КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

23.05.2022 ж.

«Білім нәрін сепкен, тәрбие дәнін еккен» 

 

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы Ыбырай Алтынсариннің әдеби мұрасы бойынша «Білім нәрін сепкен, тәрбие дәнін еккен»  тақырыбымен әдеби-танымдық сағат ұйымдастырылды.

Шараға Ы.Алтынсарин атындағы №11 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.А.Абилхамитова,  Ф.Досымова атындағы №12  орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Қ.Таласпаева қатысып Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына кеңінен тоқталды. Аталмыш мектептің 6 және 7 сынып оқушылары шара барысында Ұлы ағартушының «Кел, балалар оқылық», «Өнер, білім бар жұрттар», «Өзен» өлеңдерімен қоса «Қарға мен құрт», «Әке мен бала», «Түлкі мен ешкі», «Таза бұлақ»  т.б. мысалдарын мәнерлеп оқып, мазмұны мен мағынасын ашып, талдап ой-пікірлерімен бөлісті. Шара соңында кітапханашы Ы.Алтынсариннің өнегелі өмір жолы туралы әдебиеттер мен рухани мұрасынан жасақталған кітап көрмесі бойынша әдеби шолу жасады.

Мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын насихаттау арқылы, оқырмандарды кітап оқуға қызығушылығын қалыптастыру, адамгершілікке, өнегелілікке баулу.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0edYjVmwsgzR2K7KChoyMLoUWPAi4CdAkbTeDJwpNsfWncptcZ34N1mgBQC6vzzS2l&id=1699390660302451

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер