Абай жолы
Мұхтар Омарханұлы Әуезов
| Автор | Мұхтар Омарханұлы Әуезов |
| Санат | Қазақ әдебиеті |
| Жыл | 1942–1956 |
| Баспа | Қазақ мемлекеттік баспасы |
Аннотация
«Абай жолы» — қазақ және әлем әдебиетінің классикалық туындысы. Роман-эпопея ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевтың (1845–1904) өмірі мен шығармашылық жолын суреттейді.
Шығарма төрт томнан тұрады. Автор Абайдың балалық шағынан бастап, оның дүниетанымының қалыптасуын, орыс мәдениетімен танысуын, халқы үшін жасаған ағартушылық еңбегін және ақынның қайғылы өлімін эпикалық кеңдікпен суреттейді.
Роман 1959 жылы Лениндік сыйлықпен марапатталды. Орыс, ағылшын, неміс, француз және басқа да тілдерге аударылған. Қазақ прозасының шыңы саналатын туынды мектеп бағдарламасына енгізілген.