02.03.23
«Дала, сенің ұлыңмын»
Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында ақын Жарасқан Әбдірашевтің туғанына 75 жыл толуына орай «Дала, сенің ұлыңмын» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.
Жарасқан Әбдірашев 1948 жылы 7 наурызда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел аулында дүниеге келген. Әдебиетіміздің дамуына үлкен үлес қосқан ақын, сатирик, аудармашы, сыншы, журналист, қоғам қайраткері.
Кітап көрмесіне автордың «Найзағайлы жаз» 1971, «Дала, сенің ұлыңмын» 1978, «Летние грозы» 1985, «Әзілің жарасса» 1989, «Соғыстан соң туғандар» 1993, «Парыз, парасат, пайым» 2001, «Құлпытас» 2017, «Қалдырған ізің мәңгілік» 2018 кітаптары қойылды. Сонымен қатар «Жазушылар әлемі» 2003, Ә.Кекілбайұлы «Жиырма томдық шығармалар жинағы» 2019, Т.Молдағалиев «24 томдық таңдамалы туындылар жинағы» 2016, Т.Медетбек «Шығармалары. 6-том» 2020, Т.Жұртбай «Жансар» 2020, «Қазақстан жазушылары: XX ғасыр» 2004 кітаптары және мерзімді басылымдар қойылды. Кітап көрмесінен оқырмандар автордың еңбектері мен автор туралы сыни әдебиеттерді оқи алады.
Мақсаты: Оқырмандарға жазушы, ақын Жарасқан Әбдірашевтің шығармаларын кеңінен таныстырып, насихаттау.