КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

18.08.23

«Бейбарыс: тарих пен тұлға» әдеби кеш

Осыдан жарты ғасырдай уақыт бұрын оқырманға төгілген жыр шумақтарымен танылған, кейін қазақ әдебиетінде қара сөздің зергері атанған академик жазушы Зейнолла Қабдоловтан «Қасыммен жырын қайраған ақын» деп әділ бағасын алған көрнекті ақын, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Аманқос Ершуовтың туғанына 80 жыл толуына орай Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Бейбарыс: тарих пен тұлға» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Кешті ақынның аяулы қызы ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Еуразия Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Маржан Аманқосқызы Ершу жүргізді.

Шараға өлкеміздің зиялы қауым өкілдері, профессор, саясаттанушы және өнер иелері қатысып, көрнекті ақын туралы ой-толғамдары мен естеліктерін бөліссе, кеш қонағы жырау Демеубай Жолымбетов Аманқос Ершуовтың «Бейбарыс» поэмасын жырлады, ақынның бұл поэмасы үш түн ұйықтамай жазылған шығарма. Бұл туралы туынды авторының қызы Маржан Аманқосқызы шара барысында кеңірек тоқталды.

Сонымен қатар «Ақ жаңбырын құяды өлең – кеудем» атты кітап көрмесі жасақталып, арнайы видео көрсетілді.

https://m.facebook.com/atyraulib.kz?eav=AfYF_lFl0oHVL8PZRtopVSXEgjwM4bZr00bS_OhZREo5QsqCvUDOnIXNZLNTTvIUxrk&paipv=0

 

В честь 80-летия со дня рождения выдающегося поэта, отличника образования РК, кавалера ордена «Знак Почета» Аманкоса Ершуова в областной научной универсальной библиотеке им. Г. Сланова был организован литературный вечер «Бейбарыс: тағдыр мен тұлға».

Полвека назад его стихи получили хорошую оценку от академика и писателя Зейноллы Кабдолова. Академик назвал поэта «Қасыммен жырын қайраған ақын».

В качестве гостя участвовала и провела вечер дочь поэта поэтесса,  переводчик, член Союза писателей Казахстана, член Евразийского Союза писателей, лауреат Международной премии Алаш  Маржан Ершу.

В мероприятии приняли участие представители интеллигенции нашего края, профессор, политолог и искусствовед, которые поделились своими мыслями и воспоминаниями о выдающемся поэте, а гость вечера жырау Демеубай Жолымбетов спел поэму Аманкоса Ершуова «Бейбарыс», поэму поэта, написанную без сна три ночи. Об этом в ходе мероприятия рассказала дочь автора произведения Маржан Аманкоскызы.

Кроме того, была оформлена книжная выставка и  показан специальный видеоролик «Ақ жаңбырын құяды өлең – кеудем».

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер