19.04.2023
«Еңбегімен елге танылған»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Жансарай» жобасы аясында, «Еңбегімен елге танылған» тақырыбымен ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Атырау облысының құрметті азаматы Ирзағалиев Қосыбек Салтанатұлымен кездесу кеші өтті.
Автордың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик пен кітап көрмесі жасақталып, оқырмандар назарына ұсынылды.
Кездесу кешіне ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик Таубаев Бақытбек Жұбандықұлы және осы саланың ардагерлері Абдошев Елемес, Талтенов Ахат, Уалиев Бораш, Дюсегалиев Мұхит және Қазақсанның Құрметті журналисі Жаңабаев Төлеген қатынасты.
Ғалымның еңбегі мен іс-тәжірибесін тыңдап, мағлұмат алу үшін О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің ауыл шаруашылығы мамандығының студенттері, мұғалімі Нұғыманова Айғаным Күресқызымен қатынасып, мал шаруашылығының қазақ халқының өмірінде маңызды саланың бірі екені, соның ішінде Қосыбек Салтанатұлы зерттеген қой малын асылдандыру жұмыстарының болашағы бар екенін, ел экономикасының өркендеуіне елеулі үлесі барын атап өтті.
Мақсаты: Қазақ халқының өмір-тіршілігінің ажырамас бөлігі мал шарушылығы болса, соның ішінде қой малының орны ерекше. Осы салада елеулі еңбек еткен ғалым Қосыбек Ирзағалиевтің зерттеу жұмыстары мен кітаптарын оқырмандарға кеңінен насихаттау.