Әдебиет әлемінің бір бекеті
Кітапханада ақын, жазушы, Махамбет сыйлығының иегері Бекет Қарашинннің туғанына 70 жыл толуына орай «Әдебиет әлемінің бір бекеті» атты тақырыппен жыр кеші ұйымдастырылды.
Атыраулық қаламгер Бекет Қарашин өз халқының талантты ақыны. Ол өзіндік ой-пікірі бар зерттеуші, тілтанушы, ақын, жазушы ретінде қалыптасқан адам. Оған қоса туған өлкесінің табиғатының жанашыры – эколог мәртебесінің де иегері. Осындай әмбебаптық қасиеті оның шығармашылығынан да орын алары сөзсіз. Ақын өзінің рухани күшімен таңдандыра отырып, оқырмандарды шексіз кезеңдерге, алыс қияндарға саяхатқа жетелейді. Оның өлеңдері ой мен әрекетке, еркіндік үшін күресетін адамзат жаратылысына арналған.
Кешке Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Шет тілдерді оқыту әдістеме кафедрасының аға оқытушысы Тлеугалиева Айман Таймановна және педагогика ғылымдарының магистрі Мұхан Таңшолпан, тәлімгер Туленова Гүлзада қатынасып, студенттер ақынның «Я казах небесный тюрк», «Стихи о стихах», «Отчаяние» және аудармалары «Славный войн Махамбет», «Я оставил свой Нарын» т.б. өлеңдерін оқып, пікір алмасты.