12.02.2021 ж.
«Бір ел-бір кітап-2021»: Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында 2021 жыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап ұсынылған еді. Оның ішінде аудармалар бағыты бойынша Эрик Мария Ремарктың «Аманат өмір» атты повесін таныстыру мақсатында ақпарат сағаты кітапхананың фейсбук, инстаграмм парақшалары арқылы әлеуметтік желідегі пайдаланушылар назарына ұсынылды.
Шара барысында кітапханашы жазушының өмірі жайлы мағұлмат бере отырып, барша оқырман қауымға арналған «Аманат өмір» повесінің басты кейіпкерлері жөнінде әңгімеледі. Эрик Мария Ремарктың суреткерлік- көркемдігі әр алуан. Бұл повестте оның бас кейіпкерлері Лилиан, Клерфе арқылы адамның сезімдері бейнеленеді. Аударманы таныстыруға арқау болған 2010 жылы «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясы бойынша, «Аударма» баспасынан шығарылған 520 беттік кітап. Сонымен қатар кітапханашы осы аударманы орыс тілінен аударған Әдетов Бекболат жөнінде біраз мәліметтер берді.
Мақсаты: Оқырмандар арасында өз орнын тауып келген «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының аудармалар бағыты бойынша берілген Эрик Мария Ремарктың «Аманат өмір» атты повесін таныстыру. Жазушының өмірі және шығармасы жөнінде оқу мәдениетін дамыту.