1.03.2021 ж.
«Алғыс айтам Қазақ еліне»
Алғыс айту күні - бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына, негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. 1-наурыз - Алғыс айту күніне орай Достық Үйінің бастамасымен Ғ. Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Алғыс айтам – қазақ еліне» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Қайыржанқызы Хаменова қатысып, алғыс күнінің мән-мағынасына тоқталды. Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстарының мән-маңызының күннен –күнге кең сипат алып келе жатқанын атап айтты. Шара барысында келушілер назарына этномәдени бірлестіктер өкілдері өлкеміздегі әр түрлі ұлт өкілдерінің қолөнер бұйымдарын ұсынды. Шарада Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің өнерпаздары көпшілікке домбыра шанағынан төгілген әсем күймен көтеріңкі мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шараға қатысушылар назарына кітапхана қызметкерлері София Рамазанқызы мен Аяулым Ғайнеденова «Алғыс – ризашылық пен терең тағзым белгісі» атты кітап көрмесімен таныстырды. Кітап көрмесін таныстыру барысында Н.Назарбаевтың «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы» «Тағдырлары табыстырған халықпыз», «Народы Казахстана», «Дагестанцы в Казахстане», «Атырау этностары», және т.б. әдебиеттер бойынша мағлұматтарды әңгімелеріне арқау етті. Сондай-ақ, мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған Алғыс айту күнінің мәні мен әлеуметтік және ақпараттық-идеялық маңызы туралы мақалалар жайында әңгімеледі.
Шараға қатысушылар елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған осы мереке туралы ойларын ортаға салып, еліміздегі ұлттар достығын әңгімелеріне арқау етті.
Мақсаты: Алғыс айту күнінің әлеуметтік және ақпараттық-идеялық маңызы туралы оқырмандар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
https://www.facebook.com/1699390660302451/posts/2907967102778128/