1.11.2019 ж.
Буккроссинг
Ғ. Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен, Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен, "Атырау адалдық алаңы" Жобалық кеңсесімен бірлесіп "Өзің оқы да, өзгеге ұсын" тақырыбындағы буккроссинг акциясын ұйымдастырды. Кітапханашылар Г.А.Сисен, Ж.Байымбетова оқырмандарға «Буккросинг» тарихы туралы мәлімет беріп, кітап көрмесіне қойылған және өздері әкелген кітаптармен кітап алмасты.
Мақсаты: Оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу, оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту.