10.03.2020 ж.
«Абай – дана, Абай – дара қазақта»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы Атырау облыстық Әділет басқармасы мекемесінің мамандары назарына Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты кітап көрмесін ұсынды. Көрмеге шолу жасаған кітапханашы Байешева Ғалия Ұлы Абайдың көрмеге қойылған кітаптарын таныстыру барысында 1945 жылы Москва қаласындағы «Государственное издательство художественной литературы» баспасынан шыққан «Абай Кунанбаев» избранное және осы баспадан 1981 жылы «Абай Кунанбаев» избранное стихотворения, поэмы, слово-назидания, «Двадцать стихотворений на трех языках» (2008), «Н.Анастасьев «Абай»(2010), Г.Бельгер «Гармония духа»(2003), «Жүрегімнің түбіне терең бойла» (1995), «Қалың елім қазағым»(2006), «Хикмет кітабы» үш тілде, қара сөздер(2011), «Адам деген даңқым бар» үш тілде (2017), «Өлең - сөздің патшасы»(2006) кітаптарын әңгімесіне арқау етіп, оқуға ұсынды.
Мақсаты: Қазақ халқыныңәдебиеті мен мәдениетін әлемдік деңгейге көтерген ұлы Абайды мол мұрасын қалың оқырмандарға оқыту және насихаттау.