12.04.2023 ж.
«Қазақстан – ғарыш қақпасы»кітап көрмесі
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 12 сәуір – Халықаралық авиация мен ғарышкерлер күніне орай «Қазақстан - ғарыш қақпасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандар назарына қазақ жерінде космодром құрылысына арналған очерктер енгізілген «Байконур» (Жазушы,1987), А.Ф.Молчановтың «Космическая гавань» (1982), сондай-ақ авиацияға, сонан соң космонавтикаға барардағы жолдың қиындығы, космонавт мамандығы туралы жазылған В.А.Шаталовтың «Ғарыш жолы – қиын жол» (Қазақстан,1987), Қ.Ө.Бектасовтың «Әуелеп ұшқан жылдарда» (1995), орыс тіліндегі В.Шаталовтың «Люди и космос» (Молодая гвардия, 1975), А.Николаевтың «Космос – дорога без конца» (Молодая гвардия,1974), Н.П.Каманиннің «Летчики и космонавты» (1971), сонымен қатар, ұшқыш-ғарышкер, Ресей Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы Талғат Мұсабаевтың өмір жолына арналған С.Қабиқызының «Талғат Мұсабаев» (Қазақстан, 2010) және орыс тілінде «Открытый космос Талгата Мусабаева» (Фолиант, 2020) және т.б. әдебиеттер ұсынылды.