09.03.2023 ж.
«Адамзаттың бесігі» кітап көрмесі
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында жерге орналастыру, геодезия және картография күніне орай «Адамзаттың бесігі» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды. Кітапханашы Алмажай Аманқұлқызы оқырмандарды құрылыс кезінде кездесетін ізденіс, жобалау және пайдалануға байланысты А.Игильмановтың «Инженерлік геодезия» атты кітабымен («Фолиант», 2010), М.Нұрпейісованың «Геодезиялық және маркшейдерлік аспаптар («Фолиант», 2013), орыс тілінде О.Д.Климовтың «Практикум по прикладной геодезии («Альянс», 2008), П.Н.Бруевичтің «Геодезия» («Недра», 1985), сондай–ақ жерге орналастыруға байланысты Т.Жанұзақтың «Жер-су атаулары» («Өнер», 2011), Д.Жүнісовтің «Сулы, нулы Жетісу» («Арыс», 2006), С.Ләмбекұлы «Қарқаралы» («Фолиант», 2011) және т.б. әдебиеттермен таныстырды.
Мақсаты: Оқырмандарға жерге орналастырудың мәні, жобалау және жоспарлау, жерді қолдану және қорғау жайында түсініктеме беру.