08.12.2022
«Ерлік пен махаббат жыршысы»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың 100 жылдығына орай «Ерлік пен махаббат жыршысы» атты тақырыппен кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ә.Нұршайықов журналистік қызметпен қатар әдеби жұмыспен де айналысты. Жазушының шығармашылық стилі біртіндеп қалыптасып, 40 тан астам кітап шығарды. Оның ішінде «Алыстағы ауданда» 1956, «Тың астығы» 1958, «Ертіс жағасында» 1959, «Жомарт өлке» 1960, «Өмір өрнектері», «Қаламгер және оның достары» 2000, т.б. еңбектері бар. Автор соғыс жылдарында «Әскери күнделік» жүргізген. Ол соғысқа барған күннен, елге оралғанша соғыс жайын, соғысқа бірге аттанған жолдастарының қазасы туралы жазып отырған.
Кітап көрмесіне автордың: «Махаббат жыры» 1964, «Менің Қазақстаным» 1967, «Махаббат қызық мол жылдар» 1970, «Ақиқат пен аңыз» 1976, «Автопортрет» 1977, «Коммунист туралы сөз»1982, «Екі естелік»1985, «Мәңгілік махаббат жыры» 2005, «Боздақтар» 2005 және жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы Ш.Елеукенов, Ш.Құмарова «Ғасыр нұры», Қ.Әлім «Махаббат жыршысы», Ә.Ыдырысов 4 том және т.б. оқырмандар назарына ұсынылды.
Ә.Нұршайықовтың шығармашылығына жасақталған көрмеге Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің физика-математика факультетінің студенттері: Ерғазиева Жанна, Ідрісова Ақниет және Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру» факультетінің студенттері: Искакова Аксана, Қоныспайқызы Дильнара, Марал Айсұлу, Мерғали Сабина, Әділхан Назерке, Махсот Дильназ қатынасып, автордың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы бойынша ой бөлісіп, пікір алмасты.
Мақсаты: Қазақ документтік прозасының негізін қалаушы, махаббат пен ерлік иесі Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларын кеңінен насихаттау.