

 

Тілегенов Д. 11;

 

Үлкенбайұлы Н. 3; 15;

 

Үмбетбаев Ә. 5;

 

Хайдар М. 11;

 

Хайдарұлы С. 7; 31;

 

Шанайұлы Ш. 11;

 

Шәкеев Н. 8;

 

Шухов И. 6;

 

Ысмайылова Г. 10;


 

МАЗМҰНЫ

 

Құрастырушыдан...............................................................................................2

 

ҚР-да, облысымызда аталып және еске алынатын күндер тізбесі................3

 

Айы, күні белгісіз даталар...............................................................................11

 

Аталып өтілетін күндерге қысқаша анықтама және әдебиеттер..................13

 

Айы, күні белгісіз даталарға қысқаша анықтамалар.....................................55

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі.............................................59

 

ҚР-ның мемлекеттік мерекелері.....................................................................59

 

ҚР-дағы мерекелік күндердің тізбесі.............................................................59

 

Діни мерекелер.................................................................................................63

 

Есімдер көрсеткіші..........................................................................................64

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

құрастырған: Сабирова Қ.Ш.

редактор:       Измұханбетова С.С.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми

                                                            әмбебап кітапхана, 2023

 

 

 

 

 

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер