03.06.2020 жыл
«Адам құқығы – ең жоғары құндылық»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Адам құқығы – ең жоғары құндылық» тақырыбындағы кітап көрмесі бойынша онлайн ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Ата Заңымыздың айшықты беттерінен көрініс беретін кітаптар мен ақпараттық басылымдар оқырмандар назарына ұсынылды. Кітап көрмесімен таныстыру барысында «Қазақстан Республикасының Конституциясы», К.Жоламанның «Мемлекет және құқық теориясы», Г.Жайлиннің «Азаматтық құқық», Ж.О.Артықбаевтың «Қазақтың ата заңдары», С.Сартаева «Ар мен дар алдындағы сөз», К.Омархановтың «Қазақ елінің дәстүрлі құқығы», Ө.Ақыпбекұлының «Қара қылды қақ жарған», Қ.Еламановтың «Шаңырақ пен пырақ», Г.Сапаргалиевтың «Конституционное Право Республики Казахстан», «Конституционные законы Республики Казахстан», А.К.Абельдиновтың және О.К.Копабаевтың «Конституционное право зарубежных стран» және тағы басқа әдебиеттер туралы мағлұматтарды әңгімесіне арқау етті.
https://www.facebook.com/1699390660302451/posts/2676419725932868/
Мақсаты: Қазақстан РеспубликасындағыАта Заңның, мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы мен тарихы туралы әдебиеттерді насихаттай отырып, Ата Заңды және мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.