13.02.23
«Қазақ өнерінің саңлағы»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында күйші, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтайдың туғанына 75 жыл толуына орай «Қазақ өнерінің саңлағы» тақырыбында әдеби сазды сағат ұйымдастырылды. Шараға №35 орта мектебінің оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатынасты. Шәміл Әбілтай 1948 жылы 24 ақпанда Атырау облысы, Индер ауданы Толыбай ауылында дүниеге келген. Күйші сазгер Алматы консерваториясын (1972) жылы бітірген. 1972-1985 жылдары Республикалық филормонияда күйші-лектор, 1985-1988ж. қазақ радиосы музыка редакциясының бас редакторы, 1988 жылдан шығармашылық жұмыста. Жеке аспапта орындаушылардың Бүкілодақтық байқауының және Қазақстан жастар сыйлығының лауреаты. «Ұларым», «Бір ауыз сөз», «Күй ата» т.б. ән-күйлердің авторы.
Шара барысында кітапханашы қазақ өнерінің көгінде сап алтындай болып күй өнеріне деген сүйіспеншілігін елдің алдында жеткізе білген, тек күй өнері ғана емес, сазгер болып та ұмытылып бара жатқан күйшілерді және олардың күйлерін қайта жаңғыртуға да зор үлес қосқан Шәміл Әбілтай туралы мағлұмат берді. Шара соңында сазгердің өмір жолы шығармашылығынан сұрақтар қойылып «Ұларым» атты әні оқырмандар назарына ұсынылды.
Мақсаты: Композитор Шәміл Әбілтайдың өмір жолы мен шығармашылығын оқырман қауымға насихаттау болып табылады.