Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы
Ақпараттық-библиографиялық
қамтамасыз ету бөлімі
Қазақстан Республикасында, облысымызда 2025 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі
Атырау – 2024
Құрастырушыдан
Ғ. Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі «Қазақстан Республикасында, облысымызда 2025 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегін» құрастырды.
Күнтізбеге жалпыхалықтық мәдени маңызы бар оқиғалар мен республиканың, облыстың мәдени дамуына ерекше үлес қосқан жекелеген ұйымдардың, ғылым мен өнердің көрнекті қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың мерейтойлары енгізілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, кәсіптік және өзге де атаулы күндері берілген.
Күнтізбе жылдың әрбір айы бойынша хронологиялық ретпен жүйеленген. «Айы мен күні белгісіз даталар» жеке топтастырылған.
Жұлдызшамен (*) белгіленген күндерге қысқаша анықтама жазылып, тақырыпқа қатысты әдебиеттер тізімі қоса берілген.
Жұлдызшамен белгіленгендер - облысымыздың атаулы даталары.
Күнтізбе кітапханалар мен мәдени мекемелерге, жалпы көпшілік оқырмандарға арналған.
Қазақстан Республикасында, облысымызда аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбесі
Қаңтар
1 қаңтар – Мұсабеков Әбітай, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі, әнші,
Алматы облысы, Балқаш ауданының Батпақты ауылында дүниеге
келген, туғанына 110 жыл (1915-1981)
1 қаңтар – Республикалық «Казахстанская правда» газетінің шыға
бастағанына 105 жыл (1920)
5 қаңтар – Мырза Әлі Қадыр, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Орал
облысының Жымпиты ауылында дүниеге келген, туғанына 90 жыл
(1935-2011)
7 қаңтар – Жандарбеков Құрманбек, әнші, актер, режиссер, педагог, ұлттық
кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, Оңтүстік
Қазақстан облысы Сайрам ауданында дүниге келген, туғанына 120
жыл (1905-1973)
10 қаңтар – Есенберлин Ілияс, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері,
қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласында дүниге келген,
туғанына 110 жыл (1915-1983)
12 қаңтар – Досанов Сәбит, жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері, Қостанай облысы, Байғабыл ауылында дүниеге
келген, туғанына 85 жыл (1945)
21 қаңтар* - Бисенғали Зейнол-Ғабиден, әдебиеттанушы, филология
ғылымының докторы, профессор, Атырау облысы, Құрманғазы
ауданының Алға ауылында дүниеге келген, туғанына 75 жыл
(1950)
Ақпан
2 ақпан – Мағауин Мұхтар, жазушы, Қазақстанның халық жазушысы, Абай
атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, Семей облысының
Шұбартау ауданында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1940)
12 ақпан – Ахметбеков Кәрібай, публицист, аудармашы, Жамбыл облысының
Сарысу ауданының Көркею колхозында дүниеге келген, туғанына
85 жыл (1945)
15 ақпан – Бекмаханов Ермұқан, тарихшы, тарих ғылымдарының докторы,
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Төре ауылында дүниеге
келген, туғанына 110 жыл (1915-1966)
23 ақпан – Тәжібаев Төлеген, Қазақстан ғалымы, академик, Оңтүстік
Қазақстан облысы, Сүткент ауылында дүниеге келген, туғанына
115 жыл (1910-1964)
26 ақпан – «Прикаспийская коммуна» («Трудовая правда») газетінің алғашқы
саны жарық көре бастағанына 105 жыл (1920)
Наурыз
3 наурыз* - Сүлейменова Зарипа, актриса, әнші, Қазақстанның халық артисі,
Атырау облысының Құрманғазы ауданында дүниеге келген,
туғанына 105 жыл (1920-1994)
6 наурыз – Медетбек Темірхан, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам
қайраткері, Түркістан қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысында
дүниеге келген, туғанына 80 жыл (1945)
14 наурыз – Ысқақов Қалихан, прозаик, драматург, кино-драматург,
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, Жамбыл атындағы
Халықаралық әдеби сыйлықтың иегері, Шығыс Қазақстан
облысының Қатонқарағай ауданында дүниеге келген, туғанына
90 жыл (1935-2014)
15 наурыз – Байсейітов Қанабек, Қазақстанның халық артисі, әнші, режиссер,
киноактер, драматург, Алматы облысы, Қаратал ауданының
Қалпе ауылында дүниеге келген, туғанына 110 жыл (1905-1979)
20 наурыз – Молдағалиев Тұманбай, ақын, Қазақстанның халық жазушысы,
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының және Физули атындағы
халықаралық сыйлықтың иегері, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ
ауданында дүниеге келген, туғанына 90 жыл (1935-2011)
29 наурыз – Әмірбеков Көпен, ақын, журналист, сықақшы, Оңтүстік
Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Ешкіқора ауылында дүниеге
келген, туғанына 75 жыл (1950-2022)
31 наурыз – Жылқышиев Амангелді, ақын, Атырау қаласында дүниеге келген,
туғанына 85 жыл (1940)
Сәуір
1 сәуір – Тілендиев Нұрғиса, Халық артисі, композитор, дирижер,
домбырашы, Алматы облысының Шиелікемер ауылында дүниеге
келген, туғанына 100 жыл (1925-1998)
3 сәуір – Байзақов Иса, ақын, әнші-композитор, Павлодар облысы, Ертіс
ауданы, Үлгілі ауылында дүниеге келген, туғанына 125 жыл (1900-
1946)
9 сәуір – Қабышев Ғаббас, прозаик, сатирик, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан
ауданы, Ұранхай ауылында дүниеге келген, туғанына 75 жыл (1935)
15 сәуір – Бақбергенов Сәуірбек, Қазақстанның халық жазушысы, Оңтүстік
Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген, туғанына 105
жыл (1920-1997)
22 сәуір – Мұқанов Сәбит, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері,
драматург, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Ақмола
губерниясы, Қызылжар уезінде дүниеге келген, туғанына 125 жыл
(1900-1973)
30 сәуір – Ысмайылов Әубәкір, кескіндемеші, ұлттық кәсіби бейнелеу өнерінің
негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық суретшісі, қазіргі
Қарағанды облысының Теміртау ауданында дүниеге келген,
туғанына 115 жыл (1910-1998)
Мамыр
5 мамыр - Атырау политехникалық колледжінің ашылғанына 85 жыл (1930)
7 мамыр – Сидорин Евгений, график-суретші, Қазақстанның халық суретшісі,
Киров облысының Лебяжье селосында дүниеге келген, туғанына 95
жыл (1930-1982)
12 мамыр – Әлімжанов Әнуар, жазушы, публицист, Қазақстанның халық
жазушысы, бұрынғы Талдықорған облысы, Сарқанд ауданындағы
Қарлығаш ауылында дүниеге келген, туғанына 95 жыл (1930-1993)
15 мамыр* – Төрешов Мекес, әнші, ҚР-ның еңбек сіңірген артисі, Құрманғазы
ауданының Азғыр ауылында дүниеге келген, туғанына 85 жыл
(1940-2007)
16 мамыр – Асқар Оразақын, ақын, Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына
қарасты Мүкей-Қаратас деген жерде дүниеге келген, туғанына 90
жыл (1935-2019)
25 мамыр* - Бәделов Тілеш, домбырашы ұстаз, Атырау облысының Исатай
ауданында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1940-1984)
26 мамыр* - Шырдабаев Равиль, мұнайшы, Мемлекет және қоғам қайраткері,
Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кентінде дүниеге келген,
туғанына 85 жыл (1940)
Маусым
1 маусым – Нұрғалиев Рымғали, ғалым, әдебиетші, Шығыс Қазақстан облысы,
Семей қаласы, Қайнар ауылында дүниеге келген, туғанына 85 жыл
(1940)
1 маусым – Байбосынов Қайрат – әнші, Қазақстанның халық артисі,
Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде дүниеге
келген, туғанына 75 жыл (1950)
16 маусым – Оразалин Камен, жазушы, ҚР-ның еңбек сіңірген мұғалімі,
Семей облысының Абай ауданында дүниеге келген, туғанына 105
жыл (1920)
29 маусым – Жұбанов Қайыр Ахметұлы, техника ғылымдарының докторы,
Ақтөбе облысы, Темір ауданында дүниеге келген, туғанына
090 жыл (1935)
Шілде
6 шілде – Назарбаев Нұрсұлтан, Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым,
ҚР Тұңғыш президенті, Алматы облысы, Қаскелең ауданы,
Шамалған ауылында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1940)
15 шілде* - Досымов Табылды, қазақтың тұңғыш бард-ақыны, Атырау
облысының Индер ауданында дүниеге келген, туғанына 60 жыл
(1965-2010)
25 шілде – Кенбаев Молдахмет, алғашқы қазақ кәсіби суретшілердің бірі,
кескіндемеші, педагог, Қазақстанның халық суретшісі, Қостанай
облысының Жангелді ауданында дүниеге келген, туғанына 100
жыл (1925-1993)
Тамыз
10 тамыз – Құнанбаев Абай, ұлы ақын, философ, ағартушы, Шығыс Қазақстан
облысы, Абай ауданының Шыңғыс тауының баурайында дүниеге
келген, туғанына 180 жыл (1845-1904)
15 тамыз – Қалдаяқов Шәмші, композитор, Қазақстанның халық әртісі,
Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданының Шәуілдір
ауылында дүниеге келген, туғанына 95 жыл (1930-1992)
19 тамыз – Рәш Мыңбай, жазушы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,
Семей облысы, Шұбартау ауданы, Аягөз ауылында дүниеге
келген, туғанына 95 жыл (1930-2023)
20 тамыз – Тұрсынбаев Әбді, тарих ғылымдарының докторы, профессор,
Түркістан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген, туғанына
115 жыл (1910-1999)
Қыркүйек
5 қыркүйек* – Аронов Жеңіс, ақын, Атырау облысы, Новобогат ауданы,
Забурын селосында дүниеге келген, туғанына 80 жыл
(1945-2020)
5 қыркүйек – Молдағалиев Жұбан, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО
Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Батыс Қазақстан облысы,
Тайпақ ауданында дүниеге келген, туғанына 105 жыл
(1920-1989)
5 қыркүйек – Ордалиев Сейділдә, жазушы, Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түлкібас ауданы, Балықшы ауылында дүниеге келген,
туғанына 95 жыл (1930-1994)
7 қыркүйек* - Ғұбайдуллин Өтеген, домбырашы, дирижер, Атырау
облысының Мыңтөбе жерінде дүниеге келген, туғанына
85 жыл (1940)
10 қыркүйек – Қоңыратбаев Әуелбек, филология ғылымдарының докторы,
әдебиет зерттеуші, түркітанушы, Қызылорда облысы, Шиелі
ауданында дүниеге келген, туғанына 120 жыл (1905-1986)
19 қыркүйек – Тоқмағамбетов Асқар, қазақ ақыны, Қызылорда облысы,
қазіргі Сырдария ауданында дүниеге келген, туғанына
120 жыл (1905-1983)
Қазан
3 қазан – Байзақов Иса, қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы,
композитор, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылында
дүниеге келген, туғанына 125 жыл (1900-1946)
15 қазан* - Сәрсенбаев Әбу, Қазақстанның халық жазушысы, ақын, Атырау
облысы, Құрманғазы ауданы, Мақаш ауылдық округінің Алға
ауылында дүниеге келген, туғанына 120 жыл (1905-1995)
25 қазан – Әбілтаев Жақып, актер, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген
артисі, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген,
туғанына 115 жыл (1910-1982)
25 қазан – Молдағұлова Әлия, Кеңес Одағының Батыры, снайпер, Ақтөбе
облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында дүниеге келген, туғанына
100 жыл (1925-1944)
Қараша
3 қараша – «Қазақстан» баспасының құрылғанына 105 жыл (1920)
10 қараша* - Құбайжанов Бақтияр, домбырашы, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген
артисі, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында
дүниеге келген, туғанына 115 жыл (1910-1982)
12 қараша – Брусиловский Евгений, композитор, Қазақстанның халық артисі,
Ресей жерінде дүниеге келген, туғанына 120 жыл (1905-1981)
13 қараша – Хасанғалиев Ескендір, әнші, композитор, Қазақстанның халық
артисі, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында дүниеге
келген, туғанына 85 жыл (1940)
15 қараша – Ғабдуллин Мәлік, Кеңес Одағының Батыры, жазушы, Көкшетау
облысы, Зеренді ауданында дүниеге келген, туғанына 110 жыл
(1915-1973)
21 қараша – Дулатұлы Міржақып, көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог,
қоғам қайраткері, Қостанай облысының Жангелді ауданында
дүниеге келген, туғанына 140 (1885-1935)
22 қараша – Лушникова Надежда, айтыс ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген
мәдениет қызметкері, Алматы облысы, Қарасай ауданы,
Шамалған ауылында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1940)
24 қараша – Бегалин, қазақ балалар жазушысы, Шығыс Қазақстан облысы,
Абай ауданы, Дегелең ауылында дүниеге келген, туғанына
130 жыл (1895-1983)
28 қараша* - Нәжімеденов Жұмекен, ақын, Қазақстан Ленин комсомолы
сыйлығының иегері, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Қошалақ құмының Ашақ ауылында дүниеге келген, туғанына
90 жыл (1935-1983)
Қараша – Уәлиханов Шоқан, қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф,
ағартушы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Құсмұрын жерінде
дүниеге келген, туғанына 190 жыл (1835-1865)
Желтоқсан
8 желтоқсан – Рыскелдиев Тұрсынәлі, ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек
сіңірген мәдениет қайраткері, ҚХР-дың Іле аймағы, Күнес
ауданында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1940)
20 желтоқсан – Ахметова Алма, Қазақстанның халық әртісі, Қостанай
облысының Жангелді ауданында дүниеге келген, туғанына
105 жыл (1920)
24 желтоқсан – Момышұлы Бауыржан, жазушы, Кеңес Одағының Батыры,
Қазақстанның Халық Қаһарманы, Жамбыл облысының
Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде дүниеге келген,
туғанына 115 жыл (1910-1982)
25 желтоқсан – Манапова Жұпар, Қазақстанның халық әртісі, Алматы
қаласында дүниеге келген, туғанына 100 жыл (1925)
27 желтоқсан – Қаратаев Мұхамеджан, жазушы, әдебиет сыншысы, Қазақстан
КСР Халық жазушысы, Қызылорда облысы, Сырдария
ауданы, Телікөл ауылында дүниеге келген, туғанына 115 жыл
(1910-1995)
АЙЫ, КҮНІ БЕЛГІСІЗ ДАТАЛАР
Қазтуған жырау Сүйінішұлы, ойшыл, жауынгер жырау, туғанына 605 жыл (1420)
Шалкиіз (Шалгез) Тіленішұлы, жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Жайық бойында дүниеге келген, туғанына 560 жыл (1465)
Доспамбет жырау, көне қазақ әдебиеті көрнекті өкілдерінің бірі, қолбасшы, батыр, жырау, қазіргі Ресей Федерациясы, Ростов облысында дүниеге келген, туғанына 535 жыл (1490-1523)
*Гурьев қалашығының іргетасы қаланғанына 385 жыл (1640)
*Бекет Мырзағұлұлы (Бекет ата), қазақтың әйгілі батыры, ағартушы, сәулетші, халық әулие тұтқан, Құлсарыда дүниеге келген, туғанына 375 жыл (1750-1813)
Аронұлы Сүйінбай, айтыс ақыны,Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында дүниеге келген, туғанына 210 жыл (1815-1898)
Қазанғап Тәттімбет, Халық композиторы, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, Мыржық ауылы, Қызылжал қыстауында дүниеге келген, 210 жыл (1815-1862)
Дәулеткерей Шығайұлы, күйші, композитор, Орал облысы, Орда ауданында дүниеге келген, туғанына 205 жыл (1820-1887)
Бекмұхамбетов Мұхамеджан, белгілі ағартушы, қоғам қайраткері, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, этнограф, күйші, әкім, Бөкей ордасында дүниеге келген, туғанына 195 жыл (1830-1904)
*Қашқынбай Қожамбетұлы, белгілі ақын, Қызылқоға өңірінде дүниеге келген, туғанына 195 жыл (1830-1870)
Жаяу Мұса Байжанұлы, әнші, ақын, композитор, Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген, туғанына 190 жыл (1835-1929)
Ақтан Керейұлы, төкпе ақын, туғанына 175 жыл (1850-1912)
Үкілі Ыбырай, Ыбырай Сандыбайұлы, қазақтың халық сазгері, әнші, ақын, суырып салма термеші, Солтүстік Қазақстан облысының Жалғызтау бауырында дүниеге келген, 165 жыл (1860-1930)
Байғанин Нұрпейіс, ақын, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында дүниеге келген, туғанына 165 жыл (1860-1945)
Бөкейханов Әлихан, мемлекет қайраткері, ғалым, публицист, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген, туғанына 155 жыл (1870-1937)
Мәди Бәпиұлы, ақын, әнші-композитор, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген, туғанына 145 жыл (1880-1924)
*Қонаршиев Қарағұл, күйші-орындаушы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданында дүниеге келген, туғанына 120 жыл (1905-1983)
*Баймұқанов Мұса, Кеңес Одағының Батыры, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылында дүниеге келген, туғанына 115 жыл (1910-1945)
*Дәненова Бәтіш, әнші, күйші, Атырау облысы, Қызылқоға ауданында дүниеге келген, туғанына 105 жыл (1920)
Дәулетов Манап, күйші, Атырау облысы, Исатай ауданында дүниеге келген, туғанына 95 жыл (1930-2006)
*Елеусінов Айбосын, мұнайшы, мемлекеттік қайраткер, жазушы, Атырау облысында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1940-2019)
*Көптілеуов Мұқан, қаламгер, педагог, Атырау өңірінде мәдениет ісін ұйымдастырушылардың бірі, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосында дүниеге келген, туғанына 85 жыл (1940-2005)
АТАЛЫП ӨТІЛЕТІН КҮНДЕРГЕ ҚЫСҚАША АНЫҚТАМА ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТЕР
Бисенғали Зейнол-Ғабиден
21 қаңтар туғанына - 75 жыл (1950)
Бисенғали Зейнол-Ғабиден 1950 жылы 21 қаңтарда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Алға ауылында дүниеге келген. Қазақ әдебиетін зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, профессор. 1966 жылы Сафон селосындағы орта мектепті бітіріп, осында аға вожатый болып педагогтік еңбек жолы бастаған. 1972 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін үздік дипломмен тамамдаған. 1978 жылы ҚазМУ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасына қабылданған. 1981-1983 жылдар аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» кабинетінде жұмыс істеген, лекциялар оқыған, практикалық сабақтар жүргізген. Студенттердің оқу практикаларымен Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы фольклорлық-диалектикалық экспедицияларға қатысқан. 1984-1986 жылдары – «Мектеп» баспасының Жоғарғы оқу орындары қоғамдық-гуманитарлық редакциясының аға редакторы және филология факультетінде «Қазақ әдебиетінде» проза жанрының қалыптасуы» атты арнаулы курс пен «Қазақ әдебиеті тарихынан» лекциялар оқыған. 1986-2001 жылдар аралығында қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет атқарған. 1984 жылы профессор Б.Кенжебаевтің басшылығымен «ХХІ ғасыр басындағы қазақ прозасы» тақырыбында кандидаттық, 1997 жылы «ХХІ ғасыр басындағы қазақ романы» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Шығармалары:
1) Бисенғали З.К. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы.– Алматы, 1997.– 268 б.
2) Бисенғали Зинол - Ғабиден. Жаңа типті кәсіби прозаның қалыптасуы: оқу
құралы.– Алматы, 2021.– 350, [1] б.
3) Бисенғали Зинол - Ғабиден. Қазақ романы.– Ақтөбе, 2003.– 240 б. –
(Атырау ақын-жазушыларының кітапханасы. Қазына 63-кітап).
4) Бисенғалиев З. ХХ ғасырдың басындағы қазақ прозасы.– Алматы, 1989.–
136 б.
Ол туралы:
1) Бисенғали Зейнол-Ғабиден // Әлімгереев Ө. Атырау қаламгерлері.–
Атырау, 2014.– 23-24 б.
2) Бисенғали Зинол - Ғабиден. Өзгенің бақытын аялау...: // Бүтін бітім:
естеліктер, эсселер және шығармашылық портреттер: естеліктер, эсселер /
Құраст: Б. Омарұлы, А. Шәріп, М. Тоқтағазин.– Астана, 2012.– 225-240 б.
3) Ермекова А. Ғылымның биік шыңында: Мерейгер // Алтын Орда.– 2010.-
17-23 маусым
4) Оралханның көркемдік танымы - ірі зерттеуді қажетсінетін нысана //
Аңыз адам.– 2013.- тамыз (№15).- 45-46 б.
5) Шортанбаев Шоқан. Ұлт прозасының бастаулары - ғалым назарында //
ANA TILI.– 2020.- 31 желтоқсан (№ 52).- 8 б.
6) Шығармашылық мұра және пәнаралық зерттеу // Қазақ әдебиеті.– 2017.-
8-14 желтоқсан (№ 50).- 14-15 б.
Сүлейменова Зарипа
3 наурыз туғанына - 105 жыл (1920-1994)
Сүлейменова Зарипа 1920 жылы 3 наурызда Атырау облысы, Құрманғазы ауданында дүниеге келген.
Қазақ драма театрында музыкалық спектакльдерге қатысқан. Мұндай рөлдері қатарында Қыз Жібек, Баян (Ғ.Мүсірепов, “Қыз Жібек” және “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), Қарагөз, Айман, Еңлік (М.Әуезов, “Қарагөз”, “Айман – Шолпан” мен “Еңлік – Кебек”), Шұға (Б.Майлиннің осы аттас спектаклі), т.б. бар. Драмалық спектакльдерден Сәуле (Ә.Әбішев, “Достық пен махаббат”), Қаламқас (Ғ.Сланов, “Махамбет”), Ажар (С.Жүнісов, “Ажар мен ажал”), Жер-ана (Ш.Айтматов, “Ана – Жер-ана”), Маржан (Ә.Тәжібаев, “Көңілдестер”), Софья (А.М. Горький, “Зыковтар”), леди Мильфорд (Ф.Шиллер, “Зұлымдық пен махаббат”), Катарина (У.Шекспир, “Асауға тұсау”) сияқты әр алуан мінез-кейіптерді жасап, сахналық бояу-өрнегінің молдығын байқатқан.
Қазақ КСР-інің халық артисі, “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
Ол туралы:
1) Бауыржантегі Алмас. Өмір айнасы өз мерекесін атап өтті: мәдениет //
Атырау.– 2021.- 30 наурыз (№ 24-25).- 12 б.
Төрешов Мекес
15 мамыр туғанына - 85 жыл (1940-2007)
Төрешов Мекес 1940 жылы 15 мамырда Атырау облысы Құрманғазы ауданының Азғыр ауылында дүниеге келген. Әнші, ҚР-ның еңбек сіңірген артисі. Жастайынан «әнші Мекес» атанды. Туа біткен дарынын Ғ.Құрманғалиевтің әндерімен шыңдады. Мұхит ерекшелігіне еліктеді. 1990 жылдары Атырау өңіріндегі Мұхит, Ғарифолла әндерін халық көңілінен нақ шыға орындайтын бірден-бір дара дүлділ әншіге айналды, халық әуендерін Жайық бойы мәнерлеп шырқау жөнінен танымал әнші саналды. Жантөрин атындағы облыстық филормония әншісі болды. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі.
Ол туралы:
1) Төрешов Мекес // Атырау: энциклопедия.- Алматы, 2000.- 356 б.
* * *
2) Ғұмаров М. Қыран қия немесе белгілі әнші Мекес Төрешов туралы
сыр // Атырау.- 2010.- 15 мамыр.- 11 б.
3) Жанпейісова С. "Алдын жас салмайтын дарабоз еді" // Алтын Орда.–
2007.- 16-22 тамыз
4) Жанпейісова Сәуле. Сырлы әуеннің сұрапылы // Сарайшық.– 2021.-
наурыз (№ 3).- 34-37 б.
5) Жауыров Орақ. Сал домбыра, шалқар күй.– Нұр-Сұлтан, 2020.–
253, [3] б.
6) Нысанғалиев А. Әнге арналған әдемі ғұмыр: Қазақстанның еңбек
сіңірген әртісі марқұм Мекес Төрешовтің туғанына 70 жыл // Атырау.-
2010.- 7 қыркүйек.- 12 б.
7) Нысанғалиев А. Ән-ғұмыр: Руханият // Атырау.– 2013.- 28 қараша
(№ 138).- 11 б.
8) Төрешов М. Шынайы көңілден ризамыз // Келбет.- Атырау, 2014.–
53-54 б.
9) Ысмағұл Н. "Көрінген сонадайдан Нарын еді..." // Атырау.– 2013.-
28 қараша (№138).- 11 б.
10) Ысмағұлова Н. Көңілдерді ән тербеп // Атырау.– 2013.- 30 қараша
(№139).- 14 б.
11) Ысмағұлова Н. Мекестің әні қазақтың дәстүрлі әншілік өнерінің
жарқын жалғасы еді // Атырау.– 2013.- 26 қараша (№ 137).- 8 б.
Бәделов Тілеш
25 мамыр туғанына - 85 жыл (1940-1984)
Бәделов Тілеш 1940 жылы 25 мамырда Атырау облысы Исатай ауданының Дуаберген елдімекенінде дүниеге келген. Домбырашы, ұстаз. Гурьев музыка училищесінің С.Құсайынов сыныбынан және Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториясын Тымат Мерғалиевтан бітірген. Гурьев музыка училищесінде домбыра сыныбы бойынша (1967-1969), Алматы қаласындағы Чайковский атындағы музыка учлищесінде домбыра сыныбы бойынша ұстаздық еткен.
Әр жылдары оның сыныбы бойынша Қазақстанның халық әртісі Тұяқ Шәмелов, Қазақстанға еңбегі сіңген әртістер А.Үлкенбаева, Ж.Қанабасов, ғалымдар, доцент Б.Ысқақов, ғылым докторы Т.Қышқашбаевтар сабақ алған.
Ол туралы:
- Бәделов Тілеш (1940-1984) // Әлімгереев Ө. Атырау ақтаңгерлері: күйшілер.- Атырау, 2014.- 29 б.
Шырдабаев Равиль
26 мамыр туғанына – 85 жыл
Равиль Тәжіғараұлы Шырдабаев 1940 жылы 26 мамырда Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінде дүниеге келген. Экономика ғылымының докторы. Мәскеу мұнай химиясы және газ өнеркәсібі институтын (1961), КОКП Орталық комитеті жанындағы жоғары партия мектебін (1975) бітірген. Атырау, Жаңаөзен қалалық партия комитеттерінің І хатшысы, Махамбет аудандық партия комитетінің І хатшысы (1975-1993), «Теңізшевройл» қазақ-америка біріккен кәсіпорнының директоры, Қазақстан мұнай және газ өнеркәсібі министрі (1993-1994), Атырау облысының әкімі (1994-1998) болды. 1999 жылдан дипломатиялық жұмыстар атқарды. 2007 жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП-ның жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Республикалық қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары болды. 20-дан астам ғылыми жарияланымның авторы. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
Ол туралы:
- Балмағамбетов И. Алыптың адымы да аршынды // Атырау.– 2016.- 10
тамыз (№ 63).- 8-9 б.
- Әбдікәрімов О. Мұнайшылар әулетінің тұңғышы // Атырау.– 2020.-
26 мамыр (№ 43).- 4-5 б.
- Әбдікәрімов Оралбай. Мұнайшылар әулетінің тұңғышы: тұлға //
Атырау. – 2020.- 26 мамыр (№ 43).- 6-7 б.
- Көшеков О. Бедел биігінде: Атыраудың абзал адамдары // Атырау.– 2005.- 21 мамыр
5) Көшеков О. Өресі биік, өнегелі азамат // Атырау.– 2010.- 25 мамыр.- 8 б.
6) Қатешова А. Парасат биігінде // Атырау.– 2015.- 30 мамыр (№ 59).- 8-9 б.
7) Медетов Серік. Біз өршіл рухты ұрпағымызға сенеміз // Atyray.– 2018.- 26
қазан (№ 87).- 12 б.
8) Мұқтар Әбілсейіт. Сенім жүгі // Атырау.– 2018.- 10 тамыз (№ 64).- 6 б.
9) Сүмесінов М. Равиль Шырдабаев: "Мен бұл кітапты өмір бойы жаздым":
Қазақстан мұнайына - 110 жыл // Атырау.– 2009.- 8 қыркүйек
10) "Шыбық шаныштық, тәлімі мол топырақ оны мәуелі бәйтерекке
айналдырар": ["Теңізшевройл" бірлескен кәсіпорнының директоры
Р.Т.Шырдабаевпен әңгіме] // Атырау.– 1993.- 8 маусым (№ 89).- 3 б.
Досымов Табылды
15 шілде туғанына – 60 жыл (1965-2010)
Досымов Табылды 1965 жылы 15 шілдеде Атырау облысының Индер ауданы Индербор поселкесінде дүниеге келген. 1982 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 1983-1985 жылдар аралығында Германияда әскери борышын өтеген.
1990 жылы арнайы жолдамамен Атырау телерадиокомитетіне келіп, жаңа облыстық телевизияның құрылуына атсалысқан. 1992 жылы облыстық Нұрмұхан Жантөрин атындағы мемлекеттік филормонияда шығармашылық жұмыстармен айналысқан. «Желтоқсанның жебесі» атты жас таланттар тобының жетекшісі болған. 1993 жылы Индер аудандық тіл басқармасының бастығы, 1995 жылы облыстық дәрежедегі Махамбет қорының директоры қызметін атқарған. 2000 жылдан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
«Жанарымның жарқылы» (2000), «Ұнатамын мен сені» (2002), «Үш қиян» (2002), «Жайықтың толқындары» (2004), «Табылдының әні» (2007) жыр жинақтарының авторы.
Республикалық «Үкілі үміт» байқауының дипломанты, облыстық жастар сыйлығының лауреаты (2000), Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған (2003).
Шығармалары:
1) Досымов Т. Биіктік // Әлімгереев Ө. Атырау қаламгерлері.- Атырау, 2014.-
42-44 б.
2) Досымов Табылды. Ұнатамын мен сені: әндер жинағы.– Алматы, 2002.–
88 б.
* * *
1) Досымов Т. "Айналып келем жылдардан кейін мыңдаған, дүние - жалған
жылдармен бірге зырлаған": Өлкеден жеткен өлең // Жас Алаш.– 2001.- 20
қараша (№ 139).- 5 б.
2) Досымов Т. Бабалар қолын созады астынан жардың // Мұнайлы Астана.
Нефтяная столица.– 2006.- 10 наурыз
3) Досымов Т. Биіктік: өлең // Алтын қайық.– 2014.- 19 шілде (№ 13).- 1 б.
4) Досымов Т. Біздің ел; Абайландар, адамдар; Өкпелемеші; Нүкте: өлеңдер //
Дендер.– 2015.- 9 шілде (№ 27).- 8 б.
5) Досымов Т. Жанарымның жарқылы: Жыр – жиhаз // Ар - честь.– 2001.- 22
наурыз
6) Досымов Т. Желтоқсандағы жыр; Мойындату; Атыраудағы көктем; Биіктік:
өлеңдер // Атырау.– 2015.- 18 шілде (№ 79).- 9 б.
7) Досымов Т. Қараой: Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран // Сахара.– 2005.-
8 шілде
8) Досымов Т. Қараойдағы қос күмбез: Малайсары би мазарының ашылуына
орай // Ар - честь.– 2001.- 28 шілде
9) Досымов Т. Мемлекеттік тілдің мүддесі бәрінен де биік: Өзге тілдің бәрін
біл // Дендер.– 2010.- 16 қыркүйек (№ 38).- 6 б.
10) Досымов Т. Сахнаны менсінбей жүргенім жоқ, сыйлап жүрмін: Ашық
әңгіме // Дендер.– 2008.- 25 желтоқсан
11) Досымов Табылды Аяшұлы. Аты жоқ өлең // Дендер.– 2010.- 12 тамыз
(№ 33).- 8 б.
12) Досымов Табылды. Қыр баласы қол созады аспанға // Атырау.– 2000.- 21
наурыз (№ 34/35).- 9 б.
13) Досымов Табылды. "Менің қаным тебіренсе тентек Каспий секілді":
поэзия // Тұмар.– 2020.- ақпан (№ 2).- 30-37 б.
Ол туралы:
1) Ғалымұлы Самиғолла. Бостандық пен бодандық: шығармалар : өлеңдер мен
мақалалар.– Атырау, 2020. – 336, [1] б.
2) Дәулетбаева Әлия. Алматыдан алыста: өлеңдер.– Алматы, 2022.– 143, [1] б.
3) Дәулетбаева Әлия. Дендертау дастандары: эсселер мен мақалалар жинағы.-
Атырау, 2019.– 174, [2] б.
4) Досымов Табылды. Ұнатамын мен сені: әндер жинағы.– Алматы, 2002.–
88 б.
5) Жүрсін Ерман. Шығармалар жинағы. Т.1.– Алматы, 2018.– 277, [3] б.
6) Индер ауданы: шежіре.– Алматы, 2006. – 227, [5] б.
7) Ізмұхамбетов Бақтықожа. Қоршаса ойлар...: өлеңдер.– Алматы, 2020.–
198, [2] б.
8) Ізмұхамбетов Бақтықожа. Шақырса шабыт: өлеңдер.– Алматы, 2022. –
211, [5] б.
9) Қай қазақтан кем едім...: дастандар, мақалалар, арнаулар жинағы. –
Атырау, 2015.– 184, [1] б.
10) Қаршығаұлы Асантемір. Тәңірге хат: өлеңдер.– Атырау, 2020.– 115, [1] б.
11) Қохаманов Болат. Жайықтың толқындары.– Ақтөбе, 2003. – 160 б.
12) Нұржан Светқали. Екі томдық шығармалар жинағы: жыр кітабы. Т.2:
Жұлдыздардың жұпары.– Алматы, 2019.– 371, [5] б.
13) Омарұлы Бауыржан. Бақ қонған бәйтерек: эсселер, портреттік мақалалар,
ой-толғамдар.– Алматы, 2020.– 527, [1] б.
14) Сейітов Нәсіпқали. Өмір жырлары: өлендер жинағы.– Атырау, 2019.–
291, [1] б.
* * *
1) Абдрахманов Серік. Қаңтарулы қалды гитараң...: поэзия // Dender.– 2019.-
28 наурыз (№ 13).- 10 б.
2) Аман Жан. Баян-Өлгейде бард ақынның әні шырқалды // Дендер.– 2022.-
9 қыркүйек (№37).- 8 б.
3) Дәулетбаева Ә. Болмысы бөлек бард // Дендер.– 2010.- 12 тамыз (№33).-
8 б.
4) Дәулетбаева Әлия. "Қыр баласы қол созады аспанға..." // Atyray.– 2018.- 17
шілде (№ 57).- 8 б.
5) Дәулетбаева Әлия. Табыл туралы тағы бір фильм // Атырау.– 2016.- 29
маусым (№ 51).- 24 б.
6) Дәулетбаева Әлия. Ұлылықпен үндескен күн немесе "Мұраттан Табылдыға
дейін..." // Atyray.– 2019.- 22 қазан (№ 83).- 12-13 б.
7) Ертілеу А. "Тау алыстаған сайын биіктейді" // Атырау.– 2015.- 18 шілде
(№ 79).- 9 б.
8) Есниязова М. Із тастап аққан бір жұлдыз // Алтын қайық.– 2014.- 25 сәуір
(№ 8).- 10 бет
9) Жұмагереева Ш. Алаштың ұлы Аяштың ұлы-Табылды // Қызылқоға.–
2013.- 5 желтоқсан (№ 49).- 9 б.
10) "Қазтуғандар қалған із, Табылды - рухы алдаспаны": кездесу кеші //
Университет.– 2022.- желтоқсан (№ 10).- 7 б.
11) Қауашева Г. Екінші рет тумайды, бұла-дарын: тағзым // Дендер.– 2015.-
9 шілде (№ 27).- 9 б.
12) Қошақанов Ербол. Қыр баласы қол созады аспанға // Атырау.– 2022.- 9
желтоқсан (№ 97).- 12 б.
13) "Меңдік атақ Дендербордың ұлы деген мәртебе!": тағзым // Dender.– 2019.-
18 қазан (№ 43).- 9 б.
14) Омарұлы Бауыржан. "Атырауға әкелер ме ем бір тауды..." // Атырау.–
2023.- 14 қараша (№ 91).- 8 б.
15) Омарұлы Бауыржан. Тау аңсаған Табыл // Atyray.– 2018.- 24 сәуір (№ 33).-
10-11 б.
16) Сағындыққызы Б. Табылдымен табысу ел - жұрты бард - ақынын
сағынышпен еске алды: Өнер // Атырау.– 2015.- 20 қазан (№ 118).- 11 бет
17) Сансызбайұлы С. Табыл әндері Мәскеуде шырқалды // Dender.– 2019.- 25
сәуір (№ 17).- 9 б.
18) Толағай боп тумадым деп өкінбе, Табылды боп туғаңына мың алғыс!:
тағзым // Дендер.– 2015.- 9 шілде (№ 27).- 8-9 б.
19) Ұзаққалиев С. Бард ақынды еске алды // Дендер.– 2015.- 10 желтоқсан
(№ 49-50).- 10 б.
20) Ұнатады шыңға көңіл шырқауды...: тағзым // Дендер.– 2022.- 9 желтоқсан
(№ 50).- 1, 8 б.
21) Халин Тілек. Өр рухтың адамы еді... // Dender.– 2019.- 20 маусым (№ 25).-
11 б.
22) Хас таланттар - тұғырында! // Dender.– 2019.- 25 қазан (№ 44).- 8-9 б.
Аронов Жеңіс
5 қыркүйек туғанына – 80 жыл (1945-2020)
Аронов Жеңіс 1945 жылы 5 қыркүйекте Атырау облысы, Новобогат ауданы, Забурын ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Балықшы ауданы, Дамбы селосында, 1964 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, өзі оқыған «Октябрьдің 40 жылдығы» мектебінде пионер вожатыйлықтан бастады. Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген.
1968-1971 жылдары Балықшы ауданы, Құрманғазы ұжымшарында комсомол комитетінің хатшысы, селолық клуб меңгерушісі қызметтерін атқарды. Облыстық, республикалық комсомол комитетінің мақтау грамоталарымен мараппаталды. Селолық клуб меңгерушісі, комсомол комитетінің хатшысы бола жүріп, өлеңдері аудандық, облыстық, республикалық баспасөз беттерінде жарияланды. 1971-1978 жылдары өзі оқыған мектепте (қазіргі Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп) мұғалім, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарды.
1978-1991 жылдары өнегелі еңбегі мен ауыл тұрғындары арасындағы беделді ұйымдастырушылық қабілетін ескеріп, Балықшы аудандық партия комитеті «Қызыл балық», «Құрманғазы», «Амангелді» колхоздарында партия комитетінің хатшысы қызметіне сайланды.
1991 жылы Балықшы ауданы әкімдігінің бөлім бастығы, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, аудандық тіл басқармасының бастығы болды. 1997 жылдан «Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім» басқармасында бас маман, 2003 жылы облыстық ішкі саясат басқармасында тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу бөлімінде қызметтер атқарды. Жеңіс Аронов – 2009 жылдан бастап зейнеткерлік демалыста.
2010 жылдан Ж.Аронов жетекшілік ететін «Аяз би» ауыл мәдениетін қолдау қоғамдық қорының жанынан «Атырау Жарық» АД Директорлар кеңесінің құрылтайшылығымен «Атырау өңірінің энергетигі» газеті жарық көрді.
2015 жылдан «Мерейлі мекен» республикалық қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық журналын ашып, Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы, «Мәңгілік ел» идеясы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларынан туындайтын міндеттердің республика өңірлерінде орындалуын жария етіп келеді.
2016 жылдан Атырау аймағындағы тұрғындар қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Атырау құтқарушысы» газетін жарыққа шығарды.
Ақын Жеңіс Аронов – Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі. Естеліктері мен көркем очерктері облыстық, республикалық басылымдарда жиі жарияланып келеді. 1995 жылы Атырау облысы әкімі мен мәслихатының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2004 жылы «Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері» атағының иегері атанды. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Құрмет грамотасымен наградталды.
Тұңғыш рет «Жалын» баспасынан «Балауса» (1975), «Көңіл әуендері» (1981), «Атырау айдыны» (1986), «Мерейлі мекен» (1990) өлең жинақтары жарық көрді.
2000 жылы «Жайықтың жайсаң самалы», 2004 жылы «Нұрсәуле» өлеңдер жинағы, 2005 жылы мұнайшылар әулеті жөніндегі «Доссор түлектері» атты тарихи естеліктері мен эсселері, 2006 жылы «Алдыңғы толқын ағалар» атты балықшылар әулеті жөнінде естелік-эсселері, 2007 жылы «Ана жүрегі», 2008 жылы «Атырау медицинасының шежіресі», «Азаматтық парыз», 2009 жылы «Майдангердің ұлы», 2010 жылы «Айналайын, Атамекен», 2014 жылы репрессия құрбаны, «Алаш» партиясын, кейін кеңестік қызметті ұйымдастырушы Аспандияр Кенжин – Ақ жолды аңсаған азамат», 2015 жылы Отарбай Молдағалиев туралы «Сағыныш» атты естеліктер жинағы, 2017 жылы «Мейрім шуағы» атты кітаптары жарық көріп, оқырман ықыласына ие болды.
Өзі құрған «Аяз би» ауыл мәдениетін қолдау қоғамдық қоры арқылы ауыл жастарының талант көздерін ашуда, дүниеден ерте кеткен ақын-жазушылрдың шығармаларын жастарға насихаттау жолында көп еңбек сіңіріп келді. 2010 жылы ақын, марқұм Күзембай Әміровтың өлеңдерін жинақтап, «Келеді көктем» атты кітап етіп бастырды. Ақынның өзі болмаса да артында қалған ұрпаққа таныстырып, туғанына 70 жыл толуына орай Исатай ауданында әдеби кеш ұйымдастырды.
«Аяз би» ауыл мәдениетін қолдау қоғамдық қоры Жеңіс Ароновтың басшылығымен баспа жұмыстарымен айналысады. 2016 жылы Базарбай Айтқалиевтің «Көктемнен күзге деин...», 2017 жылы Шанықұл Ноғайбайұлы туралы «Жарқын ғұмыр», 2017 жылы Валерий Шмунктің «Мир вокруг нас», 2017 жылы Базарбай Айтқалиевтің «Анамның жырын аңсадым», журналист Бақытжан Жұматтың «Адамдар. Жылдар.Тағдырлар» атты кітабы, көрнекті қылқалам шебері Шаймерден Сариевтің туғанына 80 жылдығына орай «Шаймардан шұғыласы», 2018 жылы өлкетанушы Мақсот Жолжановтың «Қазақ тарихы, тіл-әдебиеті мәселелері» атты зерттеу еңбегі, 2019 жылы өлкетанушы, зерттеуші Базар Әміровтің «Тарихи тұлғалар жаңғырығы» атты кітаптарды баспаға дайындап, жарыққа шығарды.
Жеңіс Аронұлы – өмірінің соңына дейін шығармашылық қызметі мен қоғамдық-саяси жұмыстарды қатар жүргізген еңбекқор жан. Ол «Аяз би» қоғамдық қорының жетекшісі ретінде тәуелсіз Қазақстанның қол жеткен жетістіктері мен Елбасының саясатын ауыл халқына, жалпы жұртшылыққа тұрақты насихаттап өтті.
Шығармалары:
1) Аронов Жеңіс. Айналайын, Атамекен!– Алматы, 2010.– 200 б.
2) Аронов Жеңіс. Ана жүрегі: естелік әңгімелер.- Алматы, 2007.– 173 б.
3) Аронов Ж. Аспандияр Кенжин - ақ жолды аңсаған азамат.– Алматы, 2014. –
144 б.
4) Аронов Ж. Балықшы даңқын арттырған - Құмар // Жеңісті жақындатқан
жандар.– Алматы, 2005. – 155-156 б.
5) Аронов Жеңіс. Доссор түлектері.– Алматы, 2005.– 304 б.
6) Аронов Жеңіс. Жайықтың жайсаң самалы: өлеңдер жинағы,ән-күйлер.–
Алматы, 2000.– 66 б.
7) Аронов Жеңіс. Мейірім шуағы: Төлеуғали Иманқожаұлы Қаршегенов пен
Зәйт Шөкелайұлы Шөкелаев туралы естеліктер мен эсселер жинағы.–
Атырау, 2017.– 208 б.
8) Аронов Жеңіс. Нұр сәуле: өлеңдер, әңгімелер, новеллалар.– Ақтөбе, 2003.–
240 б.– (Атырау Ақын-жазушыларының кітапханасы. Қазына 76-кітап) .
* * *
1) Аронов Жеңіс. Адамшылықтың алтын қазығы – адалдық // Атырау.– 2011.-
16 шілде (№ 85).- 15 б.
2) Аронов Ж. Айшықты "Айша бибі" // Алтын Орда.– 2006.- 25-31 тамыз
3) Аронов Ж. Ақ апа: Ұлы Жеңіске - 70 жыл // Атырау.– 2015.- 5 қыркүйек (№
99).- 15 бет
4) Аронов Ж. Ақ желең дәурен, жайсаң жыр ... // Алтын орда.– 2004.- 4 қараша
5) Аронов Жеңіс. Ақ желең дәурен, самал жыр... // Atyray.– 2019.- 1 қазан
(№ 77).- 11 б.
6) Аронов Ж. Алаштың азаттығын аңсаған Аспандияр Кенжин кім еді? //
Атырау.– 2013.- 22 тамыз (№ 97).- 10 б.
7) Аронов Ж. Арба соққан // Атырау.– 2013.- 1 маусым (№ 63).- 15 б.
8) Аронов Ж. Атамның даңқы ардақты: Соғыс ардагері Шамсутдин
Меңдешұлы Сәрсенов туралы // Мұнайлы Астана.– 2015.- 4 ақпан (№ 6).-
23 б.
9) Аронов Жеңіс. Әлемде баламасы жоқ тәжірибе // Atyray. – 2018.- 20 сәуір
(№ 32).- 3 б.
10) Аронов Ж. Балалықтан даналыққа дейінгі жол: Ұстаздық еткен жалықпас...
// Атырау.– 2006.- 11 қараша
11) Аронов Ж. Жеңіс күні // Мерейлі мекен. – 2015.- № 1.- 3 б.
12) Аронов Ж. Жеңіс күні: Ұлы Жеңіске - 70 жыл // Мерейлі мекен.– 2015.- №1
(1).- 3 б.
13) Аронов Ж. Ізгілік іздері: Тағылым // Атырау.– 2013.- 24 қаңтар (№ 8).-
11 б.
14) Аронов Ж. Кішкентай (толғау) // Атырау. – 2013.- 1 маусым (№ 63).- 15 б.
15) Аронов Ж. Кыдырбай Ищанов: славный сын Отечества // Прикаспийская
коммуна.– 2007.- 11 сентября
16) Аронов Ж. Қадірлі оқырман!: Саяси - қоғамдық журнал // Мерейлі мекен.–
2015.- №1(1).- 1 б.
17) Аронов Ж. Мой славный дед // Прикаспийская коммуна.– 2015.- 31 января
(№ 11).- С.7
18) Аронов Жеңіс. Өлкедегі жұқпалы аурумен күрес тарихы: Атырау
медицинасы - өткен ғасырда // Атырау.– 2020.- 28 сәуір (№ 35).- 20-21 б.
19) Аронов Ж. "...Өмірде ақындардың бәрі жалғыз..." // Атырау.– 2000.- 20
сәуір.- 4-5 б.
20) Аронов Ж. "... Өмірде ақындардың бәрі жалғыз...": Фариза Оңғарсынова
туралы // Алтын орда.– 2009.- 24-31 желтоқсан (№ 52).- 10 бет
21) Аронов Ж. Тәжіғара тағылымы: Ұлы Жеңіске - 68 жыл // Атырау.– 2013.-
7 мамыр (№ 52).- 6 б.
Ол туралы:
1) Әлімгереев Өтепберген. Атырау қаламгерлері.– Атырау, 2014.– 310, [1] б.
2) Ермеков Құрамыс. Ғылымның тарихы мен философиясы.– Атырау, 2009.–
462 б.
3) Жыр маржаны: он томдық қазақ поэзиясының антологиясы. Т.5.- Алматы,
2014.– 528 б.
4) Мұрағат деректері - халық қазынасы.– Алматы, 2004. – 273, [4] б.
5) Өтеғалиев Мәди. Атажұртым – ардақтым.– Атырау, 2019. – 201, [1] б.
6) Шәңгереев Ғарифолла. Атырау медицинасының шежіресі.– Алматы, 2010.-
303, [5] б.
* * *
1) Абай - дана, Абай - дара қазақта!: Ұлағат // Атырау.– 2020.- 18 ақпан
(№ 13).- 4-5 б.
2) Аронов Ж. Ақ апа: Ұлы Жеңіске - 70 жыл // Атырау.– 2015.- 5 қыркүйек
(№ 99).- 15 бет
3) Аронов Ж. Жеңіс күні: Ұлы Жеңіске - 70 жыл // Мерейлі мекен.– 2015.-
№1(1).- 3 б.
4) Аронов Ж. Қадірлі оқырман!: Саяси - қоғамдық журнал // Мерейлі мекен. –
2015.- №1(1).- 1 б.
5) Аронов Ж. "...Өмірде ақындардың бәрі жалғыз..." // Атырау.– 2000.- 20
сәуір.- 4-5 бет
6) Атырауские литература и журналистика понесли тяжелую утрату //
Прикаспийская коммуна.– 2020.- 3 июля.- № 53.- с.18
7) Дәрелұлы Т. Атыраулық қаламгерлер ауданымызда болды // Серпер.– 2013.-
30 мамыр (№ 22).- 5 б.
8) Дәулетбаева Әлия. Алтын желі тартылған күн // Мәдениет.– 2017.- шілде
(№ 7).- 8,9 б.
9) Жұмат Б. Жеңістің жайсаң жырлары: шығармашылық кеш // Атырау.–
2015.- 19 қараша (№ 131).- 4 б.
10) Кенжеахмет Өмірбек. "Өлеңмен сұлулықтың көркін көрем" // Атырау.–
2021.- 5 қаңтар (№ 1).- 8 б.
11) Куанышева М.И Осенью приходит рассвет... // Прикаспийская коммуна.–
2015.- 5 сентября (№ 99).- С.8
12) Муньянова С. "Доссор түлектері" // Атырау.– 2005.- 10 қыркүйек (№ 107).-
20 б.
13) Ниетқалиева Г. Шандоз жыр, жанартаудай жалынды өлең... // Атырау.–
2015.- 5 қыркүйек (№ 99).- 14 б.
14) Ниетқалиева Гүлзада. Жайықтың жайсаң самалы // Атырау.– 2021.-
5 қаңтар (№ 1).- 8 б.
15) Панабердиев С.Ж. Аронов: "Жеңіспен жігерленіп өстік: руханият // Нарын
таңы. – 2015.- 3 желтоқсан (№ 48).- 16 б.
16) Сұлтансиық С. "Алдыңғы толқын - ағалар": жаңа кітап // Атырау. – 2006.-
19 қаңтар
Ғұбайдуллин Өтеген
7 қыркүйек туғанына – 85 жыл (1940)
Ғұбайдуллин Өтеген 1940 жылы 7 қыркүйекте Атырау облысының Мыңтөбе деген жерінде дүниеге келген. Жастайынан туған анасы Медел мен ағасы Хисметолладан домбыра тартуды үйрене бастайды. Мектеп қабырғасында ұстазы Зәмзәм Есжановадан дәріс алды. Күй табиғатын терең түсінуіне, болашақта кәсіби музыка маманы болып өнер жолын қууына нағашысы, дауылпаз күйші Рысбай Ғабдиевтің ықпалы ерекше болды.
1959 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияның халық аспаптар факультетінің дайындық бөліміне оқуға түседі. Кәсіби тұрғыдан айналысуға толық мүмкіндік алып қазақ өнерінің ақсақалдары Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің дәрістерін тыңдау бақытына ие болды. Сондай-ақ атақты Мұхит әншінің шөбересі Құбыш Мұхитовтан домбыра аспабына маманданды. Кеңес Одағының бірінші музыка теоретигі саналатын «Гармония» оқулығының авторы Дубовскийдің өзінен дәріс тыңдауы, белгілі дирижерлер Алексей Ковальскийден, Шамғон Қажымғалиевтан, Фуат Мансуровтан, сондай-ақ аракідік домбырадан Әзидолла Есқалиевтан алған тәлімі – кәсіби шебер болуының айғағы.
2004 жылдан бастап Шымкенттегі Отырар университетінің «Музыкалық білім» кафедрасының меңгерушісі. Осы жылдары көптеген еңбектері – «Бозашы» (күйлер жинағы), «Домбырадан сабақ беру әдістемесі», «Жарқын тұлға» (академик А.Жұбанов туралы кітап), «Жас екпін» (партитуралар жинағы, «Қазақ ұлт аспаптар оркестріне арналған хрестоматия», «Құрманғазы күйлері» (жинақ), «Ұлт аспаптық музыканы дамытудың кейбір проблемалары» (мақалалар жинағы)жарық көріп студенттердің оқу процесіне толықтай пайдаланып жүрген еңбектер.
Сонымен қатар 70-80 жылдары түсірілген «Играет Утеген Губайдуллин» деген телефильм мен радиоға жазылған күйлер топтамасы бүгінгі күнде республикамыздың теле-радиосының алтын қорында сақталуда.
Домбырашы, дирижер, ұстаздық еңбектері жоғары бағаланып, 1985 жылы Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағы берілсе, 1995 жылы профессор ғылыми атағы, 2005 жылы Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториясының домбыра кафедрасының құрметті профессоры атағы берілді.
Шығармалары:
Сәрсенбаев Әбу
15 қазан туғанына - 120 жыл (1905-1995)
Әбу Сәрсенбаев 1905 жылы 15 қазанда қазіргі Атырау облысы Құрманғазы (Теңіз) ауданы Мақаш ауылдық округінің Алға ауылында дүниеге келген. 1929 жылы Астрахань кеңестік партия мектебін бітіріп, 1932-1934 жылдары Алматыдағы Комвузда оқыған. 1934-1936 жылдары «Түрксіб» газетінде редактор, 1936-1942 жылдары Қазақтың мемлекеттік баспасын басқарды. 1942-1947 жылдары Кеңес Әскері қатарында қызмет етіп, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947-1953 жылдар аралығында Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасының директоры болды.
Әдебиетке 1930 жылдардың орта тұсында келді. «Еділ толқыны» (1937), «Жүрек сыйы» (1938), «Ант» (1939), «Ақша бұлт» (1947) жыр жинақтары оның ақындық қарымын танытса, «Туған өлке» (1948), «Махаббат жыры» (1949), «Отан таңы» атты кітаптары Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы еңбек қаһармандарының бейнесін жасауға арналған. Оның прозалық шығармаларының ішінде Каспий теңізшілерінің қазіргі еңбегіне, өміріне арналған «Теңіз әуендері» (1969) романының орны ерекше болса, «Толқында туғандар» (1953) кітабында байырғы қазақ балықшы-жұмысшыларының ауыр тіршілігін шыншылдықпен бейнелейді.
«Арбасу» (Қ.Жұмалиевпен бірлесіп, 1948), «Теңіз махаббаты» (1975) атты пьесалары, «Әдебиет хрестоматиясы» (Е.Исмайыловпен бірге құрастырған, 3 сынып үшін, 1938), «Оқу кітабы» (үлкендер мектебіне арналған, 1941), «Ана тілі» (3 сынып үшін, 1948, 1959) атты оқулықтары жарық көрген. Әскери новеллалар мен эсселер жинақтары да бар. Шығармалары орыс, эстон, түрікмен, тәжік, болгар, т.б. тілдерге аударылған. А.Пушкин, М.Лермонтов, Ш.Петефи, Н.Некрасов, Фаиз шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Жазушының әдебиетке қосқан еңбектері еленіп, 1987 жылы Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілді.
Октябрь (Қазан) Революциясы, I дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
Шығармалары: Еділ толқыны. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1937; Жүрек сыйы. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1938; Ақмаралдың жүрегі. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1940; Ант. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1940; Ақша бұлт. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1948; Туған өлке. А., ОҚПМБ, 1948; Ақша бұлт (екінші басылымы). Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1949; Махаббат жыры. Өлеңдер мен поэмалар. А.,ҚМКӘБ, 1956; Миллиардтың ізімен. Жаңа өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1959; Жазылмаған кітап. Поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1962; Ақша бұлттар. Дастандар мен өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; Баспалдақтар, биіктер. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1971; Атырау сазы. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1975; Ақырғы гранаталар. Дастандар, балладалар. А., «Жалын», 1977; Маржан таулар жырлайды. А., «Жалын», 1982; Бес томдық шығармалар жинағының І–ІІ томы. А., «Жазушы», 1981–1984; Қасиетті махаббат. Дастандар. А., «Жазушы», 1987; Ақырғы граната. Балладалар мен дастандар. А., «Рауан», 1991; Ғасыр мен ғасыр беттессе. Жыр жинағы. А., «Арыс», 2002.
Проза: Сенің бақытыңды қорғағандар. А., ҚМКӘБ, 1950; Толқында туғандар. Роман. А., ҚМКӘБ, 1953; Офицер күнделігі. А., ҚМКӘБ, 1960; Капитан ұлы. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1961; Толқында туғандар (екінші басылуы). А., «Жазушы», 1965; Теңіз әуендері. Роман. А., «Жазушы», 1969; Жауынгер монологы. А., «Қазақстан», 1972; Батырлар ізімен. Әңгімелер, естеліктер, күнделіктер. А., «Жазушы», 1974; Таңдамалылар. Толқында туғандар. Роман. Офицер күнделігі. А., «Жазушы», 1975; Бес томдық шығармалар жинағы. ІІІ т. Толқында туғандар. Роман. ІV т. Әңгімелер, новеллалар. А., «Жазушы», 1983; Теңіз әуендері. Роман. Жауынгер монологы. Әңгімелер. V т. А., «Жазушы», 1984; Ұстаздар мен тұстастар. Естеліктер. А., «Жазушы», 1986.
Құбайжанов Бақтияр
10 қараша туғанына - 115 жыл (1910-1982)
Құбайжанов Бақтияр Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,Миялы ауылында дүниеге келген. Домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1954).
Өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастады. Белгілі күйші Есбайдың (тазбала) шығармаларын біздің заманымызға жеткізуші. 1935 жылы қазіргі Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі құрамына қабылданып, бас домбырада ойнады, кейіннен контрабас, домбырашылар тобының концертмейстері болды. Құбайжанов оркестр репертуарынан басқа «Нар идірген», «Ақсақ құлан», «Дөң асқан», «Қызыл қайың», «Өтті-кетті», «Теріс қақпай», «Шалқыма», «Ел айырылған», «Ақжелең» күйлерін (100-ге жуық) асқан шеберлікпен орындаған.
1936 жылы және 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінің құрамымен ҚХР-да (1950, 1957), Румынияда (1953), Венгрияда (1969), Польшада (1973), Финляндияда (1971) өнер көрсетті. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1949, 1950, 1954), медальдармен марапатталған.
Нәжімеденов Жұмекен
28 қараша туғанына – 90 жыл (1935-1983)
Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов - 1935 жылы 28 қарашада Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Қошалақ құмының Ашақ деген жерінде дүниеге келді.
Алғашқы өлеңі «Лениншіл жас» газетінде 1955 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Балауса» атпен 1961 жылы жарық көрді. Содан бергі уақыт ішінде ақынның «Сыбызғы сыры» (1962), «Өз көзімнен» (1964), «Жоқ, ұмытуға болмайды!» (1965), «Жарық пен жылу» (1966), «Күй кітабы» (1967), «Мезгіл әуендері» (1968), «Ұлым,саған айтам» (1970), «Қызғалдақ жайлы баллада» (1971), «Мен туған күн» (1972), «Жеті бояу» (1979), «Шуақ (1980), «Ашық аспан» (1981), «Темірқазық» (1982), «Қыран қия» (1984), «Менің топырағым» (1985), «Ұрпағым, саған айтам» (1988), «Мен тамырмын» (2001), «Қасірет пен қайсарлық» (2001), «Жаңғырық» (2003), «Менің Қазақстаным» (2008) атты өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарық көрді. Үш томдық өлеңдер мен дастандар жинағы 1996-1997 жж. , екі томдық өлеңдер жинағы 2005 ж.жарық көрді. 2010 жылы XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің озық үлгілі классикалық шығармаларының «Алтын қалам» сериясы бойынша өлеңдер мен поэмалар жинағы жарыққа шықты. 2012 жылы Ж.Нәжімеденовтың жеті томдық толық шығармалар жинағы «Қазығұрт» баспасынан жарық көрді.
Қаламгер проза жанрында да қажырлы еңбек етті. Оның қаламынан «Ақ шағыл» (1973), «Кішкентай» (1975), «»Даңқ мен дақпырт» (1977) атты романдар жарық көрді. Ақынның әңгімелері мен повестері, хикаяттары мен сын мақалалары топтастырылып, 2005 жылы «Аспан шақырады» деген атпен басылып шықты.
Ж.Нәжімеденов асқан күйші болатын. Оның «Күй кітабы» атты шығармасының негізінде 2006 жылы аудио-кітап жарыққа шықты. Аудиокітапта ақынның күй құдіретін түсіндірген өлеңдері және өнер қайраткерлерінің орындаған туындылары қатар өріліп, тыңдарманына тарту етілген.
Ақын 1963 жылы Москвада өткен Жас жазушылардың IV конференциясына делегат болып қатысты. 1967 жылы Ұлы Отан соғысындағы қасіретті жырлаған «Жоқ, ұмытуға болмайды!» деген дастандар жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Ж.Нәжімеденов - Атырау облысының Құрметті азаматы.
Жұмекен Нәжімеденов - 2006 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Әнұранының авторы.
2010 жылы «Менің Қазақстаным» атты өлеңдер мен дастандар жинағы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын иеленді.
Айы, күні белгісіз даталарға қысқаша анықтамалар, әдебиеттер
Бекет Мырзағұлұлы (Бекет ата)
Туғанына 375 жыл (1750-1813)
Бекет ата Мырзағұлұлы халық батыры, абыз-көреген, ағартушы, сәулетші. Туып, өскен жері Атырау облысы Жем өзені бойындағы Ақмешіт-Құлшан және Маңғыстау өңірі. Бекет ата жастайынан оқу-білімге құмартып, білім іздеген, өз еңбегімен күнелткен жігерлі, қайсар, ерекше дарынды, көріпкел, әулие адам болған. Хорезм бойындағы Пақыржан қажыдан оқыған. Бекет ата жер асты ғимараттарын қашап жасаудың ежелгі дәстүрін дамытқан сәулетші. Жем бойынан (Ақмешіт), Бейнеуден, Баялыдан, Оғыландыдан жер асты медресе-мешіттер жасап, бала оқытқан. Ел тәуелсіздігі үшін басқыншы шапқыншыларға қатысып, ақыл-кеңес беріп, қол бастаған. Бекет атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбек сүйгіштік, абыз-көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Адай елі өзінің ұранына айналдырған. Халық Бекет ата өмірін, оның қысылғанда жар болған ерекше қасиет-қадірін, әулиелігін ықыласпен әңгімелеп, ұрпақтан-ұрпаққа ұластырған. Бекет ата туралы аңыз-әңгімелер Орта Азия, Қазақстанның Батыс аймағындағы қазақтар арасына кең тараған. Бекет ата туралы әңгімелер Э.Эверсман, А.Дюгамаль сияқты Үстіртті зерттеуші ғалымдардың қаламына іліккен. Кеңес кезінде М.Меңдіқұлов, Ә.Кекілбаев, Е.Өмірбаев, Қ.Сыдиықов т.б.зерттеушілер жазған Бекет ата төрт ағайынды: Бәйтелі, Жайлау, Тоғай, Байнияз, Қодар.
Қашқынбай Қожамбетұлы
Туғанына 195 жыл (1830-1870)
Қашқынбай Қожамбетұлы Қызылқоға өңіріндегі Таз руынан шыққан жалпы алашқа белгілі ақын. «Айналайын Ыбыраш», «Әуелі сөз бастайын жүрген жайдан», «Дүниенің қызығы» атты шығармаларының өзі-ақ ақынның асқақ мінезі мен өткір тілін байқатады. Патшаның жандайшаптарына ұнамаған ақын үнемі қудалауға ұшырайды, амалсыздан туған жерден ығысып, Хиуа асып кетеді.
Дәненова Бәтіш
Туғанына 105 жыл (1920)
1920 жылы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Әнші-күйші. Есбайдың «Бөгелек», «Жас түлек», «Кербез қыздың жүрісі-ай», «Түйдек Ақжелең», «Шалқыма» күйлерін біздің заманымызға жеткізуші. Тоғыз жасында қолына домбыра алып, белгілі күйші Нұрғали Өміровтен шеберлік шыңдаған, Есбай күйлерін үйренген. Сонымен қатар Құрманғазы мен Дәулеткерей, Дина күйлерін де шебер орындаған. Кейін Ойыл театрына жұмысқа орналасып, батыс облыстардың біраз жерінде өнер көрсетеді. Бірнеше рет облыстық, республикалық байқауларда жүлдегер атанады.
Елеусінов Айбосын
Туғанына 85 жыл (1940-2019)
Елеусінов Айбосын 1940 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Мұнайшы, мемлекеттік қайраткер, жазушы, Журналистер Одағының мүшесі. Атырау педагогикалық институтын (1964), Алматы Жоғары партия мектебін (1979) бітірген. 1958-1959 жылдары – Доссор автожөндеу зауытында токарьдың оқушысы, токарь. 1964-1966 жылдары – 143-Ктұ директорының көмекшісі. 1966-1998 жылдары – «Мұнайшы» аудандық газетінде хат бөлімінің меңгерушісі, редактордың орынбасары, Мақат аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, компартияның аудандық комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Мұнайшы» газетінің редакторы, Доссор МАБ кәсіподақ комитетінің төрағасы, 2-Ктұ басшысы. 1995 жылдан «Доссормұнай» МГӨБ аудармашысы.
Көптілеуов Мұқан
Туғанына 80 жыл (1940-2005)
Көптілеуов Мұқан Сағыз стансасында дүниеге келген. Атырау өңірінде мәдениет ісін ұйымдастырушылардың бірі. ҚазМУ-ді бітірген (1965). Көптілеуовтің тікелей араласуымен облыста жас әншілер тәрбиелейтін «Мұхит мектебі» жұмыс істеді (1993). Жыл сайын облыста тұрақты өтетін «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Биік болсын шаңырақ» сынды халықтық мереке-сайыстарды ұйымдастырды. 1995-1999 жылдары Атырау университетінде ұстаздық етті.
АЙЫ МЕН КҮНІ БЕЛГІСІЗ ДАТАЛАРҒА ҚЫСҚАША
АНЫҚТАМАЛАР
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕСІ
16-17 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕЛЕРІ
1-2 қаңтар - Жаңа жыл
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні
21-23 наурыз - Наурыз мейрамы
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
7 мамыр - Отан қорғаушы күні
9 мамыр - Жеңіс күні
6 шілде - Астана күні
30 тамыз - Қазақстан Республикасының
Конституциясы күні
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК КҮНДЕРДІҢ ТІЗБЕСІ
10 қаңтар - Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы күні
15 ақпан - Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылған күні
1 наурыз - Алғыс айту күні
наурыздың
екінші сенбісі - Жерге орналастыру, геодезия және картография
күні
6 сәуір - Геолог күні
12 сәуір - Ғылым қызметкерлері күні
18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар
күні
21 сәуір - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет
қызметі күні
1 мамыр - Бірлік күні
4 мамыр - Халықаралық өрт сөндірушілер күні
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні
21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын
еске алу күні
мамырдың соңғы
жексенбісі - Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні
1 маусым - Балаларды қорғау күні
4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
күні
5 маусым - Эколог күні
6 маусым - Қаржы полициясы күні
21 маусым - Халықаралық әкелер күні
23 маусым - Полиция күні
23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні
маусымның
екінші жексенбісі - Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні
маусымның үшінші
жексенбісі - Медицина қызметкері күні
28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні
1 шілде - Домбыра күні
2 шілде - Дипломатиялық қызмет күні
9 шілде - Су шаруашылығы қызметкерлері күні
13 шілде - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
органдарының күні
шілденің екінші
жексенбісі - Балық шаруашылығы қызметкерлері күні
шілденің үшінші
жексенбісі - Металлург күні
шілденің төртінші
жексенбісі - Сауда қызметкерлері күні
тамыздың бірінші
жексенбісі - Көлік қызметкерлері күні
10- тамыз – Абай күні
тамыздың екінші
жексенбісі - Құрылысшылар күні
15 тамыз – Археологтар күні
18 тамыз - Шекарашылар күні
тамыздың үшінші
жексенбісі - Спорт күні
тамыздың соңғы
жексенбісі - Шахтер күні
29 тамыз - Семей полигонының жабылған күні
1 қыркүйек - Білім күні
қыркүйектің
бірінші жексенбісі - Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні
қыркүйектің екінші
жексенбісі - Отбасы күні
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні
28 қыркүйек - Атом саласы қызметкерлері күні
30 қыркүйек - Әділет органдары қызметкерлері күні
қыркүйектің соңғы
жексенбісі - Еңбек күні
қыркүйектің соңғы
жексенбісі - Машина жасаушы күні
1 қазан - Қарттар күні
6 қазан - Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні
7 қазан - Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні
қазанның бірінші
жексенбісі - Мұғалім күні
14 қыркүйек - Отбасы күні
18 қазан - Тамақ өнеркәсібі қызметкерлерінің күні
19 қазан - Құтқарушы күні
24 қазан - Кітапханашылар күні
25 қазан - Республика күні
26 қазан - Жүргізуші күні
қазанның үшінші
жексенбісі - Орман шаруашылығы қызметкерлері күні
қазанның соңғы
жексенбісі - Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні
29 қазан - Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
5 қараша - Сыртқы барлау күні
8 қараша - Статистика күні
15 қараша - Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының
қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
қарашаның үшінші
жексенбісі - Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні
6 желтоқсан - Прокуратура күні
10 желтоқсан - Адам құқықтары күні
12 желтоқсан - Кеден органдары қызметкерлерінің күні
желтоқсанның
үшінші
жексенбісі - Энергетик күні
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
7 қаңтар - «Рождество» мейрамы
Белгіленген кестеге сәйкес «Құрбан айт» мейрамы
ЕСІМДЕР КӨРСЕТКІШІ
МАЗМҰНЫ
Құрастырушыдан ........................................................................
ҚР-да, облысымызда аталып
және еске алынатын күндер тізбесі ...........................................3
Айы, күні белгісіз даталар ..........................................................11
Аталып өтілетін күндерге қысқаша
анықтама және әдебиеттер ...........................................................13
Айы, күні белгісіз даталарға қысқаша
анықтамалар ..................................................................................45
Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі ..........................49
ҚР-ның мемлекеттік мерекелері ...................................................49
ҚР-дағы мерекелік күндердің тізбесі ..........................................49
Діни мерекелер ................................................................................53
Есімдер көрсеткіші .......................................................................54
құрастырған: Сабирова Қ.Ш.
редактор: Измұханбетова С.С.
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми
әмбебап кітапхана, 2024