17.08.23
«Болашаққа үміт, жастарға сенім»
Бүгін Отбасы аллеясында «Кітаппен өткен жаз қызық» жазғы оқу жоспары аясында «Болашаққа үміт, жастарға сенім» тақырыбымен еркін форматта тренинг өткізілді.
Кеш қонағы бизнес коуч, психолог, мотиватор, полиглот Динара Рахмет оқырмандарға тіл үйренудегі лайфхактарды, бизнеске бағыт және жеке бренд қалыптастырып, адам қабілетін шыңдаудағы әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Кеш барысында оқырмандар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар қазақ және орыс тілдеріне аударылған әлемдік бестселлер кітаптар насихатталып, жанды дауыста ән де шырқалды.
Кеш қонағы Динара Рахмет пен кешті әсем әуенмен әрлеген Ізбасарға кітапхана атынан естелік сыйлық тарту етілді.