08.11.2022 ж.
«Деректерді сөйлеткен»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 8 қараша – Статистика күніне орай «Деректерді сөйлеткен» тақырыбында жылдам көрме ұйымдастырылды. Кітапханашы оқырмандармен сұхбат барысында статистика саласы арқылы әрбір қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын, статистикалық деректер арқылы бүкіл мемлекеттік құрылыстың тыныс-тіршілігін, құлдырау кезеңдерін және олардың нақты себептерін айқын көруге болатынын айтты. Оқырмандар назарына статистиканың жалпы мазмұны мен мәні, статистикалық әдістері туралы айтылған Қ.Жолаеваның «Статистика» («Фолиант», 2014), Ы.Әміреұлының «Статистиканың жалпы теориясы» («Экономика», 1998) орыс тілінде И.Елисееваның «Моя профессия-статистик» («Финансы и статистика», 1991), А.Садыкова «Статистика» («Фолиант», 2007), «Государственная статистика Казахстана: принципы организации и развития статистической деятельности» («Алматы», 2006) және т.б. әдебиеттер ұсынылды.