28.04.2022 ж.
«Бірлік. Достық. Ынтымақ»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай, 1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күніне «Бірлік. Достық. Ынтымақ» тақырыбымен ақпараттық-танымдық сағат ұйымдастырылды.
Кітапхана басшысы С.С. Измұханбетова қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі, түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырып, татулықты, бірлікті дәріптейтін мейрам екенін айта келе шара қонақтарына жылы лебіз білдірді.
Айтулы мерекені атап өту мақсатында Атырау облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім»коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Джылқышиева Ляззат Кеңесқызы, Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Артур Яхуда, Қоғамдық көпшілік шараларды ұйымдастыру және этномәдени бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бас сарапшысы Есова Надежда Байкубеновна және Татар халқының бірлестігі «Татулық», Өзбек ұлтының бірлестігі «Ынтымақ», Әзірбайжан ұлтының бірлестігі «Новруз», Кәріс ұлтының бірлестігі «Тхонъиль» өкілдері қатынасып, қазақстан халықтарының достығы жайлы сыр шертісіп, бұл мерекенің мәні мен маңызы туралы ой бөлісті.
Халықтар достығы тақырыбына жасақталған кітап көрмесімен оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Курманбаева Ботакоз таныстырды.
Мақсаты: Қазақ халқының қонақжайлылығымен, кеңпейілділігінің көрінісіндей сан ұлт өкілдерінің достығы туралы әдебиеттерді ризашылығын, алғысын білдіретін күн ретінде атап өтіп, кітапхана қорындағы әдебиеттерді оқырмандарға насихаттау.