16.11.2024ж.
«Ауыл шаруашылығы – келешек кепілі»
Қазіргі кезеңде Қазақстанның жалпы ішкі өнімі көлеміндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің үлесі айтарлықтай. Ауыл шаруашылығы адам тіршілігіне қажетті азық-түлік өндіреді, мал шаруашылығы мал азығымен және өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығы негізін жасыл өсімдіктер құрайды, сондықтан олар ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі құралы болып табылады.
Кітапханашы кітап көрмесімен таныстыру барысында ауыл шаруашылығының негізгі салалары туралы мағлұмат берді. Сонымен қатар, егіншілік және оның заңдылықтары, агрохимия, мелиорация, өсімдік шаруашылығы, яғни ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиясы негіздері жайлы айтылған әдебиеттермен таныстырды.